Бүгін қандай күн?

19 қараша

Қазақстанда он айда 71,2 млн тонна мұнай мен газ өндірілді

Қазақстанда 2017 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 107,5% құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен мәлім етті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, металл кендері мен көмірдің өндірісі артты. Атап айтқанда, аталмыш аралықта мұнай өндірісі (газ конденсатын қоса алғанда) - 71,2 млн тоннаны, мыс кендері - 81,2 млн тоннаны, ұн - 3,4 млн тоннаны, бензин - 2,6 млн тоннаны, дизельдік отын - 3,7 млн тоннаны, тазартылған мыс - 0,3 млн тоннаны және электр энергиясы 83,7 млрд кВт сағатты құрады.
 
 
Сондай-ақ тамақ өнімдері, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті.
 
Онымен бір мезгілде, темекі өнімдерінің, резеңке және пластмасса бұйымдарының, компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдердің өндірісі төмендеді.
 
Өндіріс көлемінің артуы республиканың 14 өңірінде байқалды.
 
Дереккөз: inform.kz

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.