Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі наурыз мерекесі

Бүгін Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Көктем және еңбек мерекесі» атты іс-шара өткізілді. Шара «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын негізге ала отырып, мектеп тәрбиеленушілері мен қызметкерлері арасында ұлттық мәдениетті насихаттау, ұлтаралық татулық пен келісім құндылықтарын дәріптеуді мақсат етеді.

Мектеп ұжымында аталған шара биыл кең ауқымда өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің  баспасөз хатшысы Ануар Жаманқұловтың айтуынша, батыс өңірінде наурыз мерекесі басқа өңірлерге қарағанда ерте басталады. Көне деректерге сүйенсек, наурыз мейрамы 2 ай көлеміне дейін созылған. Осыған орай, мектеп ұжымы бір айға жуық уақыт көлемінде наурыз мерекесін атап өткен. Осы дәстүрді бүгін «Қозы көрпеш -

Баян сұлу» мерекесіне орай аяқтады.

Сондай-ақ, шара барысында  бүгін тұңғыш рет зияткерлік мектебінің оқушылары, ұстаздары және ата-ананың қатысуымен айтыс ұйымдастырылды. Қазақтың суырып салма өнерін жаңғыртып, балалардың ана тіліне деген құрметін арттыруды көздеген бұл шараға өңірдегі бірқатар компаниялар демеушілік көрсетіп, жеңімпаздарды анықтауға зиялы қауым өкілдері шақырылды.

Әбілқайыр Бимырза, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті:

-Бүгінгі ұйымдастырылған шара көңілімнен шықты. Себебі, айтысты мен бала кезімнен жақсы көремін. Осыған дейін бірнеше айтыстарға қатысқан болатынмын. Ал менің бүгінгі қарсыласым айтысқа бірінші рет шығып отыр. Бұл мектепте алғаш рет ұйымдастырылып отырған айтыс өнері әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймын.

Сонымен қатар, «Көктем және еңбек» мерекесінде «Сұлу шаш» сән байқауы, «Көктем шашуы» мерекелік концерті, «Дастархан KZ» ұлттық тағамдар фестивалі «Толағай» эстафеталық-спорттық ойындары және «Жасыл Атырау» тал ағаштарын отырғызу акциясы өтті. Бұл жобалар Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп жүзеге асырылған. Байқауда қыз балалардың ұлттық шаш қою мәдениеті көрсетіліп, мерекелік концерттер қойылды. Ұлттық тағамдар фестивалінде көп этносты мемлекетімізде тұрып жатқан халықтардың дәстүрлі аз мәзірлері ұсынылды.

Азирбаев Қазбек, Информатика пәнінің мұғалімі:

-Жалпы, бүгін бізге жүктелген міндет әр мемлекеттің тағамдарын дайындап көрсету болған. Біз Италия ұлтының ұлттық тағамдарын дайындап әкелдік.  Тек дастарханды дайындап қана қоймай оның мәдениетін, халқын зерттеп көптеген мағұлматтар жинадық.

«Толағай» эстафеталық ойындары шараға қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, олардың арасында спортқа қабілетті жандардың арасында асық ату, қазақша күрес, арқан тартыс жарыстары өткізілді. Шара соңында мерекеге жиналған қауым арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.