Дарынды балаларға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» атты өлкетану экспедициясы өз жұмысын осыдан бір апта бұрын басталған болатын. Оқушылар патриоттық бағытта тәрбиелеуге арналған жобаға Өскемен және Астана қалаларынан 30-ға жуық оқушы қатысты. Қос аймақтан келген дарынды жастар Атырау облысының тарихы мен мәдениетімен жақын танысып, жиырмадан астам тарихи орындарға барды. Айта кетейік, бұл жоба Алаш қайраткерлерінің рухына арналып, "Алаш ізімен" тақырыбында жүзеге асады.
«Атырауды бұрын мұнайлы өлке деп білгенімізбен, бір апталық экспедиция барысында толықтай танысып өттік. Атыраудың халқы қонақжай, әрі қаласы әдемі. Бірақ кемшіл тұстары бар. Мәселен, тарихи мекенге қатынайтын жол нашар. Оны дамытсақ, туристер үшін пайдалы болары анық»,-дейді жас зияткерлер.
Сондай-ақ, брифингте жас ғалымдар Ш.Сариев атындағы өнер музейіне, Махамбет пен Малайсары кеселеріне, тарихы мекен Сарайшық қаласына барғандарын айтып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы қоқыстың көп екендігін, тауарлардың бағасының қымбат екендіктерін де айтып өтті.
Абдуғалиева Жанат, қатысушы:
-Назарбаев зияткерлік мектебінің жобасы қазір еліміздің әр өңірінде өтуде. Біз экпедиция барысында біраз дүниелермен таныс болдық. Жаңа достар кезіктірдік. Бұл жобаның бізге берері мол.

Comments (0)