Какой сегодня день

24 июня

«Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы» кітаптың тұсауы кесілді

Кеше Атырау облысында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» туралы кітаптың тұсауы кесілді. Бұл кітапта жаназа рәсіміндерін еліміз бойынша бір жүйеге келтіру мақсатында жазылған. Мұсылман қауымды жинаған бұл шара зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Атырау облысының қажылар қауымдастығының мүшелері, Атырау Иманғали мешітінің имамдары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шараны өзінің құттықтау сөзімен  облыстық  ардагерлер ұйымының төрағасы Қатимолла Ризонұлы бастады:

-Қазір еліміздің әр өңірінде жаназа мәселесін әркім өз бетінше түсініп, әрқалай орындап келеді. Ал бұл кітапта жаназа мәселесіне қатысты сауалдарға сұрақ таба аласыз. Алдағы уақытта кітапты кәдіге асырушылар көбейіп, халыққа пайдасы тиеді деп ойлаймын, - деді.

Діни істер басқармасының орынбасары Қаһарман Рахметұлының айтуы бойынша, дін істері мәлесі жөніндегі арттыру үшін мешіттің жанынан аналар мектебі ашылған. Сонымен қоса, кітапта жазылмай қалған дүние көп болғандықтан, 2-ші томы жарыққа шығатындығын да айта кетті.

Кітаптың ашылу рәсімінде жиналған қауымға керек мағлұматтар оқылып, сыйға тартылды. Ал кітапты Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітінің ауласындағы кітап дүкенінен сатып ала аласыз. Бағасы: 800 теңге.

- Кітап мәйітті жуындыру мен кебін кигізу, жерлеу рәсімдері секілді бірнеше бөлімдерді қамтиды. Сондай-ақ, әр облыстағы бас имамдарға жамағаттан келіп түскен өзекті сұрақтар да осы кітапта қамтылған. Ал кітапты құрамы 15 адамнан тұратын ғұламалар кеңесі дайындады,-деді "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.