Бүгін қандай күн?

20 қараша

«Жігіт сұлтаны» жобасының жеңімпазы кім?

Бүгін бір айға созылған «Жігіт сұлтаны» байқауы өз мәресіне жетті. «Жігіт сұлтаны» жобасы − «Атырау» арнасы мен Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің бірлескен жобасы. Байқау төрт кезеңінде жігіттер сыры мен сымбатын, бойы мен ойынын арттырып, іріктеуден сүрінбей өтіп, абыройлы атақ үшін іріктеліп алынған. Додада облысымыздың әр қиырынан келген қатысушылар өз дәрежесінде өнер көрсетті.

                                                                                                           

Роллан Құспан, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері  басқармасының басшысы:

− Қазақта мыңнан тұлпар жүзден жүйрік жігіттер көп. Міне, осындай жігіттеріміздің басын біріктіріп, оларды өнерге, мәдениетке, спортқа бағыттау бұл сайыстың басты мақсаты. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық кодымыз туралы айтқан болатын.  Ұлттық код дегеніміз − біздің мәдениетіміз,тіліміз бен дініміз. Осы құндылықтарымызды білмей біз болашаққа қадамымыз нық болмайды. Кешегімізді біліп, бүгінге қадам басу үшін осындай сері жігіттеріміз секілді жастарымыз мәдениетімізді өркендетуді бүгіннен бастау қажет. Жүрегі қазақ деп соққан әр жанның өзінің қасиетті борышы деп ойлаймын. Бүгінгі шара көңілімізден шықты. Тартысты бәйге болды. Әділ қазы ретінде жеңімпаз әділ түрде анықталды деп ойлаймын.

                                                                                                                 

«Жігіт сұлтаны» байқауының серілері байқау кезінде  білімдерін шыңдау мақсатында қазағымыздың салт-дәстүрінен де хабардар екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, жігітке жеті өнерде аз деген қағиданы ұстанған 8 сері өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікті тәнті етті. Серілердің мықтысын саралаған, жігіттердің тектісін даралаған, Атыраудың сұлтанын бағалаған бұл сайыстың жеңімпазы, Қытай елінен келген Атырау және мұнай газ университетінің 3 курс студенті Қызырәлі Ербатыр атанды.

                                                                                       

Қызырәлі Ербатыр, жеңімпаз:

- Төрт бөлімнен тұратын бұл сайыс шыны керек оңайға соқпады.  Сайыс барысында көптеген қиындықтар кездесті. Бірақ қазақтың намысын қорғайтын азамат болғаннан кейін шыдау қажет. Бастапқыда қатысу мүлдем ойымда болмады. Десе де, қатысуды жөн деп тауып,  бүгін нәтежиесін көріп отырмыз.

Осындай сайысқа қатысқаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға және мені осы сайыстың жеңімпазы болуға лайықты деп тапқан әділ қазы алқасына алғысымды білдіремін.  


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.