Нұрай Халықаралық турнирдің жүлдегері атанды.
Таеквондодан ҚР жастар құрама командасы Франция астанасы Париж қаласында өткен «French Open 2018 G2» xалықаралық турнирінде 1-алтын, 1-күміс 2-қола жүлдені иеленді.
Ұлттық құрама сапында атыраулық таеквондошы Хусайнова Нұрай 63 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Нұрай алғашқы кездесуінде Франциялық қарсыласын 17:5 есебімен ұтты. Жартылай финалда америкалық қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.
Айта кету керек, спортшымыз биыл Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен «JEJU KOREA OPEN International Taekwondo Championships 2018» Халықаралық турнирінде жүлдегер атанған болатын.