ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Нұрлыбаев Жеңіс Азия чемпионы атанды

Просмотров - 885
16.07.2018
13-14 шілде аралығында Ақтау қаласында Джиу-джитсу спортынан ересектер арасындағы 3-ші Азия чемпионаты өтті. Айтулы жарысқа 20-елден 400-ге жуық спортшы қатысты.

Атыраулық спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медальға ие болды. Азия чемпионы атанғына Джиу-джитсудың файтинг түрі бойынша сынға түскен Нұрлыбаев Жеңіс қол жеткізді. Ол 56 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Айта кету керек, Жеңіс жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болып табылады.

Одан бөлек комбат түрі бойынша Аманжолова Азиза мен Бисалиев Тыныс күміс жүлдеге қол жеткізді. Ақжігітов Əлішер(Комбат), Қарасаев Дастан(файтинг), Ихсанов Ануарбек(Неваза) және Уткелбаев Берік(файтинг) үздік үштіктен көріне алды.
Расскажи друзьям
Читай так же