ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

ОЛЖАС МОЛДАҒАЛИЕВ СИНГАПУРДА ТУЫМЫЗДЫ КӨТЕРДІ

Просмотров - 612
23.06.2017

12-16 маусым аралығында Сингапур елінде ММА спортынан ашық Азия чемпионаты өтті. 15 елден келген 66 шебер Азия құрлығының үздігі атағына таласты.

Қазақстан ММА құрамасы 8 салмақ дәрежесінде 9 спортшымен ел намысын қорғады. Жалпы, нәтижеде ел құрамасы 3 алтын медаль еншіледі. Соның бірі − Атыраулық спортшы Олжас Молдағалиевқа тиесілі. Кеше жеңімпазды жерлестері қошеметпен күтіп алды. «Zhasatyrau» порталының тілшілері де чемпионды жеңісімен құттықтап, Азия чемпионатыдағы жеңісі туралы сұқбат алған болатын.

− «Бұл менің жеңісім емес, бұл бүкіл қазақ елінің жеңісі. Алдымен, осы жеңісіме жетуге негізгі себепші болған Берғалиев Бауыржан және Қабдиев Манап бапкерлеріме, Атырау облысы ММА федерациясының вице-приезиденті Болат Бащжанов ағама үлкен рахметімді айтамын.

Алғашқы кездесуімде Аустралия спортшысымен кездестім. Үш раунд бойы шайқасып дегеніме жеттім. Қарсылас оңай болған жоқ. Екінші кездесуде Ұлыбританиялық спортшымен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта қылғындыру әдісімен ұттым.Үшінші ақтық сында Швед спортшысымен жолықтым. Оны төрешілердің бірауыз шешімімен ұттым.

Бұл Халықаралық додалардағы менің алғашқы үлкен жетістігім. Жеңіске жеткен сәттегі сезімді айтып жеткізу өте қиын. Ендігі мақсатым − Бахрейнде өтетін әлем чемпионатында жеңіске жету», − дейді Олжас.

Айта кетейік, Сингапурде өткен Азия чемпионатына Атырау облысы атынан қатысқан Олжас Молдағалиев пен Шабхатов Жаһар барлық іріктеу кезеңінен өтіп, ұлттық құрама сапына алынды. Атырау облысы ММА Федерациясының вице президенті Болат Бащжанов айтуынша, биылғы Азия чемпионаты IMAF нұсқасы бойынша алғаш рет өтіп отыр. Жалпы, Қазақстан құрамасы жарыста өте жақсы нәтиже көрсетті. Үш спортшымыз чемпион атанған.

Расскажи друзьям
Читай так же