ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Өміріме әсер еткен 10 кітап

Просмотров - 134
09.04.2018

«Өміріме әсер еткен 10 кітап» айдарының келесі кейіпкері  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  3 курс студенті Нығметова Дана. Ол бала күнінен ертегілер мен атасының кітапханасындағы кітаптарды оқып тәрбиеленген.  Ендеше,  Дананың оқуға кеңес беретін 10 кітабына көз жүгіртейік.                                                                                                

Егер мен кітап оқымасам рухани тұрғыдан құлдырауға ұшырап сөздік қорым, ой өрісім кеміп қалғандай болып тұрады. Кішкентайымнан аңыз әңгімелер мен ертегілерді ауыз екі тілде тыңдап кейіннен оқуға деген қызығушылығым туындап, роман, повест,әңгімелер оқып бастадым. Кітапты әр түрлі жанрда оқығанды ұнатамын. Өйткені ес білгелі кітапқа құмар болдым.  Достарым ойынның артынан жүгірсе мен кітапханаға қарай жүгіретін едім. Қазіргі таңда кітапқа деген қызығушылығым өзімді тәрбиелеуге, адам болып жетілуіме жетелеп келеді. Кітап ол адамның рухани байлығы деп түсінемін.                                                                                             

Кристина Хигер: «В темноте» 

Польшаның Львов қаласында еврейлерді жаппай қырып жою басталған кезде, 12 ер адам,7 әйел адам және 2 кішкентай бүлдіршін  жер астына канализацияға түсіп,сол жерде жарықсыз,шектеулі азық-түлікпен,бір-біріне деген жеккөрушілікпен,бірақ «аман қалу»ортақ арманымен 424 күн өмір сүреді. Бұл оқиға маған қаншалықты бейбіт, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды, айналамдағылардың шуағы мен маxабаттарын қадірлеп-қастерлеуді, барға қанағат қылып, шүкіршілік етуді ұмытатынымды есіме салды және соған бағыттады.                                                                                 Стейс Крамер: «Мы с истекшим сроком годности»

Оқиға 17 жастағы Джина есімді жасөспірім қыз (өз ақымақтығанан немесе тағдырдың жазуымен мәңгіге мүгедек арбасына таңылып қалады. Осы сәттен бастап оның өмірі 360 градуска өзгереді. Жаңа дәптер жабылып,ақ парақтан жаңа өмір,жаңа достар,жаңа мақсат және таңғажайып оқиғалар орын алады. Кейіпкерлердің өмірі ешқашан,ешқандай жағдайда тағдырға мойынсұнбауды,қиындықтардан қорықпауды,болашаққа нүкте қойып өз-өзінен тыйылмауды мақсат етеді. Романнан сіздің жақсы әсер алатыныңызға сенемін, өзіңізді сәл де болса әлсіз,түкке тұрғысыз ретінде сезінсеңіз,сізге осы кітапты оқуға кеңес беремін.

Джаннет Уолсс: «Дикие лошади. У любой истории есть начало» 

 Америкалық жазушы,журналист Джаннет Уоллстың бұл шығармасында өз әжесі Лилидің тағдырының ауыр болғандығын: бірнеше су тасқыны( біреуінде інісі мен сіңілісін құтқарған),құрғақшылық пен улкен депрресиияда тіпті жолдасының сатқандығы секілді бірнеше оқиғаның өрбуі  көрсетеді. Соған қарамастан басты кейіпкер Лилидің  мінсіз сипаты,табандылығы,өз мақсаттарына жетуге ұмтылған қыңырлығы қатты ұнады. Бұл кітапты оқып болғаннан кейін автордың 22 тілге аударылған бестселлері «Замок из стекла» романын оқуға кеңес беремін.                                                                                                   

 Даниел Киз: «Цветы для Элджернона» 

 Автор шығармада тек «умственно отсталый» адамның сезімдерін ғана емес,сондай ақ оның өмірге,қоршаған орта,айналаның,қоғамның оған деген көзқарасын суреттеп берді.Туындыға бей жай қарап,оны оқу кезінде ешкандай эмоцияға берілмеуі мүмкін емес.

Ли Куан Ю: «Сингапурское чудо»  

Ли Куан Ю- «үшінші әлемнің» ең кедей қаласы Сингапурды ең бай және дамыған мемлекетке айналдырған сингапурдың бірінші премьер-министрі,»сингапурдың эконмикалық ғажайыбы» дәл осы адам- сыбайлас жемқорлық, этносаралық және конфессияаралық шиеленісті төмендету,қираған жердегі жаңғыртуларды сәтті жүргізу сияқты мүмкін емес істерді жасады.Дарынды саясаткер өз елінің жағдайын ғана емес басқару тиімділігі жөнінде әлемдік көрініс жасады.Кітап мақалалардан,пікрілерден,сұxбаттармен түрлі материалдардан тұрады. Егер сізді саясат немесе басқарушылық қызықтырса,осы кітапты оқуыңызға болады.                                                                                                 

Майн Рид:  «Всадник без головы» 

Автор Ридтің бұл романы өзіндік ерекше стилімен,кейіпкерлерді,табиғатты суреттеу кезінде тым әдемі ,бай,түсінікті тілмен жазылған детектив жанрындағы мистикалық элементтерге ие керемет туынды. Шытырман оқиға кітаптың соңғы беттеріне дейін еріксіз еліктіреді.Сізге не туралы және кандай мотивте екенін анық айтпай,өзіңізге оқуға кеңес беремін. Себебі,оқиға жұмбағын шешу кезінде фантазияңызға қарай сізде мүлде басқа,тұлғалық ой тууы ықтимал.

Марк Мэнсон: «Тонкое исскуство поxуизма: порадоксальный способ жить счастливо» 

Шындығында бұл кітаптың бірінші бетінен қателіктеріммен кемшіліктерімнің астын түртуді соңғы бетіне дейін жалғастырдым. Кітап біткенде кемшіліктерімді жоюды,артық энергияны құртпауды,уақытымды тиімді пайдалануды,өз эмоцияңа ие болуды,айналаға шуақ нұрын шашып тек жақсылықтарды күтіп,жамандықтардың болатынынан қашпай,бақытты кішкентай нәрседен іздеп, ешқашан армандауды тоқтатпау керектігін үйрендім. Позитивті тәжірибеге ұмытылудың өзі негативті тәжірибе.Породаксальды түрде негативті тәжірибені қабылдау- позитивті тәжірибе.

Стивен Кин: «Кэрри»

Бірнеше жылдар бойы Кэрриде телекинез дарыны бір күні ояну үшін тығылып жатады.Сол күні жаңа англияның провинциядағы кішкентай қаласы «өлі қалаға» айналады». Стивенг Кингтің бұл трагедиялық туындысының байланысы мен шиеленісі қызықты әрі қорқынышты суреттеледі. Кез-келген оқиғадан ой түйіп,өмірлік маңызы аса жоғары ұстанымға ие болу,түсініктің ширақтылығы деп білемін. Сіздің ширақтылығыңыз бұл жанрдан қандай ой түйеді екен?

Пауло Коэльо: «Алхимик»

Мәнді ойлар түйілген,қызықты сюжеттерге толы пәлсапалық кітап. Арманынан бас тартпай,максатқа жетер жолында аянбай енбек қылуға, бастысы,қалағаныңнан қай кезде де, еш бастартпауға үндейді.

                                                                                    
Уильям Голдинг: «Повелитель муx»

Бұл кітап адамзат құндылықтарымен  адамгершілік қасиеттер туралы. Сюжет желісі бойынша соғыс уақытында ұшақтың жарылыс салдарынан елсіз аралда, Англиядан көшірілген балалар тобы калып қояды. Баланы бейкүнә  ретінде алатын болсақ,ер жете келе ол қасиет жойылады.Ал бұл аралда болып жатқан қатігездік қоғамда күнделікті орын алуда, сол себепті бұны автордың жеткізгісі келген ойы деп қарастырдым.

 

 

 

Расскажи друзьям
Читай так же