Отандық тарихи сериалдардың таныстырылымы Алматыда өтті
Бүгін Алматыда Мемлекеттiк хатшы Қ.Көшербаев, ҚР Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, медиаменеджерлер, зиялы қауым өкілдері мен журналистердің қатысуымен 9 тарихи телехикаялардың таныстырылымы өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» мақаласында аталған салаға айрықша басымдық берді. Президент мақаласында «Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын» деген болатын» — деді шараның ашылуында ҚР Мемлекеттiк хатшысы Қырымбек Көшербаев.