ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Ой-өрісіңізді өзгертетін 8 әрекет

Просмотров - 357
04.08.2018

Әлденені ойлап өз ойыңызды есепке ала алмай жүрсіз бе? Сан саққа жүгірген ойлардан қалай тыныштық табарыңызды білмей жүрсіз бе? Олай болса біз сіздердің назарларыңызға өміріңізге әсер ететін кеңестерді ұсынамыз.

Алдымен әрекет етіңіз, содан кейін ойланыңыз:
Жаңылыс естімедіңіз, әрекетіңізді өзгертсеңіз, ой өрісіңізде сол бағытта жұмыс жасайды. Тұйықтау мінезді тұлға бола тұра өзгеремін десеңіз, келесі кеңестер сізге арналған. Адамдармен ашық жарқын сөйлескіңіз келсе, мен өте сыпайы адаммын деп миыңызды сендіре бермей жай ғана қиындықта достарыңызға көмектесіңіз. Алғаш танысқан адамға жол беріңіз. Ал тіптен белсенді болам десеңіз — еріктілер тобына кіріңіз. Мейірімді жандардың қатарынан көрінгіңіз келсе — алдымен қайырымдылық жасаңыз, түпкі сана-сезіміңізбен сеніңіз.

Қорқыныштарыңызға тура қараңыз:
Деніңізді тітіркендіретін фобияңызбен бетпе-бет келсеңіз — өзіңіздің қорқынышыңызды жеңе алатын ерік жігерлі қырыңыздан көресіз. Өзіңізге қолайлы жерді тауып — әрекет етіңіз. Тіпті бұл әдісті ғалымдарда құптайды.

Жүрісіңізді,бет әлпетіңізді жақсартыңыз:
Ғалымдардың зерттеуіне сенсек : кез-келген адам айналасындағы адамдардың іс-әрекетіне, бет мимикасына қарай түсінуге тырысады. Мәселен, күнделікті жиналыс күліп отырған адамдармен өтсе — барлығы ойдағыдай, ал қабақ шытқан жандардың арасында өтсе -демек бұл бас қосудың деңгейі төмен дәрежеде дегенді білдіреді. Егер сөйлескен адамыңыз бас изесе біз оның құптағанын ал керісінше басын шайқаса келіспегенін айтпай-ақ түсінеміз. Түпкі түйсігіңіздің түбегейлі өзгергенін қаласаңыз -мимикаңызбен іс-әрекетіңізді өзгертіңіз.

Қиялға ерік бермеңіз:
Кез-келген жұмысыңызға арнайы көңіл бөліңіз. Уақытыңызды алған жұмысыңыздан пайдалы нәрсеге алмасаңыз сол кезде, сіздің ойыңыздың басқа әлемде жүргенін дәлелдейді. Басты назарда әрдайым — сіздің іс-әрекетіңіз соны ұмытпаңыз.

 Ерекше болыңыз:
Өз ерекшелігіңізді айқындап, дәл сол адам болыңыз. Өзіңізді де, өзгені де сендіру үшін әрекет етіңіз, қимылдаңыз .

Өз рөліңізде ойнаңыз: 
Барлығын кейінге шегеремін деген жаман әдеттен арыламын десеңіз,соны жеңген адамдай болыңыз. Өзіңіз алғашқы қадам жасамай, басқаларға үлгі болу қиын.

Өзгемен бөлісіңіз:
Қоршаған адамдардан қолдау тапқыңыз келсе өзіңізге құнды деген нәрсемен бөлісіңіз. Өзге адаммен,жақын доостарыңызбен. Бұл басқалармен байланысыңызды айқындайды.

Келісімге келіңіз:
Адам өз еркімен жұмыс таңдап , өз таңдаған уақытта бітірем десе соған ұмтылады. Ал оған таңдауға көп ұсыныс түсседе, ол өз таңдаған ойынан қайтпайды. Әрдайым өз таңдауыздға берік болыңыз.

Автор: Аяулым Исабаева

Расскажи друзьям
Читай так же