ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Паразиада ойындарындағы 9-шы медаль

Просмотров - 99
11.10.2018

Қазақстандық дзюдошылар Паразиада ойындарының командалық сынында қола жүлдегер атанды.
Парадзюдодан командалық жарыс мәресіне жетті. Атыраулық бапкер Жандос Қиянов жаттықтыратын ұлттық құрама қола жүлдеге ие болды.

Алғашқы кездесуде балуандарымыз Иран еліне жол берген болатын. Дегенмен жұбаныш белдесуде Индонезия құрамасынан басым түсті. Қола жүлде үшін таласта дзюдоның бастау алған отаны саналатын Жапон елінің өкілдерін жеңді.

Ұлттық құрама сапында алты спортшы сынға түссе, оның үшеуі атыраулықтар: Ануар Сариев, Темірболат Ташекенов және Дәлет Теміржан.

Бұл дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының Паразиада ойындарындағы алғашқы тарихи жүлдесі болып табылады.

Айта кету керек, спортшыларды қолдау мақсатында Атырау облысы парадзюдо федерациясының президенті Асылбек Өмірзақов та барған болатын.

Расскажи друзьям
Читай так же