Бүгін қандай күн?

20 қараша

6 жасар Расул мектепке барады

Қолдарына гүл ұстап, жүздері бал-бұл жанған оқушылар, толқулы ұстаздар мен бір топ ата-ана. Бүгінгі күннің ең әдемі көрінісі. Міне, күздің алғашқы күндерімен қатарласа жаңа оқу жылы да басталды. Әрине, білім күні − мектеп табалдырығын аттағалы отырған әр оқушы мен ата-ана үшін де қуанышты мейрам. Олар жаңа өмірдің баспалдақтарын аттап, сыңғырлаған алғашқы қоңыраудың үнін естиді. Осынау мереке қарсаңында «Жас Атырау» ұжымы 1 сынып оқушысы Расул Хайролланың алғашқы қоңырауға қалай дайындалғанына куә боп қайтты.

Біздің бүгінгі кішкентай кейіпкеріміз − Расул 6 жаста. Ол Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп гимназиясының 1 сынып оқушысы. Оқуға құштар батыр таңертең ертемен тұрып, алғашқы қоңырауға дайындалды.

Атасы Хайролла мен әжесі Алманың тұңғыш немересі Расулдың мектепке баруы олар үшін үлкен той. Бүгінгі күннің қаншалықты маңызды екендіктерін жеткізіп, бізбен қуаныштарымен бөлісті:

−Немеремнің мектепке баруына біз бір ай уақыт көлемінде дайындалдық. Тамыз айында "тілашар" тойын жасадық. Немеріміз елгезек, оқуға құштар. Дайындық курсынан өткен кезде де сабаққа өздігінен дайындалды. Оған біз үлкен үміт артамыз. Білім жолында биік белестерді бағындырады деп сенемін. Мүмкіндігімізше, мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз еттік. Енді сабаққа атасы екеуміз апарсақ, ата-анасы Расулдың оқуына көмектеседі, − дейді Алма Тегісбайқызы.

Анасы Лунараның айтуынша, Расулдың оқу құралынан бөлек, мектеп формасына 50 мыңның көлемінде қаражат кеткен. Атасы Хайролла: «баламыз өте зерек. Бізді білмейтін көп дүниелерімізден хабардар етеді» дейді. Сонымен, Расул сөмкесіне оқу құралдарын салып, мектепке аттанды.

Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп гимназиясы қаладағы үздік оқу орындарының бірі болғандықтан, ата-анасы осы мектепті таңдаған. Бүгінгі күні бұл білім ордасында 150 оқушы 1 сыныпқа барса, Расул − солардың бірі. Біздің кейіпкеріміз мектепке кіре сала алғашқы ұстазына гүл шоқтарын ұсынды.

Міне, тағатсыздана күткен алғашқы қоңырау салтанаты да басталды. Мектеп директорының міндетін атқарушысы Досжан Балтабекұлы үздік оқушылардың жетістіктерімен таныстырып өтті. Ал Расул болса, өлең шумақтарын оқып, алғашқы қоңырауды соқты.

Өскенде полицей қызметкері болуды армандайтын балдырғанның талабы таудай, оқуға деген құлшынысы зор. Алғашқы қоңырау аяқтала салысымен, мектеп партасына отыруға асықты.

P.S: Бүгінгі күнді Расул секілді қаншама бүлдіршін ерекше толқыныспен, мектеп партасына жайғасты. Қолына қалам алып, жазуды үйренеді. Өмірдің жаңа парақтарын бастаған бүлдіршіндердің жолдары әрдайым ашық болсын! Білім күнімен «Жас Атырау» ұжымы да сіздерді құттықтайды!!!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.