Бүгін қандай күн?

19 қараша

Атырауда иппотерапия әдісі жанданады

Елімізде ауыр дертке шалдыққан балалардың саны артып келетіні жасырын емес. Оны бізде күн сайын әлеуметтік желілерден де байқап жүрміз. Қазір  түрлі диагноз қойылған бұл сәбилердің өмірі қыл үстінде тұр. Олардың дертіне шипа тауып келген «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев балаларды дәрімен емес, иттердің көмегімен емдейді. Осыдан 4 жыл бұрын «канистерапия» деп аталатын әдісті қолданған дәрігер емнің қыр-сырымен бөлісті.

 «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігі 2013 жылдың сәуір айында құрылған. Әкімдік қолдауының арқасында қоғамдық бірлестіктің орталығы ашылып, науқастарды қабылдай бастады.

«Канистерапия» – итті пайдалану арқылы емдейтін терапия түрі. Итпен серуендеу – күнделікті өмірде қозғалысы аз адамдарға және гиподинамияға қарсы тамаша ем. Сондай-ақ, жүрек-қан тамыр ауруларының мүмкіндігін азайтады.

Балаларды қуантқан төбеттер

Осы уақытта орталықта келген 300-ге жуық балалардың 80-85 пайызы мүгедек жандар. Зит, Федя, Форбс атты үш ит орталыққа келген емделушілерді әртүрлі тәсілмен емдейді. Мәселен, Форбс сөйлей алмайтын балаларды жақсы көрсе, төсек тартып жатқан балаларды Федя емдейді. Жарты сағаттың көлемінде баланың қасында ойнаса, ит тұрғанда қатты әлсірейді екен. Ал керісінше, бала екпе салдыртқандай, бойында ерекше күш пайда болатын көрінеді.

− Өте тәжірибелі, сапалы білім беретін Мәскеу қаласында оқып келіп, әртүрлі елдерден келген дәрігермен кездескенде канистерапия балаларға әртүрлі нәтиже берген. Бұл әдістің өзіндік ерекшелігі мен түрлі тәсілі бар. Біз оның ең қиын жолын таңдаған екенбіз. Әлі де бұл емді пайдалана түссек, көп науқастың аурының алдын алуға көмектесуге мүмкіндік болар еді, − дейді Ерлан Күмісқалиев.

Канистерапияның орталыққа келушілерге тигізген ықпалы көп. Айта кетсек, ДЦП дертіне шалдыққан 5 жасар Ернұр ата-анасының көмегінсіз дәретке отыра алмапты. Ал ол үшін ата-анасы амалсыздан дәрі ішкізуге мәжбүр болған. Орталыққа келе сала, екі-үш курстан кейін оның жағдайы жақсарып, қазір мектепке барып жүр.

 Бұл әдіс тоқтатылды

Ем алған кезде иттер баланың ішек-құрылысын, қол-аяғын да жалайды. Сондықтан, алдын-ала науқастың ата-анасынан рұқсатын алады. Әуелі, баланың көзіне итті ақырындап үйрете бастайды екен.

Ерлан Күмісқалиев:

«Біздің елімізде ауру балалар қаншама?! Сондықтан, мен осы методиканы терең зерттеп, ғылыми жұмыспен айналысуды қолға алуды ойлаймын. Ашылғанына 5 жылдай уақыт болып қалса да, осы кезге дейін ешкімнің есігін қағып көрмедім. Қол ұшын созғысы келетін жандар өздері келіп, азғантай болса да, қалтасындағы қаражатын тастап кетеді. «Біз сіздерге көмектесе отырып, өзімізді бақытты сезінеміз», − дейді».

Бұл иттердің тұқымдары сирек. Сегіз күшіктен, тек екеуі ғана емге жараған. Канистерпияның ерекшелігі − емді жасағың келсе, күшікті енесінен ерте айыруы керек.

− Екеуін өз қаражатыма сатып алдым. Әрине, бұл өте маңызды. Өз балаларымдай қарап, бір елі жанынан ажырамадым. Сол себепті, олардың мінез-құлқын  жақсы білемін. Басқа иттің тұқымдарын ұсынып көргендер болды. Алайда, мен оларды балаларға жақындата алмаймын-деп әңгімесін жалғай түсті.

− Өкінішке орай, қырқүйек айынан бастап, емнің бәрін тоқтаттық. Өйткені, иттеріміз пайдалы болғанымен, зиянды тұсы да бар. Оны қолға ұстап, тамағы мен дәрісін берудің өзі қомақты қаражатты талап етеді. Әрі балаға да зиян тиюі мүмкін. Иттерде робот емес қой. Оларға да күш керек. Сұранысты барлығын қанағаттандыру үшін бізде иттер жетіспейді.

Ерлан әңгіме арасында орталықтың коммуналдық шығындарды өз қаражаттарына төлеп отырғандығын, жағдайдың аса мәз емес екендігін де айтты.

 Диетаны төрт ереже бойынша ұстайды

Қазір бұл дертке шалдыққан балалардың 70 пайызы диета ұстау арқылы сауыққан. Диетаға неге көңіл бөлу керек? Өйткені, жаңадан өсіп келетін сәбиге тамақ құрылыс материалы секілді. Оларға көп тағамдарды жеуге болмайды.

− Баланы кез-келген жерге апарғаннан сауықпайды. Ата-аналар өздерінің деңгейлерінде адамдардың пікіріне құлақ асумен ғана жүре береді. Мысалы, сенің балаңды жазып беремін, маған мынадай қаражат төле десе, ата-ана сол қаражатты тауып беруге әзір. Несие алады, үйін сатады. Ақырында сұраған қаражатын тауып береді. Білесіз бе, мұндай жағдай кей отбасылардың арасында ұрыс тудырып, ажырасып кетеді. Ондай жағдайда орын алған. Анасы баласына жаны ашымаса, ол бала өмір бойы төрт қабырғаға таңалып қалады ғой. Сондықтан, біз қолдан келгенше оларға көмектесуге әзірміз.

Ерлан Күмісқалиевтің айтуынша, ДЦП мен аутизммен ауыратын балаларға мынадай тағамдарды мүлде бермеу керек:

Біріншіден, ұннан жасалған тағамдардың құрамында флутен деген белок бар. Ол ерекше балалардың миын зақымдайды.

Екіншіден, сүт тағамдарының құрамында таксим, казин белоктары болғандықтан, жеген тағамдарын қорытпайды.

Үшіншіден, тәтті тағамдарды жемеу керек. Ол сілекей тудырады. Бұл дертке шалдыққандардың көбі тістері тәтті жегеннен емес, сілекейден құрттайды. Себебі, ол ағзаға өте зиянды. Оның улылығы сонша, тістерді құртуға дейін апарады.

Төртінші жемістер. Организмде қышқыл болғандықтан, оның үстіне бұл қышқылды қосса, одан сайын ауру тудырады. Тіпті, қатерлі ісік ауруы да осылай пайда болады.

Енді иппотерапия әдісі қолға алынады

Ерлан осыдан 2 жыл бұрын әлемде иппотерапия мықты дамыған Грузия мемлекетінде барып, халықаралық дәрежедегі сертификатты иеленген. Бұл емнің ешқандай дәріні қажет етпейді. Адамның жүрек қағысымен бірдей соғатын жалғыз жануар жылқы ғана емге жеткілікті. Қарапайым тілмен айтқанда, мүгедек жанды жылқыны үстіне отырғызып, оның қол-аяқтарын жұмыс жасауына септігін тигізеді. Ерлан осы әдісті Атырауға әкеліп, бүгінде орталығын ашуға әзірленуде.

− 5гектар тұратын жерде ат қора салып, қазір дайындау үстіндеміз. Біз өзіміз қалаған кез келген жерді таңдап алдық. Оған көмек қолын созған әкім мен жанашыр азаматтарға айтар алғысым шексіз. Керек құжаттардың бәріне ойланбастан қол қойып беріп, көмектесті.

Салт атпен жүру (иппотерапия) – ең керемет тиімді емдік дене шынықтыру.

Иппотерапия тірек-қимыл аппаратының бұзуылында, атеросклероз, бас сүйек жарақатында, полимиелитте, асқазан-ішек ауруларында, простатитте, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады.

Фельдшер-акушер болып қызмет жасаған Ерлан Күмісқалиев бұл емдеу түрімен айналыспас бұрын жақсы кәсіпкер болғандығын айтып өтті. Оған тіпті, қымбат көлікте, әлемдегі ең әдемі қалаға бару да арман емес. Тек балалардың сауығып, аман-есен өмір сүруі оған қуаныш сыйлайды. Бақыттың не екенін Ерлан осылай түсінеді. Медицинаға деген сүйіспеншілігінің арқасында қаншама жанның алғысына бөленіп, дертіне шипа тауып жүр.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.