Бүгін қандай күн?

20 қараша

Атыраулықтар Астана күнімен құттықтайды

Астана − тәуелсіздіктің жемісі. Жастардың ордасына айналған қала биыл 19 жасын тойлауда. Сонымен қатар, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да туған күні. Бұл айтулы күнді күллі Қазақстандықтар асыға күтеді. Бас қаламыз аз уақыт ішінде тек Орта Азияға ғана емес, бүкіл әлемге танымал бола бастады. Осындай тұғыры биік тәуелсіз елде тұрып жатқан әр қазақ баласының арманы асқақ деп білеміз. 2006 жылдан бастап бекітілген "Астана күні" жылда әр облыста салтанатты түрде тойланады. Атырау жұртшылығы да кеше "Исатай-Махамбет" алаңына жиналып, қаламыздың талантты өнерпаздары мен Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары «Музарт» және «Заман» тобының қатысуымен болған мерекелік шараны тамашалады. Біз де бұл жерден табылып, қала тұрғындарының мерекелік көңіл-күйі мен Астанаға арнаған жылы лебіздерін білген едік.

Жардемов Қуаныш,  қала тұрғыны:

Мен Астана қаласына екі рет бардым. Табиғаты, әсемдігі көз алдыңда сақталып қалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін аз уақыт ішінде тез даму үстінде. Астанаға барған кезде оның орталық көшеде орналасқан биік-биік ғимараттары көздің жауын алады. Қазақстанда емес, құдды бір шет елде жүргендей сезімде боласың. Астана менің құрдасым. Осындай әсем қаланың өркендегеніне қарап, біздің бойымызда одан әрі күш жігеріміз нығая түседі. Астана күні және Елбасымыздың туған күні құтты болсын. Қазақ елі мәңгі жасасын!

Теміржанова Салтанат, қала тұрғыны:

Астана қаласына жақын арада барып келдім. Астанаға келе сала ерекше ауаны сезінеді екенсің. Бір таңқаларлығы, осындай аз уақыт ішінде биік ғимараттардың бой түзеп қаланың сәніне айналғандығы. Сондай-ақ,  "EXPO-2017" көрмесі де маған ерекше әсер берді. Ішінде әр елдің ұлттық көрмесі қойылған. Осындай көрменің басқа елде емес, дәл Астанада өтіп жатқандығы мені қуантты. Себебі, көрменің арқасында мен Астана қаласына баруға мүмкіндік алдым. Астананы туылған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көркейе бер, жайнай бер,өсе бер!

Жоламанов Бекнұр, қала тұрғыны:

Қазақ елінің жас елордасы, ол бүгінгі Астана. Астана қанатын кең жайып, қалықтап дамып жатқан мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Мен Астана қаласынан білім алып келдім. Ондағы халықтың мәдениеті де, білімі де, даму деңгейі де өте жоғары. Сондықтан да, әр жас маманның болашағы Астана қаласында деп білемін. Өйткені, Астана – болашағы жарқын қала. Сол себепті, Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, гүлдене берсін.

Ерболатқызы Нұрай, қала тұрғыны:

Жақында Астанаға «Expo-2017» халықаралық көрмесіне де барып қайттым. Әр барған сайын Астана мені таңғалдыруда. Салынып жатқан биік ғимараттар дәл қазіргі сәтте жарқырап тұр. Түнгі көшелеріндегі шағылысқан жарықтар көздің жауынын алады. Астананың ерекшеліктерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Алдағы уақытта одан әрі дамып, гүлденіп жайнай берсін.

Теміржанова Айкөркем, қала тұрғыны:

Атырау қаласының тұрғыны болсақ та, Астанамыздың туған күнін ерекше тойлаудамыз. Себебі, Астана біздің бас қаламыз. Жаңа қала, жаңа шаhар. Ел мақтанышына айналған, сырттан келген шетелдіктердің мақтауына ие болып жатырған Астанамыз біздің мақтанышыз. Астанаға қарап тұрып, сүйсінбеске болмайды. Оны армандар орындалатын мекен деп айтса да болады. Бас қаламыз келешекте бүгіннен де құлпырып, гүлдене берсін деп тілеймін. Туған күніңмен Астана!


Жамағатұлы Нұрбол, қала тұрғыны:

Елордамыздың келісті келбеті көз сүріндіреді. Ол күн санап көркейіп, гүлдене түсуде. Тек биік ғимараттарымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан ерекшеліктері мен шетелдіктердің назарына түсуде. Мысалы: Астанаға  бара қалсаңыз, көшедегі орындықтарда орналасқан ұялы телефонды қуаттағыш өте қолайлы. Алаңсыз жүруге болады. Табиғаты да өте керемет. 19 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеткен бас қаламыздың шоқтығы биік болсын. Сүйікті қаламыз-ару Астана көркейе берсін.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.