Какой сегодня день

24 июня

Бақытқа бөлейтін мекен...

Кез-келген ата-ана дені сау нәрестенің дүниеге келгенін қалайды. Бұл жерде ақ халатты абзал жандардың еңбегі орасан зор екені белгілі. Барлық жауапкершілікдәрігерлерге жүктелгендіктен, ана мен нәресте үшін күн-түні тынбай еңбек ететіні ақиқат. Міне, біз осы мақсатта бұл жандардың еңбегі мен перзентхана тірлігін халыққа жақын көрсету үшін Атырау қалалық перзентханасына барып, арнайы фоторепортаж дайындаған болатынбыз.


Республикамыздағы №4 орындағы перзентхана

Бұл перзентханаға кірместен бұрын ауласына көз жүгіртіп шықтық. Аула іші кең. Келушілер үшін арнайы үстелдер де қойылған. Ал ішке кірген бетте қызметкерлері де бізді жақсы қарсы алып, перзентхана ішін таныстыра бастады.

Атырау қалалық перзентханасы өз жұмысын 2010 жылдың 17 ақпан күні бастаған. Сол уақыттан бері жас аналар мен балалардың өмірі үшін тыңбай еңбек етіп келеді. Бас дәрігер Гүлзейнеп Сүйінғалиеваның айтуынша, Атырау қалалық перзентханасы респбуликамыздағы №4 деңгейлі перзентхана болып саналады. Былтырғы жылы 4580 нәресте дүниеге келсе, қаңтар айынан бері 1300 бала өмір есігін ашқан. Перзентхана 5 қабатттан тұрады. Бірінші қабатында күту залы болса, келесі қабаттарда босану, босанғаннан кейін, күндізгі және нәресте жатқызылатын бөлімдерден тұрады. Жылма-жыл перзентхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Әйел жолдасымен бірге босана алады

Әуелі біз бесінші қабатта орналасқан босану бөліміне қарай бардық. Мұнда келгенімізде жас ананың қан қысымы көтеріліп, босануға дайындап жатырғанын көрдік.

Бұл босану бөлмесі 2 блоктан және 8 бөлмеден тұрады. Құрылғылардың бәрі қазіргі заманға сай жабдықталған. Қазақстан Респбуликасының заңындағы №452 бұйрығында көрсетілгендей, перзентхана бөлмесінде медициналық құрылғылар міндетті түрде тұруы қажет. Ана мен баланың өмірін жоғалтып алмас үшін бұл жедел-жәрдем құрылғылары өте маңызды. Бас дәрігердің орынбасары Назымгүл Бақтыгерейқызы ана мен баланың денсаулығын дер кезінде сақтап қалу үшін жедел түрде көмек көрсетудің маңызы зор екендігін айтады. Мұндай жағдайда жүкті әйел жергілікті акушер-гинеколог дәрігерлердің бақылауында болып, үнемі тексеруден өтіп тұруы тиіс.

Нәресте аман-сау дүниеге келгеннен соң, анасының үстінде екі сағат көлемінде жылуын сезініп жатады. Онда сәбидің денсаулығы үшін әуелі жас нәрестеге шұлық пен бас киімді кигізеді. Елімізде 2008 жылы эффективті перинаталды күтім енгізілгеннен кейін нәрестенің киімі мен қажетті құралдары арнайы қорапшада болады.

Босануға дайындайтын бөлімде ананың жанына туысқандары келуі қажет. Кей жағдайда, жолдасы да келіп, босануға көмектесетін көрінеді. Дәрігер әйел адамның жанында жанашыр азаматтың болғаны жақсы дейді. Мәселен, жарға ілінген мына суреттерде көрсетілгендей, жолдасының мойнынан асылып тұрып та босана алады. Бірақ, қазір жас ана жолдасымен бірге емес, туған аналарын ерте келеді екен.

Перзентхана 100 кереуеттік

Әрине, кей жағдай ана мерзімнен бұрын шала туып қалады. Ондай жағдай нәрестенің өмірі үшін қауіпті. Біз босану бөлімінен кейін нәрестенің патология бөлімшісіне бас сұқтық. Егер сәби әлі жатырда болуы қажет болса, онда мына құрылғыға жатқызылады. Оның ішінде жатырдағыдай температура және арнайы тыныс алу құралдары да бар. Кейде нәресте құрылғыда 2-3 сағат немесе одан да көп уақыт жатуы мүмкін. Онда шала туған екі кішкентай нәрестеге көзіміз түсті. Кішкентай періште амалсыздан тыныс алу құралдарымен дем алуда...

Босану мезгілі жақындаған кезде аналар күндізгі бөлімге жатқызылады. Перзентхана 100 кереуеттік болса, бұл жер одан бөлек 30 орындықтармен қамтылған. Назымгүл Бақтыгерейқызы бұл күндізгі бөлімге жататын әйелдердің сұранысын артып отырғандығын айтады.

Ал УЗИ бөлімнің дәрігері Жулкарова Маншүк ана жатырында жатқан нәрестенің үлкен теледидар арқылы көруге мүмкіндік алады дейді. Сонымен қоса, туысқандарымен де келуге рұқсат етілген. Кей жағдайда баланы көру үшін қала бойынша ең төменгі баға (2800 тг) төлеп, сәбиін кез-келген уақытта көруіне мүмкіндік туғызады.

Перзентханада жүкті әйелдің гинекологиялық ауруларын қарайтын бөлімшені де көрдік. Мұнда Қалимаш Амандыққызы жатыр мойын ақауларын арнайы жабдықтармен тексеріп емдейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру сіз үшін жұмыс істейді

Атырау қалалық перзентханасы Елбасымыздың мақаласында айтып өткендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қызмет етеді. Қазір мобильді топта 5 адам халыққа түсіндіру жұмыстарымен айналысады. Бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бізге не береді? Біріншіден, қолжетімді және сапалыы медициналық көмек және тегін дәрі-дәрмекпен қамтиды. Сондай-ақ, сіздің құқығыңыз бен міндеттерді сақтайды. Перзентханада бұл жүйені түсіндіру жұмыстары 100 пайызға орындалуда. Оның бірден бір дәлелі, барлық бөлімшелерде теледидарда бейне роликтер жүргізіледі. Ал, бұл жүйе елімізде 2018 жылы іске аспақ», − дейді Әсел Қуанышқалиева.

Егер сіздің қандай да бір сауалыңыз немесе емделгіңіз келген жағдайда перзентахана үнемі «ашық есік» күндерін жарияланып отырады. Соның нәтижесінде, сәуір айында 55-ке жуық әйелге тегін консультативті көмек көрсетілген. Бір өкіншістісі, түлектерді медицина саласына қызықтыру үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен, қаламызда акушер боламын дейтін жастар аз көрінеді. Мәселен, басқа облыстарда жас мамандар 250-дей болса, Атырауда 46 түлек қана акушерлікті таңдайды.

Назымгүл Бақтыгерейқызызы, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:

«Қазір жаңа туған нәрестелердің арасында іштен туа бітті жүрек ақаулары көп. Біз осындай науқастағы сәбиді Астана қаласына жіберген едік. Қазір сәби кардиолог мамандардың бақылауында. Мен жас аналарға денсаулықтарына жақсы көңіл бөлсін деп кеңесімді айтамын. Яғни, отбасын жоспарламастан бұрын сіз ең бірінші дәрігерге қаралып, тексеруден өтіңіз. Әр адамның организміндегі түрлі инфекция сіздің нәрестеңізге зиян келтіреді. Жүкті әйел ауыз қуысын үнемі таза ұстағандары жөн. Әрине, дені сау адамнан, дені сау ұрпақ дүниеге келеді», − дейді.

Жас анаға қызмет көрсетумен қатар пернзентхана ұжымы қоғамдық шаралардан да тыс қалмайды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілетін шараға ұжымдар бірлесе ат салысқан. Арнайы «Атырау қалалық перзентхана» деп аталатын хор бар. Бұдан басқа, перзентхана «Алтын сапа», «Сала көшбасшысы» секілді мараппаттардың иегері. Әр жыл сайын облыс әкімінің алғыс хаттары да табысталады.

Мамандар шетелдіктерден дәріс алады

Бастапқыда үш-ақ дәрігермен өз жұмысын бастаған перзентханада бүгінде 17–ден астам мамандар қызмет етеді. Соның бірі,  45 жылдық еңбек өтілі бар акушер Қуанышева Алмагүл:

− Екі адамның өміріне бірдей жауап бергендіктен, біздің жүгіміз өте ауыр. Өмірге келген сәбиді біз қолымызбен ұстап көреміз. Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Өйткені, біз дүниеге нәрестенің келуіне жағдай жасаймыз.

Мамандардың тапшылығынан 2010 жылы дәрігерлерді Шымкент, Ақтөбе қалаларынан шақыртқан. Бүгінде бұл мамандар Литва, Швейцария, Ресей секілді бірнеше шет мемлекеттерден дәріс алып келеді.

Біз перзентхана аралап жүргенде егіз балақайларға жарық дүние сыйлаған жас ана Әсемгүл Өтепбергенова ауруханадан шыққалы отыр екен. Осымен төртінші перзентін бұл аурханадан дүниеге әкелгенін және дәрігерлердің жақсы қызмет көрсететіне дән риза екеніндігін жеткізді.

−Атырау қалалық бірінші перзентханаға айтар алғысым шексіз. Алла мен ақ халатты абзал жандардың арқасында дүниеге дені сау сәбилер келді. Перзентхананың іші таза, дәрігерлер де емделушілермен жақсы тіл табыс біледі. Менің 5 балам бар. Әсел − төртінші келінім. 20 немерем болса да, егіз болғанан кейін қуаныш еселене түседі екен. Сіздерге де алғысым зор! - деп Сыранова Салимаш әжей сол сәтті бізбен қуанышын бөлісті.

Түйін: Бір шаңыраққа қуаныш сыйлауды перзентханадағы дәрігерлер парыз санайды. Талай періштенің аман-есен дүниеге келуіне себепкер болар бірден бір адам болса - осы дәрігерлер. Ендеше, талай ата-ананың алғысын арқалап жүрген дәрігерлерді алда келетін төл мерекелерімен құттықтаймыз!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.