Бақытжан Наурызалиев: «Әкем үш рет жараланып, тірі келді»

Биыл Ұлы Жеңіске - 72 жыл. Осынау жылдардың ішінде сұрапыл соғыс пен қантөгіс шайқасты бастан өткерген ардагерлеріміздің есімі әрдайым ұлықталып, мемлекет тарапынан да бірнеше көмектер көрсетілуде. Әрине, бұл батырларымыздың ерлігі қашан да ел назарында болуы тиіс. Осындай мақсатты көздейтін «Қаһарман Ұлт» атты шара осымен 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Атаулы шара Көлік және коммуникация колледжінен бастау алып, «Жеңіс» саябағында аяқталды.

«2013 жылдан бастау алған шараға қатысушылардың жыл сайын саны артып келеді. Жалпы, бүгінгі шараға 300 шамасында қатысушы тіркелгенімен, 700-ге жуық қала тұрғындары қатысты. Бір қуантарлығы, жастардың  атасының ерлігін ұмытпауы, белсенді қатысқандығы болып отыр. Дәл осындай шаралар алдағы уақытта жастар орталығы жанынан ұйымдастырылып тұрады. Ал бұл жоба қаламызда әрі қарай жалғасын табатын болады»,-дейді жастар ресурстық орталығының басшысы Рафхат Бозбалиев.


Атырауда қанша ардагер бар?

Сұрапыл соғыс бірнеше жанның өмірін қиды. Бірінің әкесі, бірінің ағасы жалмаған бұл қасіретті соғыс кім-кімге де болмасын ауыр тигені сөзсіз. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз ұрысқа елімізден 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Ал біздің Атырау облысынан 43 мыңға жуық жас боздақ қолына қару алып, соғысқа аттанса, оның 25 мыңы майдан даласында қаза тапқан. Бұл туралы шарада Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанұлы мәлім етті.

- Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қан қилы соғыста халқымыздың жеңіске жеткен күніне 72 жыл толды. Сіздерді осынау мерекемен ардагерлердің атынан құттықтаймын! Болашақта бұндай зұлматты соғыс, шеру болмасын. Жеңістің мерекесін жыл сайын тойлай берейік,-деді.

Сондай-ақ, облысымызда 1995 жылы есеп бойынша 12 мыңға жуық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 16 адам «Совет одағының батыры» атағын алған. Ал бүгінгі күні Атырауда соғыстың көзін көрген 42 адам ғана қалды.

 

Әкем үш рет жараланып, тірі келді

Бүгінгі шараға Әлия Өтегенқызы кішкентай немелерін  ерте келіпті. Оның әкесі Баймұқан Өтеген 1939-1940 жылдары Талғайран орта мектебінде оқыған. Сабақты үздік бітірген ол мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып жүрген. Соғыс басталған уақытта, дереу майданға аттанады. Майдан даласынан жаралы келіп, бірнеше ауруханалардаемделіп,  мұғалімдік қызметін әрі қарай жалғастырады.

- Әкемнің айтуынша, өзі соғыста қатты жараланып, есінен айырылған. Көзін ашып оянған сәтінде медбикелердің шанамен өтіп бара жатырқанын байқап, қол бұлғап шақырып алған. Егер, олар көрмесе әкем елге тірі оралмайтын еді. Ол соғыстан келген кезде бізбен үнемі соғыстың әңгімесін айтып отыратын. «Біз ешқашан артқа шегінуді білмедік. Керісінше, жеңіске қарай ұмтыла түстік. Аш жүрген кездеріміз де болды» дейтін. Әкемнің қарапайымдылығы мен кішіпейділігі соншалықты, соғыста қаза тапқандарға қарап, өзі ем алмай біраз жүрді. Мен де әкемнің жолын жалғастыру үшін мұғалімдік қызметті таңдадым. Қазір зейнеткермін»,-деп әжей әкесінің ерлігін бізбен бөлісті.

Ал 71 жастағы Бақытжан Наурызалиев есімді қария бүгінгі шараға алғаш рет қатысып отыр. Әкесі Наурызалиев Қабдел 22 жасында соғысқа аттанып, 1985 жылы 60 жасында дүниеден өткен. Артынан 2 ұл мен 6 қыз қалды. Бақытжан атай әкесі 3 рет жараланып келсе де Х.Ерғалиев ауылындағы жұмысшы кооперативінде қызмет атқарған екен.

Бақытжан Наурызалиев, шараға қатысушы:

- Барлық Қазақ жұртын 9 мамыр мерекесімен құттықтаймын! Міне, Жеңіс бізге осы батырларымыздың арқасында келді. Бүгінгідей бейбіт өмір сүруіміздің басты себебі де сол. Жастар бізді тек қуаныштарымен қуанта берсін! Артымыздан ерген ұрпақ соғыс көрмесін!»,-деп тілегін жеткізді.

 

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.