Какой сегодня день

20 сентября

Балалар арасында аллергия өршіп тұр

Екі күнді құраған өңірлік жастар форумында медицина бағытының екінші күнінде Атырау қалалық №5 Атырау қалалық емхананың бас дәрігері Күлшара Өтеуқызы емханада жасалынып жатырған жұмыстар жөнінде әңгіме өрбітті. Олай болса, әлемдік медицина жетістіктерін жете меңгерген Күлшара Өтеуқызының жас медицина қызметкерлеріне бөліскен әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.

Алғашқы медициналық көмек нығайып келеді

Бүгінгі таңда «Денсаулық» бағдарламасы аясында бізге қойылған негізі міндет – алғашқы медициналық көмекті нығайту. Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз етуде көп тәжірибе жинақтаған. Осы аталған бағдарлама аясында №5 қалалық емханада жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Шағын ғимарат 33 000 тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Емханаға қалаға жақын елді-мекендегі тұрғындарда келіп қаралады.

Емханада кеңес беру, диагностикалық бөлім, әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері ашылды. Оның негізгі міндеті – халықтың осал топтарымен жұмыс істеп, аурудың алдын алу. Бұл емге жұмыстанатын медбике қызметкерлерін өзге аймақтарға оқу нәтижесінде қазіргі таңда 4 маманмен толықты. Бөлім меңгерушілерінің бәрін денсаулық сақтау ісінің менеджері оқуларына жіберіп, кәсіби маман дайындау үстіндеміз. Әрі осындай форум секілді шараларға қатысу арқылы мол тәжірибе жинайды.

Ресей елінде денсаулық сақтаудың алдын алу орталығы бар. Ал бізде ол бөлімше болып есептеледі. Жалпы, денсаулық сақтау ісі − өмір бойы қажет ететілетін сала. Жақсы маман атанса, халық жекеменшік мекемелерді жағаламайтын болады. Өзімнің медбике қызметкерлерімді осы Астраханға оқуға жіберемін деген ойым бар. Сонда ғана болашақта олардан жақсы маман қалыптасады.

Кезексіз емхана

Емдеу орны облыстың емдеу мекемелері арасында алғашқы болып «Кезексіз емхана» жүйесіне көшіп, жұмыс істеуде. Бұл жаңа жүйе бойынша емхана байқау үздігі атанған. Емделушілер емхананың сайты немесе телефон арқылы кезекке жазылып, қалаған мезгілінде дәрігерге келіп, тиісті емін алады. Бізде барлық қызмет түрлері компьютерленген, локальды жүйе жұмыс жасайды. Дәрігерлер ТМД елдерінің үздік мекемелері арасында жүлделі орындарды иеленді. Бұл біз үшін үлкен абырой. Қазірдің өзінде жас медицина қызметкерлері біздің емханамызға келіп жұмыс істеуде. Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Алматы медицина институттарын бітірген мамандардар да жұмыс жасайды. Ол мамандар осы заманғы медициналық құрылғылардың тілін жетік біледі.

Медициналық сақтандыру қиындық әкелмейді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша түсініктіме жұмыстарын жүргіздік. Алайда, қала тұрғындары әлі де тіркелмегендіктен, емдеу орталықтарына таңдамаған. Оларға түсіндірме жұмыстары жүргізетін арнайы мамандар бар. Қазір де жеке мекелемер шілде айынан бастап, қаражаттарын аударып отыр. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, бұл мәселе бойынша ешқандай қиындық тумайды деп күтеміз. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша пациент өзі қалаған емдеу орнына тіркелуге құқылы болса, өзінің денсаулығына басты назар аударған жөн.

Обыр, жүрек, қант диабеті ауруы белең алып тұр

Емханаға әртүрлі науқас келеді. Соның ішінде, қазір балалар арасында тыныс алу жолдары мен аллергиялық жағдайлар көп. Өйткені, тек экологияға ғана емес, оның тамақтануы мен күтінуі де байланысты. Тіпті, ойыншықтар да әсер етуі мүмкін. Ал әлемдік статистика бойынша ересектер арасында обыр ауруы, жүрек, қант диабеті аурулары белең алып тұр. Осыған орай, емханада обыр ауруынан 5 түрлі тексеру жұмыстары жүргізілсе, қант диабетіне шалдыққан науқастарды да жыл сайын тексерістен өткіземіз. Бұл науқасқа шалдыққан жандарды тек белгіленген мөлшерде ғана тексеріп қоймай, үнемі осы жұмыстарды жасасақ, сәл де болса дерттің алдын аламыз. Емхана осы бағыттағы жұмыстарды жасап келеді. Бүгінде емхананың жанында науқастарды қолдау тобы қызмет етеді. Дертіне дауа іздеген науқастарға психологиялық көмек беріледі. 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.