Балалар ойнайтын алаңды аңсайды

Жаз бастала сала ауыл баласы емін-еркін көшеде доп қуып ойнаса, қаланың өміріне сіңісіп келетін жас балдырғандар үйдің ауласындағы алаңдарды жағалайды. Балалар алаңсыз ойнау үшін қаламызда оларға қаншалықты жағдай жасалған? Бұл алаңдар бала өмірі үшін қаншалықты қауіпсіз? Бүгін осы сұрақтардың жауабын іздестіретін боламыз.

Немерелерім бұл алаңда ойнамайды

Мынау Сатпаев көшесінде көп алаңдардың бірі. Айналасы жаңа үйлерге толы болғанымен, алаңдар ескі. Әткеншектері сынып қалған, жаңартуды қажет екені көрініп-ақ тұр.

Егер балалар бұл алаңға шығып ойнаса, ата-ана үйде алаңдап отыратыны белгілі ғой. Алаңның қолайсыз екенін көріп, екіншісін іздемек болғанымызда екінші үйдің іргесінен айналасы қоршалып, құм төселген алаңға көзіміз түсті. Балалар алаңсыз әрі қауіпсіз ойнауда. Шамасы, қайтадан жаңартылып салынған.

Ал Л.Владимировский 20 үйдің аласындағы алаң тіптен көріксіз. Балалар бұл жерге ойнамақ түгілі, адамдардың өзі әзер жүреді. Айналасы шөп, әткеншектері ескіріп, жарамсыз тұр. Тіпті, ешқандай бала бұл жерге жақындамайтын секілді. Жақындаған күннің өзінде бұл алаңға келген бала абайсызда зақымданып қалады деген қорқыныш туады.

Біздің суретке түсіріп жүргенімізді көріп, өзін Мағрипа деп таныстырған әжей:

-Өздеріңіз көріп тұрғандай, ауламыздағы балалар ойнайтын алаңды түрі мынау. Бәрі сынып, ескерген. Немерелерімді бұл жерге мүлде жібермеймін. Көрші ауладағы алаңдарға барып ойнап келеді,-дейді өз назын білдіріп.

Балалар бұл алаңда ойнауға мәжбүр

Көшелерді аралап жүріп, бағытымызды Авангард 3 мөлтек ауданына қарай бұрдық. Шөптердің арасында орналасқан алаңның сырғанақтары суреттегідей сынық күйінде жатыр. Осы көшенің келесі бетінде де жағдай оңып тұрған жоқ. Ескіргеніне қарамастан, кішкентай балалар алаңға келіп ойнауға мәжбүр.

Тағы бір байқағанымыз, Аванград 3 мөлтек ауданында футбол және баскетбол ойнайтын алаңдар да жаңартылмаған. Темір торы құлауға жақын. Мына сынғалы тұрған әткеншектер де бүгін болмаса ертең құлауы мүмкін. Ондай кезде балалар жарақаттанып қалса, кім жауап бермек?!

Біз жүріп өткен көшелердегілеге ұқсамайтын, мына суреттегі Нұрсая ықшам ауданындағы алаң. Жаңадан бой көтерген үйлермен бірге салынса керек. Өйткені, бұл алаңдардан айтарлықтай ақау байқамадық. Тек балалар ойнайтын жерде көліктер өте көп қатынайды екен.

Самат жаңа алаң салынғанын қалайды

Сіздер көріп тұрған алаң вокзал маңындағы 3-5 мөлтек ауданындағы суреттер.

Осы ауданда тұратын 5 жасар Самат есімді кішкентай балдырған «Әлі де жаңа алаңның салынған қалаймын» деп бізге бала көңілін жеткізді.

Әткеншектері құлап тұрған алаң Алмагүл мөлтек ауданындағы көрініс. 4-5 жасар балалардың алаңдарда емес, көшеде доп қуып ойнап жүргенін көрдік. Алаң қайтадан жаңаратын болса, балалар еркін ойнай алуға мүмкіндік туар еді.

P.S: Қазіргі заманның көрінісі ретінде көпшілігі балалардың далаға шығып ойнамайтындығын, олардың смартфонға тәуелді екендігін көп назарға салып айтады. Бір жағынан, бұл шындық. Ал екіншіден балаларға арналған алаңдар мынадай сорақы күйде болса, гаджеттерден осы себепті көз алмайтын шығар деген де ой келеді. Біз қаланың тек орталық бөліктерін ғана көзімізбен шолып шықтық. Әлі қаралмай, сынық күйде жатырғандар қаншама?! Сондықтан, аулаңыздағы алаңда балаларды ойнатпас үшін әуелі бір тексеріп алуды ұмыт қалдырмаңыз.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.