Какой сегодня день

20 сентября

"Балмұздақ студент" немесе 1 жатақхананың жаңа тұрғыны

Жатақхана. Екі ғашық. Алғашқы сабақтар. Аудитория шатастыру. Емтихан. Ұйқысыз түндер. Ауылға деген сағыныш... Мұндай тамаша сәттер әр студенттің басынан өтетіні белгілі. Оқу аяқталғаннан кейін, ерекше естеліктермен сақталып қалатын студент шақты әрбір адамның сағынатыны анық. Осы орайда, біз оқуға жаңа түскен студенттің бір күні қалай өтетінін, қандай әсерде екенін білген едік.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз − Азиза Серікқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының 1 курс студенті. «Журналист боламын» деген бойжеткеннің талабы жоғары. Өзі Мақат ауданындағы мектепті үздік аттестатпен аяқтап, бүгінде мемлекеттік грант иегері атанған. Шығармашылыққа деген құштарлығының арқасында көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

«Университетке өз қалауыммен түстім. Емтиханнан жақсы балл жинадым. Алдағы уақытта Атыраудың белгілі журналисі болуды армандаймын» деп болашақ мақсатымен бөлісті. Ендеше, Азиза студенттік шақтың қызыққы толы кезенің қалай өткізеді екен?

Мен таңертең ертемен тұрып, таңғы асымды әзірлеймін. Содан кейін сабақта берген тапсырмаларды орындап, дайындала бастаймын. Күнделікті ұйқыдан ояна сала тірлігім осылай басталады.

Университетке жаңа түссем де, өзімді бұрыннан оқитын студенттей сезінемін. Барымша университет ұйымдастырған шаралардан да қалмауға тырысамын.

Үйде тұрғаннан жатақхана тиімдірек. Өйткені, мұнда әр күнің қызықты өтеді. Жаңа достар тауып, әңгіме-дүкен құрасың. Менің жанымда Маңғыстау облысынан келген 3 қыз бар. Алғаш көрген сәттен бастап, олармен етене жақын араласып кеттік. Қазір бір үйдің қыздарындай татумыз.

Міне, сүйікті оқу ордама да келетін уақыт таяды. Университеттің іші үлкен. Сондықтан, кейде аудиториядан шатастырып алатыным жасырын емес.

Журналистика мамандығының оқушылары бәрі білікті. Бізге сабақты жақсы түсіндіреді. Әрі Алматы, Астана қалаларынан жаңа ұстаздармен де толыққан.

Бұл − менің 4 жыл бірге оқитын группаластарым. Олармен емтихан кезінде таныстық. Барлығының да арманы бір, шығармашылыққа жаны жақын жандар. Сабақ үстінде біз берілген тапсырмаларға бір-бірімізбен ақылдасып, дайындаламыз.

Сабақ аяқтала сала, кітапханаға қарай бет аламын. Жалпы, мен бала күнімнен кітап оқуға қатты қызығамын. Бос уақытымның көбі кітап оқумен өтеді.

Қазір Атырауда театр маусымы басталғандықтан, ұстаздар бізге театрға барып, рецензия жазуға тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындайын деп, М.Өтемісұлы атындағы драма театрға аттандым. Онда М.Әуезов театры «Абай» пьесасын қояды екен.

Бұл қойылымнан алған әсерім өте көп. Спекталь туралы жазарым да баршылық. Театрдан шығып, жатақханаға қарай бетке алдым.

Күнделікті тірлігім бойынша кешкі ас әзірлеуге кірісіп кеттім. Тіпті, асхана бөлмесінің өзінде де түрлі қызықтар болып тұрады. Әдетте, ер балалар дұрыс тамақ пісіре алмайды. Сол себепті, оларға да тамақ пісіруді үйретеміз.

Зулаған уақытта да өтіп, бір күнімнің қалай өткенін де байқамай қалыппын. Міне, менің студенттік шақтарымның алғашқы күндерімді осылай өткерудемін. Енді ғана оқуға түскенімен, әлі де білім алғым келеді. Арманыма ақырындап ғана аяқ басудамын.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.