Какой сегодня день

25 июня
  
25 июня
     День моярка

Бекболат Тілеухан: "Қолыңа түскен кітапты оқу шарт емес

Қазақтың біртуар азаматы, жырау, қоғам қайраткері, ҚР парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның ел үшін сіңірген еңбегі зор. Халық қалаулысына айналған азаматтың айтқан сөздері жастарға үлгі боларлықтай. Жақын күндері ел болашағын бағамдап жүрген тұлға«Талқылау» жобасында атыраулық жастармен кездескен болатын. Кездесуде жастарға ақыл-кеңестерін айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Олай болса, Бекболат Қанайұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Өз істеріңнің майталманы бол!

Елбасымыздың мақаласында прогматизм, сананың ашықтығы, ұлттық код секілді бірнеше жайттарды атап өткен болатын. Бұның астарында қанға сіңген нәрселерді жаңғырту жатыр. "Қазақ халқымыз дәстүрдің озығы мен тозығы болады" деп айтады. Еліміздегі заманның көшіне ілеспейтін нәрселерден қашу керек. Оның керекті ақпаратын ұстап қалғаны жөн. Бізде сананың ашықтығы осыдан 8 жыл бұрын болған. Біле білсеңіз, бұрын біз тек Nokia телефонын ғана ұстаушы едік. Ал қазір ше?! Смартфонның түр-түрі күннен-күнге шығуда. Міне, біз замана ағымына ілесіп келеміз. Қазір технологияның тасқындаған заманында барлық информациямыз осы телефонға келіп тіреліп қалғандай болады. Ол информация адамның қаншама уақытын алады?! Біз осы талаптың үрдіснен шыға алмасақ, көштің соңында қалып қоямыз. Болмашы энергияға уақыттарыңызды ысырап қылмаңыздар. Абай Құнанбаев: «Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі май бірі қан боп енді екі ұртың» дейді. Сол сияқты пайдалы мен пайдасызды айыры білу өте қажет нәрсе.

Ең маңыздысы, өз істеріңіздің майталмандары бола біліңіздер. Уақытша атақ шығаратын нәрселерден сақ болу керек. Сен мұғалім болсаң, балаға дұрыс тәрбие бер. Жұмысыңды жүз пайыз орында. Мәселен, Қанат Ислам жекпе-жегін аяқтап, жеңіске жетсе адамда «10 минутта жеңіп, миллиондаған ақшаны алды» деген ой қалыптасуы мүмкін. Бұл минуттың артында бірнеше жылдық жаттығу тұр? Соны ойлаңыз.

Сен өзің мықты болсаң, саған ел мұқтаж. Керісінше, сен ісіңе мұқтаж болма, қоғам саған мұқтаж болсын. Қандай да бір іс істесең де, кәсіби бол. Қазір жасыратыны жоқ, кәсіпкерлердің арасында «маған мықты жұмыс жасайтын адам керек» дейді. Олай талап қоятын болса, сен оған лайықты бол.

Уақыттың соры - әлеуметтік желі

Тағы да бір айтарым, уақытты ешқашан өлтірмеңдер. Қазір уақыттың соры әлеуметтік желі. Оның ішіне, пайдалы ақпаратты жоқ деп айта алмаймын. Бірақ, арасында керекті ақпаратты сүзіп алыңыздар. Қызық көріп, бір видеодан екіншісін қарауға жөнеле берсек, алтын уақыттымыз кете береді. Сондықтан, уақытқа шектеу қойған жөн. Сен өзің уақытың келген кезде бәріне үлгеріп қалмасаң, отбасың аш қалады. Адам тез ақпаратты 30 жасқа дейін қабылдау қабілеті төмендейді. Одан кейінгі уақытта қабылдай алмай қалады. Тура осы уақытта нені бойларыңа сіңіріп алсаңыздар, соның өмір бойы жемісің көресіздер. Оданда бүкіл күшіңді рухани жағынан туыс пен бауырға жұмсаңыз. Әуегі заманнан қазақтың қанына бауырмалдылық өте жақсы дамыған. Ағайынның татулығы қауымға, қауымның татулығы елге алып келеді. Сонда ғана ұлт мықты мемелекет болмақ. Біз бұл татулықтан айырылып қалмауымыз керек. Бұл Елбасымыздың айтып өткен ұлттық кодында да кездеседі. Сонымен қоса, прогматизм деген нәрсе бізге қажет. Себебі, заман осыны талап етеді.

Барлық істің мәні белгілі бір құрылған жүйеде. Яғни, біз таңертең ерте тұрып, ертерек ұйықтауымыз керек. Маған бір жігіт: «Аға, қазақты қалай оятамыз? Не істей аламыз?» деп сұраған. Маған өз көзқарасыңды жазып алып келіп, сағат 9-30 да кеңсеге шақырдым. «Аға, мен түнімен жұмыс жасайтын едім. Жасыратыны жоқ, сағат 11 де бір-ақ тұрамын» деді. Өзі ояна алмай жүріп, қазақты оятқысы келеді. Шындығын да, біздің жетіспейтін тұстарымыз көп. Жұмыс өнімді болу үшін оны қағаз бетіне түсіру қажет. Ешқандай жүйе жоқ жерде, нәтиже де жоқ. Осыны есте сақтаңыз. Бұл әдіс атақты адамдарға да тән қасиет.

Бақыт деген не?

Біз өмірде ақырындап жүре келе, соқтығысып қаламыз. Кейін аяққа тұрып, қайтіп сол әрекетті қадағалаймыз. Ол өмірлік тәжірбиеңе әсер етеді. Ауылда бір адам наубайхана ашып, қызметкерлерді шет аймақтардан шақыртқан екен. Қазандықтың астында күні-түні нан пісіру де оңай шаруа емес. Көп күшті талап ететін жүмыс. Оларға 250-300 доллар жалақы төленеді. «Неге өзіміздің адамдарды шақыртпайсың?» деп сұрадым. Маған берген жауабы: «Қазақтар мына жұмысты бір жыл істегеннен соң, қолың бір сілтеп кетіп қалады. Ал басқа елдің халқы болса, бұл жұмыстан қашпайды» дейді. Міне, біз еңбектенбейміз. Өзіміздің жұмысымыздан рахат алуымыз қажет. Сонда ғана ризық несібең көбейеді.

«Бақыт деген не?» деген сұраққа бір жұмысшы «бақыт үйіңнен жұмысқа асығып, жұмыстан үйге асығу» депті. Расымен де, бақыт осында. Сен жұмыста үйде бала мен әйеліңнің күтіп отырғаны еске түсіп, тез қайтуға асығасың. Ал таңертең «жұмыста мұншама шаруам бар» деп асықсаң, оны рахаттана жасайтының анық. Сондай-ақ, «мемлекет маған не береді?» деп емес,«мен мемлекетке не беремін?» деген ұстаныммен жүріңіз. Егер олай жүрмесек, біз қалай ел болмақпыз?

 

Қолыңа түскен кітапты оқу шарт емес

Мен 30 жасыма дейін кітап оқыдым. Әрі қарай оқуға уақыт болмай қалды. Адам жас кезінде барлығы үлгеріп қалу керек екен. Бұл жерде қолыңа түскеннің бәрін оқи беру шарт емес. Қазақ халқының ауыз әдебиеті туралы кітаптарды жақсы көріп, сүйіп оқитынмын. Кітапты оқыған кезде «шығармадан не аламын?» деп оқыңыздар. Сонда ғана, кітап сіңімді болмақ. Қазір өзіме керек нәрсенің бәрін оқыдым деп айта алмаймын. Қолыма түскеннің бәрі оқуға уақыт жоқ. Шыны керек, адам мамандығына, бала тәрбиесіне байланысты маңызды кітаптарды көбірек оқығаны жөн. Ал басқа кітаптардан қажетті информацияны ғана алып, үстірт өтіп кетсеңіз де болады. Жастайымнан кітаппен қоса, поэзияны көп оқыдым. Неге? Өйткені, жас күнімде бір қызға қатты ғашық болғанмын. Ішкі сезімді сыртқа шығару үшін поэзия оқу керек болды.

Соңғы күндері кино қарай алмай кеттім. Жақын досым жаңадан кино шықса қалай басталып, аяқталатына дейін 3-4 сөйлеммен айта салады. Себебі, заңдылық солай. Голливудтың киноларында да басы жақсы басталып, ортасында сәл шегініс жасап, соңы қазақ ертегілеріндегідей мұратына жетедімен аяқталады ғой. Барлық кино осы тізбек бойынша жалғасады.

Қазір ағылшын тілін заман талап етеді. Ал мен болсам, туған тілімнен басқасын жетік білмеймін. Әлемдегі жаңалықтың 4 пайызы ағылшын тілінде таратылады. Бұл тілді білмесең, барлығынан мақрұм қалатының анық. Елбасының үш тілді саясатын қолдаймын. Бірақ, бала әуелі ана тілін білуі шарт.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.