Какой сегодня день

20 сентября

Берік Шәріпұлы: «Қоғамның денсаулығын қалай сақтау керек?»

Өңірлік жастар форумында медицина бағытында Берік Шәріпұлы денсаулық сақтау жүйесін дамыту жұмыстарына тоқталды. Жас медбикелер қызметкерлері тың ақпараттарға куә болып, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды.

Берік Шәріпұлы – 2004 жылы қазақ мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған. Мұнымен қоса, 2009 жылы Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандығын оқыса, 2013 жылы халықаралық бизнес академиясында бизнесті басқару мамандығының магистрі атанған. Төрт тілде жетік сөйлейтін Берік Шәріпұлы алғашқы жұмысын Астана қаласында жедел жәрдем бөлімінде фельдшер қызметінен бастаған. Осы уақыт аралығында бірнеше қызмет жасаған ол қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасының орынбасары болып қызмет атқарады.

Алдымен Берік Шәріпұлы денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жүйелік жұмыстарына тоқталып өтіп, халықаралық деңгейде қалай жүзеге асырылып жатырғаны туралы баяндады. Оның айтуынша, Ұлыбритания мен Канада елінде міндетті медициналық сақтандыру тиянақты түрде жұмыс істеп, бәсекелестік пен сапаны бақылауды арттырған. Ал тиімсіз жағы мекемелердің қаражатты төлеуден жалтаруға байланысты қаражаттың жеткіліксіздігіне алып келген.

-Қазір елімізде міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру реформасы қарқынды жұмыс істеуде. Әр өңірде халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Халыққа пайдалы ақпаратты барынша жеткізу үшін мамандар қызмет жасап жатыр,-деді Берік Шәріпұлы.

Халық игілігі үшін жасалған бағдарлама

Тұрғындардың денсаулығын одан әрі нығайту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарлама халықтың денсаулығын нығайту мен ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жаңғырту тиімділігі, қаржы тұрақтылығын және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған. Осы бағдарлама аясында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай жобаларды әзірленіп жатқандығына тоқталды. Мәселен, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, медициналық ұйымдардың менеджментін жақсарту, инвестициялар тарту және жеке сектордың үлесін ұлғайту, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен экономикалық тиімділігін арттыру көзделген.

Форум барысында дәрілік заттармен күресудің жолы талқыланды. Ұлттық дәрілерді жасау нәтижесінде тұрғындардың сапасы төмен зиянды дәрілерден қорғауға мүмкіндік туып, елімізде тек тіркеуден өткен дәрі дәрмектер ғана кіре алатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, халықтың демографиялық көрсеткіштерін атады. Адамның өмір сүру жасы 31 жылды құраса, 2007-2016 жылдардың аралығында өлім-жітім 27 пайызға азайған. Ал былтырғы жылдың ішінде нәресте өлімі - 8,59 %  есе азайса, аналар өлімі-12,7 %, туберкулезге шалдыққан -3,4 % қанайналым жүйесі аурулары – 178,92%, қатерлі ісік-88,6 % төмендеген.

Берік Шәріпұлының мәлімдеуінше, 2006 жылы еліміздің ауруханаларға қатерлі дертке шалдығып 110 64 науқас түскен. Бұл науқас жандар 2006 жылы – 45,8%, 2016 жылы – 50,18 % адам 5 жыл уақыттай өмір сүрген.

Қоғамның денсаулығын қалай сақтау керек?

Бұл тақырып аясында Берік Шәріп үш негізгі бағыттарды атап өткен болатын. Олар инфекциялық немесе ірі инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиялық қадағалау, халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды ұйымдастыру. Сондай-ақ, қоршаған орта факторларының зиянды әсерлерін белсенді түрде болдырмау, дұрыс диета мен өмір салтын қамтамасыз ету. Осы мәселеде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қалыптастыруға қамтамасыз етеді.

Медицина қызметкері этикет пен деонтологияны білуі міндетті

Жас медицина қызметкерлеріне Гауһар Карина медицинадағы этикет пен деонтология тақырыбын қозғады. Медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы үш негізігі бағыттан тұрады. Гауһар Карина әр медбике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті екендігін айтады. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тиым салынады. Емдеу мекемесіне келіп түскен науқасты тек емдеп қана қоймай, оны медициналық қызметкерлердің қалай қарсы алғаны да маңызды. Сондықтан, медицина қызметкері этикет пен деонтологияны білуі тиіс.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.