Бүгін қандай күн?

19 қараша

Берлібай Ақерке: "Жеке бренд бізге не береді?"

Мерейлі 15 жылдығын Атырауда тойлап жатырған Қазақстан жастары конгресінің аясында біршама маңызды мәселелер көтеріліп, қызықты шеберлік сабақтар өтуде. Соның бірі, өз имиджін қалыптастырған белгілі PR-менеджер Ақерке Берлібайдың шеберлік сабағы. Тұңғыш Президент қоры баспасөзінің жетекшісі қызметін атқаратын Ақерке қатысушылармен әлеуметтік желіде жеке тұлға боп қалыптасудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Ендеше, сұлу бойжеткеннің бірнеше кеңестерін сіздермен бөліссек дейміз.

Бренд бізге не береді?
 
Әр адам өз есімін өзі қалыптастырады. Егер сіз өз есіміңізбен әлеуметтік желіде жақсы танылсаңыз, бұл сіздің жеке брендіңіз. Мәселен, менің брендім − баспасөз хатшысы. Сол секілді әрбір адамның өз бренді болады. Сіздің жеке брендіңіз сізді өзгелерден ерекшелендіріп тұруы қажет.
Жалпы бренд бізге не береді? Біріншіден, өзіміздің кім екенімізді көпшілік алдында дәлелдеуге уақыт жоғалтпаймыз. Маған біреу келіп: «мына студент жақсы, жұмысқа ынтасы бар» деп айтса, әрине, мен оның әлеуметтік желісін қараймын. Ол қаншалықты белсенді? Немен айналысады? Толық ақпаратты фейсбук пен инстаграм парақшасы арқылы білемін. Әрине, ұнаса міндетті түрде жұмысқа аламын. Міне, дәл қазір көбі осылай істейді. Астана мен Алматы қалаларында әлеуметтік желісін жүргізуіне қарап жұмысқа алады. Мысалы, мен көп жұмысқа солай шақырту алғанмын.
 
 
Жеке бренд 4 бағытта қалыптасады
 
Жеке брендін қалыптастыру үшін жеке тұлғаға төрт бағыт бойынша жұмыс жасауы қажет. Ол функционалды, әлеуметтік, ақыл және рухани белсенділік. Бұл аталған бағыт брендті пайдаланудың артықшылары мен өз-өзін бағалаудың пайдалы жақтарын қарастырады.  
Мәселен, қазір жастар ұйымдары қалай жұмыс істейді? Олар өткізілген іс-шараларды әлеуметтік желіге салып, тым көп пост жариялайды. Олардың күніне көп пост жазғандарынан оқырман саны азая береді. Оқырманды азайтып алмау үшін фейсбукте қазір мынадай жақсы мүмкіндік бар. Сіз өз акканутыңыздан парақша немесе топ аша аласыз. Бұл көп баспасөз хатшыларына керек дүние. Мен «Нұр Отанда» жұмыс жасағанымда, бізге өткізілген шараны өз парақшамызға салуға тапсырма береді. Мен неге жұмысымды өз парақшама салуым қажет? Фб-тің осындай мүмкіндігін пайдаланып, жұмысыма арнайы парақша аштым. Міне, сіз де солай жасасаңыз, ақырындап өзіңіздің брендтіңізді қалыптастыра бастайсыз.
 
Желіде қыздарға «сенің түрің онша емес, неге күйеуге кетпей жүрсің ?" деген пікірлер өте көп жазылады. Сіз оған еш алаңдамыз. Керісінше, жағымды пікірмен жауап беріңіз. Тіпті, смайлик салынған пікір болса да, оған жауап қайтарыңыз. Маған осы жақында бір бойжеткен ұзақ сөйлеммен xат жолдаған. Онда өзінің маған ұқсағысы келетінін, ол үшін кеңестер айтуымды өтініпті. Мен оған дауыстық хабарлама арқылы жазып жібердім. Ол осындай кішкентай дүниеге қуанып қалды. Брендтің қалыптасуына осындай жағдайлар көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, сіз әрқашан "мақсатыңыз қандай, энергияны қайдан аласыз?" деген секілді сұрақтарға жауап беруге әркез дайын болғаныңыз жөн.
 
 
Басшыңызға ашыла бермеңіз
 
Менің ең жақсы көретін тренерім Тимур Асланов: "сізді бәрі жақсы көретін жүз доллар немесе тәтті шоколад емессіз" дейтін. Сондықтан, сіз ешқашан басшыңызға шеттен тыс жағымпазданбаңыз. Менің құрбым сондай әдемі қыз. Оған жігіттер әркез гүл сыйлайды. Алайда, бастығы оны ұнатпайды. Себебі, "қалыңыз қалай?" деген сұраққа "өте жақсы, керемет, бақыттымын" деп жауап береді екен. Бұл − дұрыс емес. Өйткені, жұмыстан басқа түгі жоқ адамда көреалмаушылық сезімі болады және  жаныңызды ауырту үшін сізге көп жұмыс беріп, энергияңызды құртуға тырысады. Сол себепті, "қалайсың?" деген сұраққа "бұдан да жақсы болуы мүмкін еді" деп жауап беріңіз. Кейде, жастар айтқан керемет идеясын басшылар өз атынан таныстырады деп ренжіп жатады. Тіпті, сыйыспай жұмыстан шығып кетеді. Бұл − дұрыс емес. Керісінше, басшылықпен тіл табысып, ойыңызды іске асырып, бірге жұмыс жасауға тырысыңыз.
 
Сіздер секілді студенттер осылай белсенді боп жүріп, жас депутат болып кетеді. Үстіне костюм киіп, галустук таққаннан кейін, саясаттың майын ішкен адам ұқсап, жүре алмай жүреді. Оның желісін ақтарсаң, жұмысында түскен селфиден басқа суреттерді таба алмайсың. Әр адамның жеке фишкасы мен хоббиі болғаны дұрыс.
 
 
Брендтің әлеуметтік желідегі орны
 
Сіз − керемет танымал тұлғасыз. Ал сіздің айналаңызда сіз секілді жандар көп. Олардан сіз немен ерекшеленесіз? Атап айтсақ, сіздің әлеуметтік желіде дұрыс таңдалған суретіңіз, есіміңіз бен лауазымыңыздың дұрыс жазылу да сізді ерекшелендіреді. Суретіңді үнемі өзгерте берсеңіз, оны оқырман есінде сақтай алмайды. Тұрақты суретіңіз және тұрақты атыңыз тұруы керек. Көпшілік мені тегім арқылы таниды. Қазір инстаграмда уақыт деген шектеу жоқ. Сіз күндіз де, түнде де сурет сала аласыз. Алайда, инстаграм мынадай жүйе орнатқан. Сіздің салынған суретіңіз бен постыңыз көп лүпіл жинап, пікірлер болса, оқырман оны міндетті түрде қарайды.
 
 
Үнемі қызықты тақырыптар іздеңіз
 
Тың тақырып іздеңіз. Соңғы кездері әлеуметтік желіде бензин бен «зың-зың» хит болды. Ал жақында" Қазақстан" ұлттық арнасының директоры Ерлан Қарин инстаграм желісіне Елбасының суреті салынған ақ футболканы киіп тұрған суреті жарияланды. Бұл дегеніміз үнемі трендте болу. Тікелей эфирге шығып отыруда маңызды. Бастапқыда көрермендеріңіз көбейгенімен, қозғаған тақырыптарыңыз іш пыстырса, кейін оқырмандарыңыз азая береді. Сол себепті, эфирде пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз. Мәселен, мен дәл қазір тренинг өткізіліп жатырғаны туралы салсам, оны көрермен өзіне сақтап алар еді. Мотивация беретін посттарды жиі салып тұрыңыз. Тек жұмысыңыз туралы айта бермей, қызықты тақырыптарды да қозғаңыз. Қазір − раxат. Таргет арқылы жұмысыңызды мықты жарнамалай аласыз. Сіз оны саларда қандай аудитория керек екенін, қанша күнге салатыныңызды да  таңдай аласыз. Ең мықты таргет жасаушы Нұрлан Байділдәдан үлгі алаласыздар(күліп).
 
Әлеуметтік желіні қалай дұрыс қолдану керек?
 
Біз қазір әлеуметтік желіні өте салақ қолданамыз. Оқырмандарды жұмысыңыз туралы жазылған посттар қызықтырмайды. Оған өзіңіз туралы, балалық шағыңыздағы  әдемі естеліктер  туралы жазғаныңыз қызық. Бұл аталған посттарға ғана емес, салынған суретке де байланысты. Таңертеңгі уақытта көпшілігі: «Қайырлы таң! Бүгінгі күн сәтті өтсін» деп өз суретін салады. Иә, әрине дұрыс. Бірақ, оның күнделікті салып отыруы адамды жалықтырып жіберетінін ескеріңіз.

Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.