Какой сегодня день

23 октября

Блог Құрылтай-2017: "Азаматтық журналистика"

Республикалық «Блог Құрылтай-2017» шарасы екі бағытта өтетінін хабарлаған болатынбыз. Оның бірі, азаматтық журналистика тақырыбы. Азаматтық журналистика – ақпарат жинап, сараптама беруге және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Бұл тақырып аясында ҚР "Блогерлер алянсының" президенті Ғалым Байтук проблемалық тақырыпта жазатын блогерлерді атап өтіп, жемқорлықты әшкерелеуде атқарып жүрген міндеттеріне тоқталды. Министирлік пен әкімнің  желілерді оқитынын өзін жетістікке балады.

Блогер деген кім? Блог деген не?

«Классикалық блогкинг» тақырыбында Kerekinfo.kz сайтының админі, белгілі блогер Аршат Ораз қатысушыларға блогер мен блог ұғымының мәнін түсіндірді.

"Блогер деп – өзінің арнайы блогы бар адамды айтады. Блог -  адамның жеке ойларын жазылған қызық жазба. Kerekinfo.kz сайтында көбіне психология, спорт, анти жаңалықтар көбірек оқылып, оқырмандарды қызықтыра түседі. Мәселен, "Бүгінгі Атырау" деген тақырыпта репортаж, кітап пен сериалдар туралы жазуға болады. Осындай форматта жазсаңыз, оқырмандарды жинай аласыз. Қазіргі кезде салыстырмалы материалдарда өтімді. Сонымен қоса, адамды пікір алмастырып, қызу талқыға түсіріңіз. Ал, блог жазу үшін wordpress.com ,blogsport.com сайтарына тегін тіркеліп блогыңызды жүргізе аласыз",- деп бірнеше кеңестерді ұсынып өтті.

Әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық жазбаларды жүзеге асыру

"Серпін" - оңтүстік жастарының басқа өңірлерге білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Жоба жетекшісі белгілі қоғам қайраткері - Мұрат Әбенов. Дәріс барысында бағдарламаны әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырғанын, оған айтулы блогерлердің ат салысқандығын айтты.

Ашылғанына 3 жыл болған "Серпін" бағдарламасының бірінші кезеңінде 7 колледж, 25 университет болса, қазір 22 университет, 53 колледжді құрайды. Елімізді бұл бағдарлама бойынша 12 мыңнан астам студенттер білім алуда. Сонымен бірге биылғы жылдан бастап, осы бағдарламаға ұқсас тағы да "Іскер" атты жоба басталмақшы.

 Ақпараттық соғыс және желі психологиясы

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, 100 жылда жиналған ақпарат пен былтырғы жылда жарияланған ақпараттың көлемі бірдей екен. Яғни, ақпарат қазіргі кезде ең басты - қару. Оның дұрыс жеткізілмегені қоғамдық пікірді туғызып, халық арасында дүрбеленге салынып жіберетіні жасырын емес. Ал, ақпаратты қалай дұрыс қабылдау қажет? Осы сұрақ төңірегінде жауапты ардагер жайдарманшы Алмас Тоқабаев айтты. Ол ақпаратты таратын адамдарды жауынгерлер, жалдамалы әскерлер, еріктілер деп бірнеше топқа бөлді. Бұл жерде жауынгерлер - ақпараттың идеясын айтатын, мерзімді жауынгер - өзінің пікірін еркін жеткізе алмайтын, жауынгер -ақша үшін жұмыс жасайтын, еріктілер-оқырмандар деп мысал келтіре кетті. Жас журналистер мен блогерлерге ақпараттың дәлдігіне көз жеткізбей тұрып сенуге болмайтындығын да ескертті.

P.S: Шақырылған спикерлердің барлығы дерлік сөз сөйлегеннен кейін, жобаның ресми бөлімі аяқталды. Ал, ертең Атырау тарихын таныстыру мақсатында эскурсия өткізілмек.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.