Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Блог Құрылтай қатысушылары Атырау өңірімен танысты

Атырауда өткен «Блог Құрылтай-2017» форумына қатысушы делегаттар кеше облысымыздың тарихын, шаруашылығын білу мақсатында қаламыздың біраз жерлерін аралады. Алғаш болып өңірімізде орналасқан қасиетті Хан ордалы Сарайшық елді мекенін аралады.

Жеті ханның сүйегі жерленген мекен

Сарайшық - қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі. «Сарайшық» мұражайын 1999 жылы 3 қыкүйегінде Елбасымыздың өзі арнайы келіп ашқан. Ал, архитектурасын сызған сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов болатын.

Блог Құрылтайға қатысушылары алдымен Сарайшық қаласының тарихымен танысу үшін әуелі мешітте құран оқыды. Одан кейін жеті ханның сүйегі жерленген киелі ағаш қойылған күмбезге кіріп, «Сарайшық» мұражайындағы көне жәдігерлерді тамашалады.

Сарайшық мұражайының директоры Бердімұратов Молдаштың айтуынша, бұл жерге кезінде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз  толықтай мойындаған 12 әулие жерленген екен. Сондықтан да бұл ауданды Атырау облысындағы «қасиетті жер» деп атайды. Кезінде Сарайшықта жүзге жақын хан хандық құрған деседі.  17 метрлік биіктікте қойылған ескерткіш сол хандардың  аруағын кейінгі ұрпаққа жеткізейік деген мақсатта қойылған.  Алтын орда ыдырағаннан кейін Сарайшықта Ноғай хандығы құрылған. 1513 жылы Қасым хан Сарайшықты қазақ хандығының Астанасы деп қабылдаған және күмбез ішінде орналасқан киелі ағашта осы күнге дейін өз қасиетін жоғалтқан емес.

«Атырау ірімшігі» - Қазақстандық бренд

Сарайшық қаласынан бір шақырым қашықтықта орналасқан «Атырау ірімшігі» ешкі өнімдерін шығаратын ферма Қазақстанның бренді. Оның басшысы 25 жасар Тамила Розметова алғашында асыл тұқым ешкілерді Сербия елінен әкелген. Бастапқыда 500 бас болған фермада қазір 1000-нан астам ешкі бар. Бұларды тек қорада ғана ұстап қоймай, көктем мезгілі жеткенде далалыққа шығарады. Күніне екі мәрте арнайы құрылғымен сауылып, оны тазартып алып, кейін одан ірімшік, айран,сүт, құрт өнімдерін дайындайды. Тағамдардың жарамдылық мерзімі: 5 күн. «Атырау ірімшік» фермасының тауарларын қаламыздың дүкендерінен таба аласыз. Сондай-ақ, мектептерге және инвекциялық ауруханаларға да жеткізіледі.

- Біз құрылғыларды Италиядан әкелдік. Олармен жұмыс жасау үшін мамандарды Мәскеу қаласында оқыттық. Қазіргі таңда 25 қызметкер жұмыс жасайды. Ешкілер күніне 500 литр сүт беріп, 14 түрлі өнімді өндіреді. Азықтарына ешқандай қоспа қосылмайды. Сүт, айран тауарларына бөтелкелерді де дайындап, сыртына қаптамасын көрсетіп тұруды ұмытпаймыз. Күн сайын әр қаптаманың дайындалынған уақытын көрсетіліп тұрады,-дейді ферма басшысы Тамила Розымбетова.

Ауыл шаруашылық және өнімдер көрмесі

Сарайшық қаласынан кейінгі аялдама Махамбет селосындағы «Өнерпаз» мәдениет үйінде қолөнер және ауыл шаруашылық өнімдер көрмесі болды. Бұл өңірде құс фабрикасы, сүт өнімдері, асыл тұқымды шаруашылық түрлері жақсы дамыған. Мәселен, еуропалық стандартқа сәйкес жұмыртқа өндіретін «Алмалы» құс фабрикасы өңірде 2013 жылы  өз жұмысын бастаған. Жобаны жалпы құны: 550,0 млн.теңгені құрайды.

Асыл тұқымды ірі қалға малға арналған «Первомайский» сүт өңдеу зауытында жылына 6400 тонна сүт өндірілсе, тәулігіне 12 тонна сүт өнімдерін сыртқа шығарады және халықтың сұранысы өте жоғары. 2015 жылдың желтоқсан айында ашылған «Бөдене»  фермасы болса, айына 220 мың дана бөдене жұмыртқасы мен 220 кг бөдене ет өнімін дайындайды. Бұдан бөлек, Махамбет ауданында қолөнер ісі де жақсы нәжиже көрсетіп келеді. Кішкентайынан домбыраға әуес болған Бисенбаев Нұрлыбек бүгінде қолөнердің бірнеше түрімен айналысып, оны кәсіп көзіне айналдырып жүр.

Қазақстандағы тұңғыш мұнай өңдеу кәсіпорны

Махамбет қаласындағы экскурсиямыз аяқталғаннан кейін еліміздегі мұнай өңдеу саласындағы тұңғыш кәсіпорын Атырау мұнай өңдеу зауытымен жалғасты. Іргетасы 1943 жылы соғыс уақытында қаланған зауыт 1945 жылы пайдалануға берілген. Зауыт парафині мол мұнайларды өндейді. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ұлттық акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Негізінен, еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Зауытқа әр түлі компаниялар өздерінің мұнайларын әкеледі. Оны біз бөлек қазандарда дайындаймыз. Өнделген мұнайды кейін кәсіпорындар алып кетеді. Зауытта қазір 1800 қызметкер жұмыс істейді. Биылғы жылдың аяғына дейін механикалық жағын біріктіріп, кейбір объектілерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Техникалық рекламентке сәйкес бізден дайын болған өнімдер KA-4, KA-5 еуропалық стандарттына сәйкес келеді. Біз 2017 жылы осы жетістіктерге жетіп, Қазақстанның ішкі қуаты мықты зауыт болып қалуды көздейміз,-дейді техникалық бөлімнің бас маманы Әділет Шошанбаев.

Мұнай өңдеу зауытының бастапқы қуатылығы 800 мың болса, қазір 4 млн есеге дейін көтерілді. Ал, биыл 5 млн. тоннаға дейін өңдемек. Барлық технологиялық қондырғылар үлкен көлемді техникалық жаңартулардан өткізілген. Зауытта мұнайды бастапқы айдау қондырғылары, каталитикалық риформинг қондырғылары, техникалық азотты жасауға, баяу кокстау, мұнай коксын күйдіруге арналған қондырғылар жұмыс істейді.

 Еркінқала селосындағы бекіре зауыты

Соңғы аялдамамыз Еркінқала селосындағы бекіре зауытымен аяқталды. Қызыл кітапқа енген бекіре балығының өнімін сақтап қалу мақсатында жұмыс істейтін зауыт 1998 жылы ашылған. Қазір бұл зауыт бекіре балығының 10-нан аса түрлерін дайындайды. 78 қызметкердің ішіндегі 50 маман күні-түні тынымсыз еңбек етеді. Құрылған уақыттан бері қызмет атқарып келетін цехтың меңгерушісі Шайдуллина Гүлшат зауытта жұмыс жасаудың қиын екендігін айтады. Маусымдық жұмыстары наурыз бен маусым айларына дейін жалғасады. Мемлекеттің тапсырысы бойынша жылына 3,5 миллион балықты суға жіберуі керек. Балықтардың тұқымын көбейту үшін екі айдан күтіп, баптайды. Уақыты жеткен кезде әрі қарай өмір сүруіне ықпал етеді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.