«Боранқұл» құрамасы: «Үш жыл бойы кубок бізге бұйырмады»

Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін Атырау облысы әкімінің кубогі биылда жалғасын тауып, кеше М.Өтемісұлы атындағы драма театрда болып өтті. Осындай айтулы жүлделі байқауға еліміздің әр өңірінен келген 9 жайдарман топтары өз бақтарын сынады.

Облыс әкімінің кубогіне "Тамаша" ойын-сауық театрының негізін қалаушы Қойшығұл Жылқышиев, ардагер жайдарманшы Сағынтаев Даулет, Али-Самед Айтпаев, шоумен Отарғалиев Жахан, "Комета" жарнамалық агентігінің директоры Алтынбек Асқарұлы, Атырау облыстық "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Ринат Маратұлы қазылық етті.

Астарлы әзіл мен керемет көңіл-күй сыйлаған жайдарманшылар қазылар алқасы мен халықтың көңілінен шығуға тырысты. Ал олардың ойынын көруге келген халықтың қарасы да көп. Әзіл арасында облысымыздың кей проблемалары мен EXPO көрмесі де назардан тыс қалмады.

Байқаудың қорытындысы бойынша алдымен сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылып, жүлделі орындармен жалғасты. Ойын кезеңде қазылардың көңілінен шыққан Халилуллин Ержан "үздік ойыншы" атағын иеленді. Республикалық жайдарман ойындарында халық қошеметіне ие болған "Сағыз" квн командасына 3 орын берілсе, бұл команда қонақжайлықтарын көрсетіп, өздерінің ізбасарлары "Жем Сағыз" құрамасына берді. Арқалықтан келген ерке қыздар құрамы "Aru.kz" 2 орынға лайық деп танылды. Ал облыс әкімінің кубогі иегерлі болып Маңғыстаудан келген "Боранқұл" командасына бұйырды.

Депуттарды сынға алуға болмайды

Қойшығұл Жылқышиев, қазылар алқасының мүшесі:

− Бүгін өте жақсы сөз өнерінің мерекесі болды. Әрине, халықты күлдіру оңай емес. Әзіл арзан күлкіге алданбай, оны мазмұндап, халыққа ой салатындай болуы қажет. Ойын кезінде өнер көрсеткен жайдарман топтардың кемшіл тұстары да бар. Мәселен, Елбасымыз сайлаған депуттатарды өздерімен сынға алып, ЕXPO қымбат екен деуге болмайды. Менің ойымша, оларды әзілге қосып айту дұрыс емес. Бұл шындықты білдірмейді. Жайдарманшылар әрқашан тың әзіл іздеу керек. Мен оларға тек табыс тілеймін! Бүгінгі ойын әділ өтті деп бағалаймын.

Жайдарман жас талғамайды

Есен Елеукен, Қазақстан "КВН" одағы РЖҚБ президенті: 

− Жайдарманшылар кез-келген тақырыпта әзіл айта бермейді. Оларға тиым салынған тақырыптар да бар. Яғни, жеке тұлғаны қаралау, сахнада айтылмайтын анайы секілді әзілдер. Бүгін жайдарманшыларға қазылар алқасы тарапынан да ескерту берілді. Оның үстіне, жастар кәсіби емес. Өздерінің әуесқойлықтарымен ғана топта өнер көрсетіп жүр. Сонымен қатар, ойын алдында редакторлық жұмыс міндетті түрде жүреді. Біз бас жүлдеге лайық деп танылған топтар сахнаға шыққан кезде өздерін көрсете алмады. Керісінше, "Aru.kz" құрамы өздерін жақсы қырларымен танытты. Жастар қазақи қалжынмен қатып қалмай, қазіргі заманға сай түсінетін әзілдерді де қосу керек. Бірақ, белігілі шекарадан шықпағандары жөн. Қазір халық жай әзілден гөрі мәтіндік әзілді жақсы қабылдайды.

Жайдарманшылардың жастарына шектеу қойылмайды. Атырау қаласынының "36" құрамасы әуелден ойын көрсетіп келетін топ. Мұнымен қоса, қыздарға жайдарман ойнау ауыр. Әрине, 7-8 жігіттің арасында бір қыз жүрсе орынды. Ал қыздардың бәрі ойнаса ерсілеу де көрінуі мүмкін.

Атыраудың басқа облыстардың ерекшелігі – жайдарманшыларға арнап арнайы лагерь ұйымдастыруы. Биылғы өткен лагерде уақыт аз болғанымен, берілген мерзімді тиімді пайдалануға тырыстық.

Біз жеңеміз деп ойламадық

Атырау облысы әкімінің кубогіне ие болған «Боранқұл» командасының 2012 жылы құрылған. Қоржындарында 23 кубоктің иеленген бұл топта 8 жайдарманшы бар. Бүгін 3 жылдан бері облыс әкімінің кубогіне ие бола алмай жүргендіктерінін айтады:

− Біз бұл сайысқа өте мықты дайындықпен келген едік. Қарсыластарымыз да осал емес. Чемпион болу оңайға соқпады. Бас жүлде аламыз деген ой мүлде болмады. Барлық ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.