Какой сегодня день

20 сентября

Форумда жаңа жобалар қорғалды

Экологияның түп мағынасын ашу үшін біраз күш қажет. Жалпы, экология дегеніміз бұл жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, экожүйенің атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қоғамдағы білім мен ғылым дамыған шақта экология саласы да жедел дамып, көптеген жаңа салалар пайда болды. Соның бірі, экологиялық аспект  және  экологиялық менеджмент жүйесі.

  

Екі күнге созылған Сарайшық  өңірлік жастар форумына инженер-эколог Лаура Маликова экологиялық мәселелер жөнінде сөз қозғады. Жас экологтар мен болашақ экология саласының студенттері мен оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, жаңа идеяларды ортаға салды.

   

Маликова Лаура – 2010 жылы инженер-химик мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде энергетика және мұнай газ индустрия мамандығын тәмамдаған. Ал, инженерлік экология саласына ол қызығушылық танытып, кейін осы сала бойынша қызмет етуді жөн санағандықтан, Швеция еліндегі технология институтында химиялық инженер мамандығы бойынша білім алып келеді. Бес тілді еркін меңгерген Лаура Арктика, Свальбард секілді шет мемлекеттеріне барып, экологиялық зерттеулер жүргізген.

Лаура Маликова экологиялық аспект презентациясында алдымен ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесі туралы және экологиялық аспектің қоршаған ортаға әсері тақырыбы төңірегінде аудитория ішінде біраз сөз қозғады. Оның айтуынша, экология саласы Қазақстанда енді ғана дамуда. Егер жас мамандармен бірігіп, жаңа идеялар төңірегінде біраз жұмыс жасаса экология саласында біраз биіктерді бағындыруға болады.

     

Экологиялық менеджмент жүйесі

Экологиялық менеджмент жүйесі – бұл қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық жүйесі. Экологиялық менеджмент жүйесі қоршаған ортаға әсерін анықтауға және бақылауға қоршаған ортаны үнемі жақсартуға ұмтылу  жолында арнайы компаниялар мен ұйымдарға практикалық құралдар ұсынылып отырған. Бұл жүйенің стандартын енгізудің артықшылықтары төтенше жағдайлар мен олардың салдарынан пайда болуын және ауырлық дәрежесін төмендетуі мүмкін болғандықтан, қоршаған ортаны таза ұстаудың жолдарын қарастыруды қолға алуды жоспарлап отыр. Қоршаған ортаны жақсарту есебінен ауруларға байланысты шығындар азайып, қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру керектігі айтылды. Сондай-ақ, материалдар мен энергияны ұтымды пайдалану арқылы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттырып, кез-келген ұйымның экологиялық мәдениетін күшейту қажет.

   

Экологиялық аспект деген не?

Экологиялық аспект бұл қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін ұйымның қызметі. Айтарлықтай аспект – қоршаған ортаға елеулі әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін экологиялық жүйе. Сонымен қатар, қоршаған ортаның маңызды аспектісі экологиялық менеджмент жүйесінің негізі болып табылатындықтан, оны халықаралық стандарты маңызды экологиялық аспектілерді басқаруды көздейтіндігі айтылып сарапқа салынды. Экологиялық аспектілге топырақтың ластануы, мұнайдың төгілуі, атмосфераға шығарындылар, қалдықтардың пайда болуы және өрттің шығуы жатады.

   

Экологиялық аспект туралы айтылған талдаудың нәтижесі айналып келіп адамдардың бірлігіне тірелді. Жиналған қатысушылар арасында  экологиялық аспектіден бөлек қоршаған ортаның ластануы туралы да сөз қозғалды. Қоршаған ортаның таза болуы тікелей адамға қатысты болғандықтан жауап нақты.

Лаура Маликованың баяндамасынан кейін жастар өңірлік форумының қатысушылары өздерінің жобаларын ұсынып таныстырды. Атап айтсақ, Ақтөбе, Орал өңірлерінен келген қатысушылар және Атырау өңірінің жас мамандары мен студенттері мен оқушылары да бар. Соның бірі, Орал қаласынан келген Иманғалиева Әсемнің жобасы көпшіліктің қөңілінен шықты.

   

Тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын тиімді қолдану

Иманғалиева Әсем Орал облысының Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан   аграрлық-техникалық университетінің 4 курс студенті. Ол осы жоба арқылы  студенттердің халықаралық  ғылыми жобалар байқауында үздік жобасы үшін  Қытай тау – кен ісі және технология университетіне химиялық инженерия мамандығы бойынша магистратураға білім грантына ие болған.

Жобаның  басты мақсаты – полистиролды қалдықтар мен резеңке техникалық бұйым қалдықтарын қолдану арқылы құрылыс кірпішін алудың технологиясын жетілдіру. Яғни, үй тұрғызатын кірпіштің құрылысқа енгізілуі. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қалдықсыз химиялық технологияны қолдана отырып, екіншілік қолдану арқылы құрылыс саласын отандық жаңа құрылыс материалымен толықтыру және еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту дейді. Ал, жобаның ең маңызды ерекшелігі – үлкен қаржылық шығыны бар жүк көтергіштік контрукциясыз қолданылып, жылу жүйесіндегі жылу жоғалтулардың аз болуы. Мұнымен қоса, отынның үнемделуі және жаз мезгілінде қоңырсалқындықтың алдын алып, суықтан тиiмдi қорғағыштығы, кірпіштің аязға және әртүрлі сыртқы күштерге төзімділігі, суды аз сіңіреді және отқа төзімді болуу. Ұсынылып отырған жобада қазіргі заманның үш негізгі өзекті мәселесі қарастырылады. Атап айтсақ, құрылыс саласы, экологиялық мәселе, қалдықсыз химиялық технология.

«Алынатын өнім экономикалық, экологиялық тиімді және еліміздің құрылыс саласының отандық өніммен толығуына  мүмкіндік  береді»,- дейді Әсем Иманғалиева.

    

Күн мен желден энергия алатын ақылды ағаш

Форумда қозғалған тағы бір ерекше жоба атыраулық жас ғалым, өнертапқыш Ержан Нүрединовтың күн мен желден энергия алатын ақылды ағашы. Бұл жоба осыдан бір жыл бұрын туған. Алайда, қолдау болмағаннан кейін осы жылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, елімізде болып жатқан «EХPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне де қойюға даындалған, алайда уақыттың тығыздығына байланысты жобаны дайындап улгермей қалған. Бұл жобаның мақсаты – халықты күннен және суықтан, ал жаз мезгілінде ыстықтан қорғау. Ағаштың үстінде күннен қорғап тұратын арнайы араның ұясына уқсайтын алты бұрышты ақылды күн панелдері бар. Жоба қарапайым халыққа өте қолайлы. Өйткені, тек күннен мен суықтан қорғап қана қоймай тегін Wi-Fi интернет желісі, ұялы телефондарды тегін қуаттағыш USB қондырғысы да іске асырылатын болады. Қондырғының жарамдылық мерзімі: 25 жыл, кепіл мерзімі 10 жыл.

   

Шөлейттенуге қарсы күресте роботтарды пайдалану

Жобалар арасында спикерлеріміз Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Хобдабаев Мақсат  пен Адайбаева Айнұрдың жобасын ең үздік деп тапты.

Шөлейттену жаһандық экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблеманың айқын көрiнiсi болғандықтан, Атырау жерінің құрғақтығына байланысты оқушылар арнайы робот технологиясын ойлан тапқан. Бұл құрылғы топырақтың құнарлылығы нашарлауын, өсімдіктердің өлуінің алдын алады. Шөлейттену нәтижесінде жер бетінде жыл сайын 6,000,000 құнды жер жоғалады екен. Робботтың топырақ өңдеу процесінде бұл келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.