Какой сегодня день

26 июля

Қанат Бейсекеев: "Мен жолы болғыш адаммын..."

Жақында қаламызға Ғалымжан Молданазардың «Мейірімді бол» әніне «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының еріктілерін бейнебаянға түсіру үшін Қанат Бейсекеев келді. 

Қанат Бейсекеев − Қарағанды қаласының тумасы, талантты фотожурналист, Нью-Йорк қаласында білім алған қазақ студенті. Бүгінде шетел қазақтары туралы деректі фильмдер түсіріп, өзін режиссер ретінде сынап жүрген танымал азамат. 


«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының еріктілерін бейнебаянға түсіру үшін келген Қанат Бейсекеев танымал блогер Дина Изтелеуованың бастамасымен 26 ақпан күні анти-офиста қаламыздың бір топ жастарымен кездесіп, өз тәжірбиесімен бөлісті. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді өзінің ерекше суреттері арқылы жеткізе білген талантты фотожурналист жастарды қызықтырған барлық сұрақтарға еркін әрі шынайы жауап берді. Кешті танымал бизнес-тренер Ержан Нұршанов тізгіндеді. 

Кездесуде Қанат өзінің Қарағандыда дүниеге келіп, кейін Алматы қаласына қоныс аударғандығын, суретке түсіруге деген қызығушылығы әпкесінің фотоаппарат сыйлауынан басталғандығын айтты. Сонымен бірге, ол өзінің шетелде оқуға құжаттарын тапсырып көруге бел байлап, кейін көпшілік жай армандап жүрген кезде жолы болып кеткендігін жасырмады. «Мен өзімді жолы болғыш адаммын деп есептеймін» деген Қанат өзінің бүгінгі жетістігін талай ұйқысыз түндері мен өлшеусіз еңбегімнің жемісі десе, өзіне сенім артқан ата-ана, бауырларының қолдауы да үлкен көмек болғандығын айтып өтті. Қазір қысқа метражды деректі фильмдер түсіріп жүргендігін уақытпен келген тәжірибе екендігін айтып, алдағы уақытта да Нью-Йорк пен Қазақстанда қатар жұмыс жасап, көп деген жобалар жасауды ойлап жүр екен. Қанат өзін тыңдауға келген жастарға шын ризашылығын білдіріп,жетістікке жету үшін тыңбай еңбек ету керек деген кеңес берді. 


Қанаттың айтқан әңгімелері қызық болғандығын 2 сағатқа созылған кездесуде бірде-бір жанның орнынан табжылмай тыңдауынан аңғару қиын емес еді. Кешкі асын ішпестен атыраулық жастармен кездесуге асыққан талант иесін шара аяқталғаннан кейін де жанына барып жеке-жеке сұрақ қойған жастар оңайлықпен жібере қоймады. 

Жас та болса үлкен белестерді бағындырып, қазақтың есімін шет елдік дәрежеге көтеріп жүрген Қанат-қазақтың нағыз мақтанышы. Оған әрі қарай да қанатың талмай, самғай бер деген тілек білдіреміз!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.