Көпшілікті таңғалдырған «Қазақ Fest» қалай өтті?

Жақында Елордамыз Астана қаласында көптен күткен «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өткен болатын. Міне, осы көрменің өткізілуіне орай, Атырау жастары 10 маусым күні Қ.Смағұлов алаңында «Қазақ Fest» жобасын өткізді. Қаламызда өткен этноауыл көрмесінде Атырау жұртшылығы қазақ ауылының күнделікті және мерекелі өмірін тамашалай алды.

Қызықтың бәрі «Этноауылда»

Алдымен, жиналған көпшілік жұрт көже мен бауырсақтан дәм татты. Алаңда тігілген киіз үйлерде жас сәбидің тұсау кесу мен бесікке салу рәсімдері өтіп, «Жастар» театры мерекені одан әрі қарай әуездеген әндермен жалғастырды.

«Астана қаласында «EXPO-2017» көрмесі аясында өткізілген бұл шараның мақсаты – Атырау жұртшылығына керемет тарту жасау. Дәл Астана қаласындағыдай болмаса да, оның шағын түрін өткізуді жоспарладық. Халыққа 20 кг бауырсақ пен 100 литр көжеден дәм татқызамыз. «Этноауыл» жобасында букросинг, суреттер көрмесі, аңшылық және садақ ату өнері, ұлттық ойындар, қылқалам шеберлері, садақ ату, тазы және жылқы тұқымдарының таныстырылымы өтеді. Бұл кеш халыққа ұнайды деген ойдамын», − дейді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Әйгерім Жардемқызы.

Этноауылда жиналған қауым букросинг шарасына қатысып, қалаған кітабын алмастырды. №1 қалалық кітапхана директоры Бүркітова Құралай «EXPO-2017» көрмесіне орай кітаптардан «EXPO» жазуы бар тізбек құрастырғандарын айтады. Сондай-ақ, кітапхана қорындағы кітаптар да таныстырылып өтті.

Қолөнер бұйымдар көрмесі

«Сәндік қолданбалы өнер» бағытында қазақтың қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі орнатылды. "Инфо центр" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған көрмені қонақтар тамашалап қана қоймай, сатып алуға да ниеттенді. Айта кетсек, көрмеде Назарбаев зияткерлік мектебі, Қ.Дүтбаева атындағы колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжі мен Атырау политехникалық колледжері қатысты. Солардың қатарында жас өнертапқыш Елубай Иманат энергия қуатын өз-өзімен қамтамасыз ететін құрылығына жасап шығарған. Бұл оның диплом жұмысына қорғаған тақырыбы екен. Шара соңында оның жұмысы «үздік» деп танылып, ақшалай сыйлық табысталды.

Ал көрмеде қойылған ҚР суретшілер одағының мүшесі Камила Жапалованың 15-ке жуық туындылары қойылды.

«EXPO-2017» көрмесі біздің асыға күткен мерекеміз. Осындай көрмеге орай, ұйымдастырылған шараға өз үлесімді қосып жатырғаныма қуаныштымын. Облысымыздың атынан EXPO-ға баратындықтан, қатты қобалжу үстіндемін. Ойыма жаңа идеялар келіп, қызу дайындалудамын», - деп суретші өз әсерімен бөлісті.

Қаламыздың жас өнертапқыштары да 100-ге жуық футболкілерге «EXPO» жазуы бар суреттер салып, "ИНфо центр" ұйымы тарапынан жастарға тегін таратылды.

Ұлттық спорт да назардан тыс қалмады

Қазақ халқының қанына сіңген дәстүр аңшылық пен садақ ату өнері де этноауыл шарасынан тыс қалмады. Мұнда саятшылық, жылқы тұқымы таныстырылып, дала тазыларымен халық естелік фотосуреттерге түсті. Бұл ұлттық ойындардың қатарында «Жайық тарландары» арқан тартыс, садақ ату, қазақша күрес, кір тасын көтеру жарыстарына жастар белсенді қатысып, ептіліктерімен көзге түсе білді. Нәтижесінде, қазақ күресінен 16 жұп қатысқан сайыста Райымбек Ашықбаев жеңімпаз атанды.

Еріктілер EXPO-ға дайын!

Алаңға жиналған халыққа Атырау жастары өз өнерлерін көрсетіп, EXPO көрмесіне қатысты қойылған викториналық сұрақтарға да жауап берді. Еліміз үшін маңызы зор айтулы көрмеге қаламыздан 50 жас ерікті барады. Бұл еріктелерді "Инфо центр" қоғамдық бірлестігі осы көрмеге орай, арнайы дәрістер өткізіп, дайындаған болатын. Шарада еріктілердің орындауында бірнеше әнді халық қосыла шырқады.

Лаззат Өтепова, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының шеф-редакторы:

-Кеше ғана ашылу салтанаты өткен EXPO көрмесі тек Астана қаласында ғана емес, Қазақстанның әр түкпірінде аталып өтіледі. Алғаш болып Атырау қаласында өтуде. Осы көрме аясында қаламызда өткізілетін барлық шараларға атыраулықтарды белсенді қатысуға шақырамын. Этноауыл барлық бағытты қамтыған. Түрлі ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесі де ұйымдастырылған. Халықтың да көңіл-күйі көтеріңкі.

 

 

 

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.