Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Мұғалім болу оңай ма?

"Ғалым да кенші де бас иетін, Ұстазым бар сенің қасиетің" деп мұғалімдер күнінде ән шырқамаған оқушы кемде-кем болар. Иә, ұстаздар күні демекші, жақында ғана атойлап болмаса да, тойланып өткен ұлы мереке қарсаңында осынау ауыр жолды таңдаған Айнұр Өтемісқызы №19 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі біздің бүгінгі кейіпкеріміз.

"Бір күн білім бергенге мың күн сәлем бер" дейді дана халқымыз. Техника дамып, адамдардың құндылығы өзгерген уақытта мұғалімдерге бір-бір үйдің еркесі мен тентегіне білім мен тәрбие беру оңай емес. Олай болса, кейіпкеріміздің мектептегі бір күні қалай өтетінін бірге анықтап көрейік.

Жас мұғалім 2007-2011 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің география пәні бойынша білім алса, 2011-2013 жылы жаратылыстану ғылымдарының магистрі атанған. 2012 жылы №19 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

Қазіргі таңда жоғарғы сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатып келетін Айнұр таңертеңгі сағат 7:45 уақытында үйден шығып, жұмысына барды.

Біздің кейіпкеріміз бүгінгі күннің алғашқы сабағын 6 «ә» сыныбынан бастады. Оқушылардың көбісінің ұйқыларының қанбай, сабақта мең-зең отырғанын Айнұр байқаса керек, сергек болу үшін 10 минуттай жаттығу жасады.

Алғашқы сабақ аяқталып,  6 «а» сыныбына «жергілікті жердің планетасы» тақырыбында екінші сабағын бастады. Алдымен, оқушылар күннің жадысын мен сабақтың тақырыбын жазды. Содан кейін Айнұр бүгінгі тақырып жөнінде оқушыларға толықтай түсіндіріп өтті. Бір байқағаным, оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтары жоғары екен. Картадан кез-келген мемлекетті оңай таба алды.

45 минутты құрайтын сабақ та аяқталып, оқушылардың бәрі 15 минут үзіліске шығып, 10 сынып оқушыларының мұғалімдер күніне дайындаған шағын ғана мерекелік концертін тамашалады. Жоғарғы сынып оқушылары ұстаздарына арнап өлең айтып, мектепте ұйымдастырылған шарада белсендік танытқан оқушыларды марапаттаумен жалғасты.

«Мұғалім болуды бала күнімнен армандадым. Бұл саланы таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін. Басқа мамандықты таңдауға мүмкіндігім туды. Алайда, география пәнінен мектеп кезінен бері қызығушылығым болатын. Қазір арманым жүзеге асты»,-дейді жас мұғалім.

Қ. Сәтбаев атындағы №19 мектеп-гимназиясы 1972 жылы мектебі оқушыларды қабылдап, өз жұмысын бастады.  Мектеп 1300 балаға арналса, бүгінде 1286 оқушы білім алуда. Оқу ордасында 102 мұғалім еңбек етсе, Айнұр солардың бірі.

«Айнұрдың басқа мұғалімдерден ерекшелігі – алғашқы келген күннен бастап, оқушыларды ғылыми бағытта дайындауға зер салды. Оқушылары пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардан жыл сайын орын алып келеді. Көп жастардың бойынан табылмайтын адамгершілігі, білімділігі, ізденімпаз ғалым екенін бізге дәлелдей түсті. Біз Айнұрдың болашағынан зор үміт күтеміз. Ол секілді жастар бізге келіп жұмыс жасаса, оқу орда да білікті маман болып шығатынына еш күмән келтірмейсіз»,-деп мектеп директоры Мырзағалиев Ақылбек Айнұрға жылы лебізін жеткізді.

Өз мамандығын ерекше сүйетін Айнұр көптеген байқаулардың жеңімпазы. Атап айтсақ, 2014 жылы қалалық «Жас мұғалім» байқауынан 3 дәрежелі дипломымен марапатталып,  ҚР Білім және ғылым министрлігі Астана қаласындағы ұлттық тестілеу орталығының алғыс хатының да иегері атанған. Сондай-ақ, 2015 жылы «Үздік жас мұғалім», 2016 жылы облыстық «Үздік жас мұғалім» жарысынан 2 орын иегері.

Айнұр Өтемісова:

-Төртінші, бесінші сабағым 7 «а», «ә»сыныптарына өтті. Онда біз әуелі үйге берілген сарамандық жұмыстарын тексеріп өтіп, «географияның номенклатурасы» тақырыбында сабақ жүргіздік. Қазір бұл сыныпқа жаңаша форматта сабақ өткіземіз. Оқу құралдары да биылдан бастап жаңартылды.

Айнұр бүгінгі күннің сабақтары аяқтап, оқушылардың дәптерін тексерумен жалғасты.

P.S: Ұстаздың еңбегі әрқашанда елеулі. Біздің білімді адам болуымыздың жолындағы олардың еңбектері қаншама?! Өз баласынан шәкіртін жоғары қояу тек ұстаздың қолынан келетін шығар. Қанша ғасыр өтіп, техника қалай дамыса да ұстазға деген құрмет жоғалмауы тиіс.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.