Бүгін қандай күн?

20 қараша

Мүгедектер әлеміндегі бір күн

Айналада болып жатқан құбылыстарға  мән беріп қарар болсақ , әр адам өзінше тіршілік етіп әлек. Бірі атақ пен байлықтың артынан жүгірсе, енді бірі әр күнін жарық дүниеге келгеніне шүкіршілік етумен өткізеді. Ал әлемде қаншама көмекке мұқтаж жандар бар. Біздің бүгінгі кейіпкерлерімізді мұқтаж деп айтуға мүлде келмейді. Олардың рухы биік, жігері жасымаған.  Атырау қаласындағы «мүгедек әлемі» қоғамдық қоры дәл осы сөздің себепшісі секілді. Өмірге нағыз құштар жандардың тірлігімен жақынырақ танысу үшін орталыққа ат басын бұрған едік.

  

                                                                                          Уақытқа тәуелді тағдырлар

Әрине, мүгедектер үйін түгелдей аралап шығу мүмкін емес. Десе де, біз аядай екі бөлмені қамтыған орынға келіп, ол жандардың жұмысымен таныстық. Құрылғанына 15 жыл болған «мүгедек әлемі» осы уақытқа дейін әлеуметтік жобаны дамыту мақсатында  35-ке жуық шара ұйымдастырған. Мұндағы энергия мүлде ерекше. Мүгедек әлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерінше жетіліп, оларды адам санатына қосу үшін «Теңізшевройл» компаниясының қосқан үлесі зор. Өйткені, компания өкілдері бұл жандардың оқуына қажетті барлық жағдайды жасап отыр. Қолөнерге қажетті бұйымдар түрлі-түсті жіптер, сызбалар, қазақи оюлар барлығы да компанияның құзырында. 

Қордың жетекшісі Ақмарал Амантайқызының айтуынша, «Теңізшевройл» компаниясы ұйымдастырған бұл жоба  4 жыл бұрын қарастырылып биыл іске асып отыр. 2017 жылдың сәуір айынан бастап «мүгедек әлеміне» қолдау көрсетілген.  Жобаның мерзімі - 1 жыл. Осы аралықта мүмкіндігі шектеулі жандар өз еріктерімен бірнеше дүние жасап үйренуі тиіс.

  

Мүгедек жандар үйден келіп, арнайы сабақ алып, топ болып жұмыс жасайды. Қолөнер шеберлігі, ағаштан түрлі бұйымдар жасауды үйренеді. Қазіргі таңда бұл жерде 50-ге жуық мүгедек жандарға 4 маман қызмет етуде.

Олардың жасаған жұмыстарына қарап, 1 жыл емес бір айдың ішінде үлкен жетістікке жеткендігіне көзіміз жетті. Себебі, қарапайым қолөнер маманы 3 айда жасап бітіретін дүниені олар бірлесіп бір айдың ішінде бітірген. Жасаған әр дүниесі дүкенде сатылатын бұйымдардан артық болмаса кем емес. Ақ қызыл түсті қазақи нақыштағы сөмкелер, ұлттық нақыштағы бұйымдар  әрбір жанды қызықтырамай қоймайтыны анық. Ал, ол жандар болса, осындай әдемі дүниенің иесі.

Олар нағыз өмірдің не екендігін және қалай өмір сүру керек екендігін білетін, түсінетін салмақты да сабырлы жандар. Қамқорлыққа мұқтаж  бұл жандар ел қатарлы өзгелермен тең дәрежеде өмір сүруге құқылы. Олардың титімдей тағдыры теңгенің құзырына байланған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қарапайым адамның қолынан келмейтін дүниені жасап, сол арқылы өздерін жетілдіріп отырғандығы қуантады. Өздерінің мүмкіндіктеріне қарамастан олар бір бөлменің ішін  әдемі қазақи бұйымдармен толықтырып қойған.

    

Жұмысым өзіме ұнайды

Қолөнер мамандығына дәріс беретін Айнұр Мұхамеджанқызы екі жүрде қызмет етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау оңай еместігін айтады:

-Егер бұл жұмысты еңбекақысыз жаса десе де келісер едім. Өйткені, қайырымдылық жасау жас талғамайды ғой. Бір жанның сәлде болса жетілуіне көмегім тиіп жатырса, ол мен үшін бір бақыт.

   

Біз мұндағы жандарға белгілі уақыт шектеп қоя амаймыз. Қалаған уақыттарында келіп үйренгісі келетін дүниелерді жасайды. Қарапайым адамдардың қолынан келмейтін дүниелерді олар оңай үйренеді. Бірінің аяғы жұмыс жасамағанымен, қолы көп нәрсеге икемді болуы мүмкін. Ал, зағип жандарға келетін болсақ, олардың сезу қабілеті өте жоғары дамыған. Ол жандармен көбіне жапсырмалау өнері бойынша жұмыс жасаймыз. Көздері көрмесе сезу мүшелері арқылы жасап отырған дүниесінің алдын, артын оңай ажырата алады.  Мүгедек жандарға сәл де болса оңалуына мүмкіндік жасау мен үшін үлкен жетістік.

Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысымен танысып жүріп,  ДЦП (церебральді сал ауруы) сырқатына шалдыққан 38 жасар Әсемгүл есімді  жанмен тілдестік.

  

Өмірге құштар жан

Ғабдуллина Әсемгүл өмірге келген сәтінен бастап, ДЦП сал аурына шалдыққан. Ол осы үйірмеге Махамбет ауданынан ат терлетіп арнайы келеді. Оның өмірге деген құштарлығы, білімге деген қызығушылы сау адамды қызықтырмай қоймайды. Әсемгүлді көрген кезде оның рухының беріктігі адам таңқалуға тұрарлықтай. Бес уақыт сәждесін қаза қылмайтын ол Алланың берген күш қуатының арқасында құлшылығына бейқамдық танытпайды. Жартылай сал болса да, денсаулығына қарамастан сау адам жасай алмайтын дүниені меңгерген. Тіпті, өзінің жағдайына қынжылып сырқатын әлек қылмайды. Қамшының сабындай жалған өмірді жалпағынан басу емес, құлшылығын кемелдендіру оның басты мақсаты.  Иманның күштілігі осы болса керек. Әсемгүлдің бойындағы ең ерекше қабілет ол оған аяқ астынан келген ақындық өнері. Бұл қабілетін ол тағдырдың берген сиы деп қабылдайды. Өмірге өкпесі жоқ. Ашық мінезді, ақ көңіл жан. Қазіргі таңда Әсемгүлдің қоржынында 100 жуық өлең бар. Кітап шырау үлкен арманым дейді. Алайда, қолдау көрсететін жан жоқ. Өлеңдерінің басым көпшілігі рухани, имандылық тақырыбында. Мектепке бармаған мұндай жанның бойында пайда болған талантын Алланың берген сиы демеске болмайды. Кітапқа деген қызығушылығы жоғары. Белгілі ақын, жазушылардың өлеңдерін шығармаларын жиі оқып тұрады.

Оның әдемі өрнектелген шумақтарынан оның өмірге құштарлығын сезуге болады.  Мұндай жағдайда жыр жазу көрінгенге көнбейтін іс. Әр жазған өлең шумақтарында қынаптан суырылған алмас қылыштай қайсар шабыт жарқ ете қалады. Арыстан болып ашынады, пенде болып мұңаяды, періште болып қуанады. Өмірге шала келсе де, даралығын танытып жүрген ол бойындағы алып қуатының арқасында өмірден өз сыбағасын алып қойған-ды. 

   

«Мүгедек әлемі» тек өздеріне келген жандармен жұмыс жасап білім бермейді. Сондай-ақ, «Аналар үйіне де барып шеберлік сыныптарын өткізеді. Соның бірі «Аналар үйі».Бұл шеберлік сыныбын ұйымдастырудағы басты мақсат жас аналардың қолөнер шеберліктерін дамытып үй шаруаларына бейімдеу.

P.S: Осылайша, біз жас аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың  қолөнер шеберліктеріне куә болдық. Тағдырдың берген сиына сын айтпай қарайтын бұл жандардың жігері мықты, рухы биік. Алдағы уақытта «мүгедек әлемі» қыс айында мүмкіндігі шектеулі жандардың жасаған жұмыстарынан шағын көрме жасуды жоспарлап отыр. Олар бұл тірліктерімен өздерін дамытып тіршілік етуде. Аяқ қолымыз сау кезде сіз бен бізде жақсылық пен білімге ұмтылайық!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.