Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Назгүл Бисенбаева: "500-дей қыздың арықтауына көмектестім"

Кез-келген адам арықтау үшін алдына мақсат қоя білуі қажет. Яғни, арықтаудың өзіңе керек екенін түсінгенде ғана арманына жете алады. Сократ: «Біз тамақ жеу үшін емес, өмір сүру үшін тамақтанамыз» дейді. Сол секілді, тамақтың да өзіндік орны бар. Шектен тыс асты қабылдамай, бір сәтке болса да асқазаныңды ойлау керек дейтін Назгүл бізбен қалай артықтағанынан бастап, қалай артықтауға болатына дейін бөліседі.

Өмірімде диета ұстап көрмегем

Атырау облысы, Құлсары қаласында 1987 жылы, қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем - көлік жүргізушісі, анам - кәсіпкер. Үйде бес баланың ортаншысымын. Балалық шағым ата-анамның арқасында алаңсыз өтті. "Қазақтың жауырыны қақпақтай" деген сөзі бізге айтылған секілді (күліп). Себебі, біздің әулетімізде бәрінің сүйегі ірі. Кішкене кезімде денем ірі болғанымен, оған аса қиналмайтынмын. Өсе келе қатарластарымнан 1-2 размер үлкен киім киетініме ыңғайсыздана бастадым. Мектепті аяқтағаннан кейін, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Мамандығым бойынша 10 жылдан бері мектепте қызмет етіп келемін. Оқушылармен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды.

Жолдасым екеуміз бір ауылданбыз. Мені үнемі қолдайтын, сенетін адамды жолықтырған Жаратушыма ризамын. Ол мені алғаш таныған күні қалай қабылдаса, әлі күнге солай қарайды. Бір ұл, екі қызымыз бар. Үшінші қызымды босанар кезде салмағым 113 кг болды. Жүріп-тұруымнан, демалуыма дейін қиындап кетті. Базарда киім болса да, сүйгенімді таңдап кие алмайтындықтан, көп жерге бармайтынды шығардым. Жолдасым ешқашан "арықта" деп айтқан емес. Бәлкім,содан да еркінсіп кеткен болармын. Әйтуір, уақыт өте жарымның жанында ажарсыз боп жүруге ұяла бастадым. Сосын бұлай жалғасуы мүмкін емесін ұғып, "арықтаймын" деп шештім.

Басында неден бастау керектігін, қалай арықтауға болатынын түсінбедім. Өйткені,  өмірімде диета ұстап көрмегенмін. Талай рет дәріханаға барып, дәрі де алмақ болғам. Отбасым болғандықтан, тәуекелге бара алмадым.

Ұйқыдан арық боп тұрмайсың...

Дұрыс тамақтануға 2016 жылдың 13 сәуірінде көштім. Дамыған заманда өмір сүргендіктен, не істеймін десең де қиын емес. Бірде әдеттегідей инстаграмды ақтарып отырып, бір қыздың парақшасынан дұрыс тамақтану жөнінде ақпарат тауып алдым. Ол қыздың өзін тамақтан шектемей арықтағанын көру маған үлкен мотивация болды. Алғашында дұрыс түсінбейтін болдым. Төрт ай бойы дұрыс тамақтану жөнінде ақпарат жинап, білім алдым. Басында ұйықтап, оянғанда арық боп тұрғым келетін. Алайда, уақыт өте келе әр дүние үлкен еңбектің арқасында келетінін түсіндім. Күнде «ертең» деген сылтаудан бас тартып, 13 сәуір күні нәрестемнің 4 айлығына қарамастан, дұрыс тамақтануға көштім. "Шешінген судан тайынбас" деп 5 мезгіл тамақ ішуді бастадым. Басында сәл қиын болғанын жасырмаймын. Алайда, маған өзіңді жеңіл сезінген және дәмді етіп 5 мезгіл ауқаттанған ұнады. Жалығып кетпеу үшін аз мәзірін үнемі жаңартып отырдым. Тамақты өлшеуді, калория санауды үйрендім. Өмірімнің жаңа парағын ашып, спортпен айналыса бастадым. Салмақ түсе бастағанда жаңа күш-жігер пайда болып, өз-өзіме басқаша қарай бастадым. Үлкен еңбектің арқасында 8 айда 40 кг арықтадым.

3500 кг салмақ түсірту оңай шаруа емес

Алғашында өзімнің арықтағаныма ешкім сенбеді. Тіпті, күйеуім сен осы дәрі ішіп жүрген боларсың дейтін. Арықтау ең алдымен, өзімнің көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Шын қаласа, адамның қолынан келмейтін дүние жоғын түсіндім. Жақсы адамдармен танысып, достарымның саны артты. Алғашында құрбыларым мен достарыма дұрыс тамақтанудың ережелерін жазып беріп жүрдім. Олардан жақсы нәтиже шыққанын көргеннен бастап, әрі қарай жалғастырғым келді. Сол себепті, Астана қаласында NS оқу орталығынан  білім алып, кәсіби диетолог деген сертификат иелендім. Шамамен, осы уақыт аралығында 500-дей қыздың арықтауына көмектестім. Жетелеуімнің арқасында 45 кг арықтаған адамдар да кездесті. Мұның бәрі адамның ерік-жігеріне байланысты. Алғашында тегін кеңес беріп жүргеніммен, бұл ісім өнбеді. Өйткені, мен тегін көмектессем де, арықтайтын жандарда жауапкершілік болмайды.

Ең алдымен, кеңес берушілерімнің денсаулықтарына мән беремін. Мәселен, бір адамдарда қант диабеті болуы мүмкін. Ондай жағдай кездессе, дұрыс тамақтану ережесіне тәтті тағамдарды қоспаймын. Жалпы, ортақ есеппен осы күнге дейін барлық қатысушым 3500 кг салмақ тастады. Бұл айтқанға оңай болғанымен, іс жүзіне жеңіл шаруа емес. Сол себепті, қазір дұрыс тамақтануды шағын кәсіпке айналдырдым. Әр адаммен жеке жұмыс жасайтындықтан, олардың бәріне өз энергиямды жұмсаймын.  

 

  Әр адам қайырымдылықпен айналысуы керек

Дұрыс тамақтанудан түскен ақшамның жартысын қайырымдылыққа жұмсаймын. Әр адам Алланың берген несібесін мұқтаж жандармен бөлісуі қажет сияқты. Алдағы уақытта бұл жұмыспен тұрақты түрде айналысып, адамдарға сәл де болса пайдамды тигізсем деймін.

Негізінен, біздің асқанымыз 3 күнге аш жүруге шыдайды. Тек біз тамақ туралы ойлай бермесек болды. Артық салмақ адамды ауруға әкеліп тірейді. Тіпті, қатерлі ісікке де шалдығуы мүмкін. "Арықтаймын" дейтін адамдарға мынадай кеңес берер едім.

Біріншіден, психологиялық тұрғыдан дайын болып,  бойында өзіне деген сенімсіздік болмауы керек. "Арықтаймын" деп алдына мақсат қойса, соңына дейін жеткізген деген дұрыс.

Кешкі сағат 6-дан кейін мүлде ас ішпеңіз дегенге сенбеңіз. Соңғы тамақты ұйықтар алдында 4-5 сағат бұрын жесеңіз болды. Сіз арықтай бастаған кезде, өзіңізге деген сенімділігіңіз оянып, өзіңізді жеңіл сезіне бастайсыз. Ендеше барлық ниетті жандарға сәттілік тілеймін!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.