Бүгін қандай күн?

20 қараша

Нұрсаядағы ерекше өнер клубы

Егер сіз балаңыздың жазғы демалысын тиімді өткізіп, оның шығармашылық бағытта әрі қарай дамығанын қаласаңыз, жуырда ғана ашылған «Достық» аула клубы сіз үшін пайдалы болары сөзсіз. Себебі, бұл үйірмеде 8 мамандық түрін тегін оқи алуға мүмкіндігіңіз бар. Бір қолайлысы, тек бүлдіршіндер ғана емес, жастар да қатыса алады. Осы клубтың ашылғанын естіп, біз де Нұрсая ықшам ауданында орналасқан 11 үйдің ірге қабатында ашылған үйірменің қызметін білу мақсатында арнайы барып қайтқан едік.

«Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ашылған клубта гитара, баян, ағылшын тілі, шахмат, дойбы, өлкетану, сәндік қолданбалы өнер, бейнелеу секілді мамандық түрлері бар. Үйірмелер шығармашылық, танымдық және спорттық бағытта жүреді. Әр бағыт бойынша екі үйірмеден 6 түрлі мамандық бойынша жұмыс жасайды.

Ашылғанына бірнеше күн өтсе де үйірмеге қатысушылардың легі лық толы. Бәрі өнерпаз болуды қалайтын бүлдіршіндер. «Достық » аула клубына келуші жасөспірімдер арасында Шымкент, Ақтау қаласынан жазғы демалысын ағайын- туыстарында өткізуге келген балалар бар. Сонымен қатар, тек Нұрсая ықшам ауданында тұратын балалар ғана емес, облысымыздың әр ауданынан келген қатысушылардың қатары өте көп. Сабақтар 5 күн сайын таңертеңгі 10-00 -12-00,  түс мезгілінде 15-00 – 17-00 аралықтарын құрайды. Үйірмеге қатысушы тек бір салаға ғана емес, басқа да мамандықтарға қатыса алады.

Біз аула клубына келген сәттен-ақ баян мен гитара аспаптарынан дәріс өткізіліп жатты. Алдымен, алғашқы сабағында аспаптарды дұрыс ұстау мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өтті.

-Біз әр ата-аналарға жарты сағат уақытымызды балаларды аспаптарға дайындаумен өтетіндігін айтамыз. Кейде бала жеке дәріс алғысы келсе, оның уақыты бөлек жазылады. Үйірмеге келушілерді арнайы журналға жазып, тіркейміз, - дейді музыка аспаптарынан дәріс беретін Әсем Ерболатқызы.

Музыкалық аспаптарға үйренемін деп келетіндердің жасы 28-ге дейін жетеді. Ал осы топта оқитын Мөлдір Наурызғалиева есімді жас бүлдіршін түрлі байқаулардың иегері.

-Аула клубы ашылғанын естіп, гитараға жазылдым. Ән мен қоса гитарада ойнауды үйренгім келеді,-дейді жас өнерпаз.

Келесі бөлмеде қолөнер және сурет сабақтары жүріп жатты. Жетекші Динара Сатыбалдықызы  7-15 жас аралығындағы балалар қолөнер мен сәндік бұйымдарға көптеп қатысатындығын айтады.

Бейнелеу өнерінде баланың суретке икемділігін қарап, еркін тақырыпта сурет салады. Осылайша, кішкентай жас суретшінің дамуына аз да болса үлестерін қосады.

Өнерден бөлек, үйірмеде спорттық секцияларда назардан тыс қалмаған. Мәселен, шахмат және дойбы ойындарына қатысатын жігіттермен қоса, қыздардың да қатары көп. Сабақ аптастына 3 реттен өткізіліп, қатысушылар жас мөлшеріне сай үйірмеге келеді.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде ашылған өлкетану курсында жастарға мұнайлы өлке тарихы туралы мағлұматтармен қамтылады. Болашақ жас гиттер де осы аула клубынан дайындалмақ.

P.S: Қаламызда алдағы уақытта мұндай аула клубтары жиі ашылса, жастар жат әрекеттерден тиылып, кәсіби мамандар дәріс беретін клубта жаңа достар тауып, ортасы кеңейтіні мәлім.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.