Какой сегодня день

20 сентября

Облыстық "World Skills Atyrau-2017" байқауының жеңімпазы анықталды

«Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін "World skills" жобасы әлемнің 75 елінде табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстан оның құрамына 2014 жылы енген жетпісінші қатысушы мемлекеті болып табылады. Осы кезге дейін елімізде жыл сайын өткізілетін бұл байқау Атырау жерінде биыл да өз жалғасын тапты. Екі күнге созылған бес арнаулы оқу орындарында болған "World skills" байқауына  әр жас маман иелері өз шеберліктерін көрсетіп, еліміздің жарқын болашағының дамуына үлестерін қосты.

"Білім беру басқармасының жұмысына сәйкес жұмысшы мамандықтар арасында «World skills» байқауы бүгін өз мәресіне жетті. Байқауға 10 бағыт бойынша 68 студент қатысты. Біздер осы ұйымдастырушы ретінде чемпионаттың болған жерлерінің барлығын араладық. Студенттердің өзінің мамандығына деген ерекше құлшыныстары байқалды. Еліміздегі ең қажетті жұмысшы мамандықтарға жастардың құлшынысын көріп, риза болдық. Осы чемпионатты ұйымдастыруда 5 оқу орынының басшылығына, оқытушылық құрамына алғысымды білдіремін",-деді облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Кенжеғалиев Қайырғали. 

Сонымен қатар, биылғы байқаудың ерекшелігі – кәсіпкерлер палатасының, әр түрлі мекеме өкілдерінің қызметкерлерінің қатысушыларға баға беруі екендігін де айтып өтті.

Байқауда барлығы 68 қатысушы өзара бақ сынасқан. Оның ішінде, IT жүйелерін басқару мамандығында 7 қатысушы дербес компьютерге операциялық жұмыс орнатып, қосалқы програмалар мен драйвелерді қондырды. Сондай-ақ, жұмыс барысында  желілік баптаулар, серверлермен жұмыс істеді. Әділ-қазы алқалары олардың техникалық қауіпсіздігі мен тапсырманы нақты, ыждағатпен орындауларына басты назар аударды.

Электромонтаждық жұмысын бағалайтын «Тиберти Электрик» ЖШС-ның техникалық директоры Аблаев Айдардың айтуынша, адамның ең басты жұмысты ұқыпты жасап, жеке қауіпсіздікті білуі. Оны меңгеру - әр электр жұмысшының басты мақсаты. Қатысушылар  арнайы құралдарды қондыру кезінде мұқият, жинақылықпен берілген 80 минуттың ішінде орындаулары тиіс.

Атырау индустриалды колледжінде дәнекерлеу ісі мен құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстарын толыққанды меңгеру үшін жұмыс жасауға жақсы мүмкіндік қарастырылған.

«Дәнекерлеу ісінде жастардың басты дене жарақаттарын алып қалмауларына жағдай жасаймыз. Ал, бұл оқу орнында бәрі қамтылған. Жұмыс барысы екі күнге созылды. Студенттер қауіпсіздікті мұқият сақтай отырып, берілген тапсырманы жоғары орындап шықса, жақсы баға береміз. Дәнекерлеу ісінде оның жұмысты сапалы,әрі әдемі жасағынан қарадық. Мұғалімдерінің берген тәжірибелері де қадағаланды»,-дейді «Naz» construction мекемесінің бас инженері Курбенов Ертай.

Бұдан бөлек, шаштараз өнерінде Атырау сервис колледжінің студенттері шашты қиюдан бастап, бетті әрлеуге дейінгі жұмыстар жасады. Ал, аспаз ісі бойынша әуелі вегетариндық тауық етінен жасалған тағам мен десертті дайындаған болатын.

Атырау сервис колледжінде аспаз мамандығында оқитын Мәди Асқарұлы бұл сайысқа алғаш рет қатысып отыр. Алғашында аспаз мамандығын таңдауға ата-анасы қарсы болса да, өз мақсатынан таймаған. Бүгінгі жарыстан жеңемін деп ойламаған Мәди өз қуанышын жеткізді:

-Анам аспаз саласында арнайы білім алмаса да, тағамды өте дәмді әзірлейтін. Соның арқасында түрлі мейрамханаларда қызмет атқарды. Мен де жанында бірге жүріп, көмектестім. Аспаз мамандығына деген қызығушылығым сол себепті оянған шығар деп ойламын. Ал, бұл сайыс өте жоғарғы деңгейде өтті. Қазылар алқасы әр аспаздың тамағын мұқият қадағалады. Қарсыластарым да осал емес. Тамақ пісірген уақытта кездескен қателіктерімде болды. Оның барлығынан сабақ алдым. Ендігі мақсатым - Астана қаласында өтетін байқаудың жүлдегері атану.

Сонымен, екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша Республикаға жолдама алғандар:

Кірпіш қалау – Мұратов Иманғали

Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары – Амандық Ахмедияров

Сырлау және сәндік жұмыстары – Ниғметова Эльвира

Электромонтаждық жұмыстар – Ахремов Григорий

Веб дизайн – Бақтығали Мерей

ИТ жүйелерін басқару – Биғазы Аслан

Инженерлік графика – Сырғалиева Құралай

Дәнекерлеу жұмыстары –Ілікбаев Жанарыс

Шаштараз өнері – Нұрлыханова Назгүл

Аспаздық іс – Мәди Серпін

Сырғалиева Құралай:

-Мен бұл байқауға сырлау және сәндік жұмыстары бағыты бойынша қатыстым. Әрине, менің қарсыластарым да осал болмады. Байқау барысында түсқағаз жапсыру, оны әдемілеу секілді тапсырмаларды берді. Барлығын жақсы орындадым. Алған әсерім де өте керемет. Барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

 

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.