Какой сегодня день

20 сентября

Өңірлік жастар форумы қалай өтті?

Биылғы "Saraishyq Upgrade" өңірлік жастар форумы − атауымен де, алға қойған мақсатымен де ерекше. Еліміздегі маңызды мәселелер төңірегінде сөз қозғалып, қатысушылар өзара тәжірбие алмасты. Форумға жерлестеріміз ғана емес, Оренбург, Астрахан, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау секілді өңірлерден де қатысушылар арнайы келді. Форум жоғарғы дәрежеде өтті. Ал, қатысушыларымыз не ойлайды екен? Оны төмендегі сауалнамадан білетін боламыз.


Эльвира Серікова, Атырау қаласы:

Әрине, форум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бәрі белгіленген уақыт бойынша жүріп отырды. Бір байқағаным, қатысшуларды жалықтырып жібермейтіндей программа құрылған. Демеушілер жағынан да қолдау мықты. Форумда экология бағытын таңдадым. Мұндағы спикерлерден шынайылық байқалды. Дұрыс емес тұстарды бірден айтып, спикерлер бізге қаталдық таныта білді. Соның нәтижесінде біз жобамызды сапалы қорғадық. Форумға әркім өз жобасымен немесе жаңа идеясымен келу керек еді. Бірақ, арасында үш бағытта да ұсынар ештеңесі жоқ, жай қатысушылар кездесті.

Темірлан Серіков, Орал қаласы:

Шыны керек, медицина саласындағы бұл менің алғашқы форумым. Енді ғана 1 курсты аяқтасам да, өзіме тың дүниелерден хабардар болдым. Білікті дәрігерлердің берген дәрістерді өте маңызды. Осындай форумдарға жиі қатысқым келеді. Атыраудағы іс-сапарым ойдағыдай өтті. Қаланың тарихи және көрікті жерлерін араладық. Барлықтарыңызға үлкен ризашылығымды жеткізгім келеді.

Лаура Маликова, cпикер:

Форумға мені шақырған кезде қатты таңғалдым. Қалайша форумда экология саласы болады деген ой келді. Әдетте, мұндай форумдарда экология, медицина секілді бағыттар болмаушы еді. Сонымен қатар, Ресей елінен де арнайы келген қонақтарымыз бар екен. Маған барша қатысушылармен жұмыс жасаған қатты ұнады. Бар тәжірбиеммен бөлісуге тырыстым. Олардың ұсынған жаңа жобалары да қатты ұнап, өзіме қажетті дүниелерді алдым. Жаңа таныстық жаңа идеяларға ие болдым. Ұйымдастырушы Роллан Қабылұлы мен Дәурен Сейтқалиевке айтар алғысым шексіз. Форум өте жоғарғы деңгейде өтті.

Баймухамбетова Диляра, Астрахан қаласы:

"Форум жоғары дәрежеде ұйымдастырылмады"деп айта алмаймыз. Өйткені, бізге қызмет көрсетіп жүрген ұйымдастырушылар мен еріктілердің еңбегі зор. Пайдалы ақпараттармен бөлісіп, дәріс берген спикерлерге үлкен алғыс. Болашақта сіздерден алған білімдерімізді әрі қарай шыңдай түсеміз. Осындай форумды біздің қалада да өткізгіміз келеді. Бізді шақырғандарыңызға рахмет!

Николай Сергеевич, Оренбург қаласы:

Жалпы, әр өткізілген шарада қатысушы көп нәрсені түйіп алуы керек. Міне, осы форумда да біз тәжірбиені жинақтадық. Қай сала болмасын, тек ізденіммен білімді талап етеді. Сондықтан да, өмір бойы оқи берсек, жақсы маман ғана атана алады. Бұл туралы спикерлер де айтып өтті. Форумнан бөлек, Атырау қаласы маған ерекше ұнады. Сіздердің қонақжайлықтарыңызға рахмет!

Бақтыгереев Тілек, Маңғыстау облысы:

Мен кинематография бағыты бойынша қатыстым. Форумда Санжар Мадиев актерлік қабілетін көрсете білсе, Асқар Бисембин режиссерлік бағыт жөнінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, еліміздегі мықты оператор Азамат Дулатовтың қарапайымдылығы қатты ұнады. Әрине, бұл спикерлердің берген дәрістерін болашақта пайдаланамыз. Өздері бізбен байланысты орнатқысы келеді. Біз үшін бұл үлкен қуаныш.

Олжас Аққалиев, Атырау қаласы:

Мен бұл форумға кинематография саласы бойынша қатыстым. Себебі, қазақстандық кино әлемінің қалай жүзеге асатындығы маған қызық. Форум арқылы көкейімде жүрген сұрақтарғы сәл де болса жауап  алдым. Кинематография саласының спикерлері көпшілікке таныс жандар. Барлығы шынайы болды. Атырау қаласында форум өткізу әдетке айналған секілді. Өйткені, 5 ай бұрын «Блог құрылтай» форумы өткен болатын. Бүгін міне, «Сарайшық» өңірлік жастар форумы да жоғарғы деңгейде өтуде. Форум қатысушысы болғаныма қуаныштымын.

Гранкин Андрей, Оренбург қаласы:

Алдымен, Қазақстанға соның ішінде Атырау қаласына келгеніме қуаныштымын. Форум жоғарғы деңгейде өтті. Әдетте, біз тек өз жеріміздің экологиясын оқып зерттесек, бүгінде Қазақстанның экологиясымен танысудамыз. Бұрын экология тақырыбында мұндай шара бұрын болып көрмеген. Болған күннің өзінде ауқымды болмайтын. Ал, қазір біз тек экология саласын ғана емес, табысқа жету жолын да үйрендік. Ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Бізді өте жақсы қарсы алып жатыр. Жаңа достар таптық. Болашақта баршаңызды Оренбург қаласында да күтетін боламыз.

Қылышбайқызы Гүлзия, Маңғыстау облысы:

Форум өте жоғарғы деңгейде өтті. Мен тек бір салаға шектеліп қалған жоқпын. Бірінші күні кинематография саласы бойынша тәжірбие жинаған болсам, келесі күні экология саласы бойынша қойын дәптерімді толтырдым. Егер форум тағы үшінші күнге жалғасса медицина саласына да кіруші едім. Киелі Маңғыстау елінен осы Мұнайлы Астанаға келгеніме өте қуаныштымын. Ұйымдастырушылардың жұмыстары мықты екендігі көрініп тұр. Осымен шектеліп қалмай, алдағы уақытта тағы келеміз деп ойлаймын.

Әлимұхаммед Амангелді, Ақтөбе қаласы:

Ақтөбе мен Атырау арасы жақын қала болғандықтан, қиналмай жеттік. Үшінші курс студенті бола тұра көп тәжірбие жинап, идеяларымызбен бөлістік. Бұл форум бұрынғыдан өзгерек. Көп қозғала бермейтін үш сала бойынша өтті. Әсіресе, экология мен медицинаны қосқанына риза болдым. Осы форумда үйренген дүниемді болашақта міндетті түрде керегіме жаратамын деп сенемін. 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.