Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Өркен Кенжебек: "Өзімді нағыз блогердің қатарына қоспаймын"

Қазақ тілінде медиа контентті дамуына үлес қосып жүрген Өркен Кенжебек «Талқылау» жобасының кезекті қонағы болды.

Өркен Кенжебек – 1985 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында туған. Негізгі мамандығы – (програмиист) болса да, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар маман. Қазір «Хабар» арнасындағы «Арнайы жобалар» қызметінде жұмыс істейді. Олай болса, Өркен Кенжебектің жастармен кездесуде айтқан әңгімесін қысқаша түрде назарларыңызға ұсынамыз.

Өзімді нағыз блогердің қатарына қоспаймын

2002 жылы Қанат Исламмен кездесуде боксшы: «Шаршы алаңда Қытайларды жеңу жеңілірек. Өйткені, бұл халық тамақтануы қазақтарға қарағанда өзгерек. Күнделікті ұсыныстын тағамдары теңіз жәңдіктері, өсімдіктер болғандықтан, олардың жақ сүйектері бекімеген. Сондықтан, қатты соққыдан кейін бір ұрсаң, құлап кетеді. Ал қазақтар ет жеп, сүйек кеміріп, сіңір шайнағаннан кейін жақ сүйектерінің мықты болып бекуіне септігін тигізеді» деп айтып қалған болатын. Егер мен блогер болмасам, осы сөзді қалай естісем, дәл сол күйінде жаза салар едім. Блогер емес адам не көргенін, солай бірден баяндай салады. Сен не блогер, журналист, жазушы болсаң  міндетті түрде әңгімені құрастыру үшін сабақтас дүниені іздеп жүресің. Блогер күн тәртібіне ілеспейді. Мәселен, 31 мамыр – саяси-қуғын сүргін құрбандарды еске алу күні. Бұл күні сіз фейсбукке кірсеңіз, бәрінің қара ленталы суретті аватаркісіне қойғанын көресіз. Блогер емес адамды мен осылай ажыратамын. Ал нағыз блогердің қатарында өзімді қоспаймын.

Блогер мен журналистің арасында көптеген айырмашылықтар бар. Классикалық теорияға салатын болсақ, Қанат Әуесбай блогер емес. Соңғы теорияға сай оқырманы бар, нағыз стилі қалыптасқан блогер. Журналисте кемінде 4 бастық болса, сенде басшы «деген» ұғым мүлде болмайды. Сондықтан, жақсы блогер деп білімді, өз-өзіне сенімді, бағытынан таймайтын, қоғамдық пікірге қарсы тұра алатын адамды айтамын.

Саяси мәселені қозғамаймын

Кейде бір адамға ашу ызамыз келіп, ішіміздегіні ақтарып, жазғымыз келеді. Көрген кезде адам ұялу үшін оның атын атамай, жай ғана жағалап өтіп кетеміз. Ондай жағдай менде де кездесіп тұрады. Мәселен, маған өзімнің жерлесім қарыз болған еді. Алайда, қарыз бермей қойып, арада реніш туғанын әлеуметтік желіге астарлап қана жаздым. Былтыр журналистер күніне орай шақырту алғанда: «100 мың теңге сыйақызыңыз бар. Тек келсеңіз аласыз» деп айтқан. Өкпемді сол кезде жазып, желіге әлгі жерлесімді де нұсқап тұрып жаздым. Бірақ, ол адам екенін өзінен басқа ешкім білмеді. Сол жазбамнан кейін, жерлесім маған қарызын қайтарып берді.

Бір нәрсені сынамас бұрын мынадай әңгімеге сүйенемін. Ерте заманда патшаның ғұлама адамы болады. Бір күні әлгі ғұлама патшаның көңіліне тиетін сөз айтады. Оны естіген патша дереу «ғұламаның басын шабыңдар» деп бұйрық береді. Сол кезде бас уәзірі:» ғұламаны халық жақтайды» деп патшаға ақылын айтады. Патша бұйрық берсе, ол орындалуы керек. Сөйтті де, патша ғұламаның басын шаптырмай, халықтың алдында уәзірге жүз дүре соқтыртады. Ғұламаны өлімнен аман алып қалған уәзір жексұрын атанып, патша жақсы адам болып шығады. Демек, арғы шымылдықтың беті қандай екенін білместен, ол мәселе жөнінде сөз қозғамаған жақсы.

Әлеуметтік желіде көп талқыға түсіп келетін саяси мәселелер туралы сөз қозғағым келмейді. Асып бара жатырса бұл мәселе төңірігенде 2-3 сөйлем ғана жазуым мүмкін. Қатты ұрып соққыға жыққан Әлібидің жағдайы естеріңізде шығар. Оның атынан ашылған жалған аккануттағы оқырмандардың саны лезде мыңнан асып шықты. Екі аптадан кейін ол шұлық сататын дүкенге айналып кетті. Бір қызығы, сол парақшаны үш ай бойы оқып жүріппін. Бұл дауды желіге салып, сайтқа жариялаған, лайк басқан да әйел адам. Өйткені, олардың жүрегі нәзік.Мұндай жағдайды көрсе бірден назар аударады. Ал еркектер болса, ондайға аса мән бермейміз.

Орыс журналистикасынан артта қалып келеміз

Жақында Қытай елінің Сиан қаласына барған едік. Бұл қалада қонақүй 30 мың теңге тұрса, 24 сағат жұмыс істейтін моншасы 4 мың теңге тұрады. Монша деп аталғаны болмаса, бассейн және демалатын орындармен де қамтылған. Қытай дегенде көз алдымызға үстінен жағымсыз иіс шығатын, лас адамды елестетіміз. Иә, Қытай халқы дәл осындай. Халықтың қалыптасып қалған менталитетін, мінез-құлқын арзан әрі әдемі моншалар арқылы тазартуда. Егер сен бір жыл тұратын болсаң, сенде жуынуға әдет қалыптасады. Қытай үкіметі осындай саясатты ұстану арқылы,халқын тазартуда. Бұл тек Қытай елінде ғана емес. Мәселен, Үнді елінің халқында әжетхана деген ұғым жоқ. Тіпті, білімді профессорларына дейін дәретханаға баруды түсінбейді. Олар амалсыздан әжетханада Үндінің ең сұлу әртісінің суретін қоюға үкім шығарған.

Италияның Монса қаласының әкімшілігі дөңгелек аквариумды қолдануға тиым салыпты. Неліктен? Өйткені, дөңгелек аквариум бізді жалпақ етіп көрсететіндіктен, балықтар әлемді басқаша көзбен көруде деген мәмлеге келіпті. Әріптесім Рахат Жақсыбай тікелей эфирді қосып қалса, Ұлыбританияда кірпішешеннің популяциясы азайып кеткендігі туралы үлкен жиналыс өткендегін көріпті. Қараңыздаршы, олар халықтың, елдің мәселесін толықтай шешімін тапқандықтан, балық өмірді қалай көреді, кірпішешен неге азайып кетті деген секілді тақырыптарды ғана қозғайды. Сол себепті, бұл мемлекеттерде журналистика алға қадам басуда.

Ал біз орыс журналистикасынан артта қаламыз. Неге? Мәселе сапалы журналистердің жоқтығынан емес, тақырып алшақтығынан. Біздің елімізде бір пікір қалыптаспайынша дінді, тілді сөз ете береміз.

Азаматтық қоғам деген Нұртас Адамбай

Қазақстандағы сөзі өтімді нөмері бірінші адам Нұртас Адамбай. Оның азаматтық қоғамда қандай рөлі бар? Осыдан екі жыл бұрын Жезқазған облысында көшеден полицей машина тоқтады. Сөйтсе, жүргізушісі мас екен. Алайда, өзін маспын деп есептемей, полицияға көнбей қояды. Қаннан да тексерсе жүз пайыз спирт екені дәлелдеген. Одан кейін анализ арқылы тексеруге дейін жеткенде, жүргізуші зәрін полицияның үстіне қотара салады. Камера бәрін түсіріп тұр. Полицей ашуын тежеп, жай ғана шапалақпен тартып жібереді. Бұл оқиғаның соңында полицей бес жылға түрмеге кетіп, жүргізуші бір жыл куәлігінен айырылып, бостандыққа шығады. Достары аппелацияға бергенімен де, полицей кінәлі болып шықты. Үш айдан кейін полицейдің әйелі баласымен әділдік сұрағаны туралы материал tengrinews.kz жарияланады. Бұл жаңалықты көрген Нұртас Адамбай жай ғана фейсбукқа екі ақ сөйлем жазып, репост жасайды. Таңертең 51 мыңнан астам лайк пен 300 репост жасалған. Екі күн өткеннен кейін ішкі істер министрі осы болған жағдайды жиналыста баяндау арқылы полицей үйіне кері қайтарылды. Міне, бүгінде сөздің құдіреті азаматтық қоғамды қалыптастырады.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.