Какой сегодня день

24 мая

"ПСК Аруы-2017" кім болды?

Жыл сайын оқу орындарында қыздардың сұлулығы мен білімін анықтау мақсатында арулар сайысы ұйымдастырылып келеді. Осы орайда, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі кеше М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрда «ПСК Аруы-2017» байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, қыздардың бойына халқымызға  тән әдептілік, әсемдік, инабаттылық секілді асыл қасиеттерін дәріптеу, сұлулығымен қоса, талантын ашу. Ал сайысқа қатысушыларды бағалау үшін колледж директоры Болат Құлмұханұлы, директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары Айнагүл Мақсотқызы, облыстық «Жас отан» жастар қанатыны филалының төрағасы Ринат Ғилажев, «Vero Models» сән үйінің директоры Вероника Кошманова, "Шуақ" ән-би ансамблінің жетекшісі Айымжан Тұрпанова, Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкері Диас Жардемов қазылық етті.

Іріктеуге 80-ге жуық ару келіп, оның ішінде 17 қыз ғана жолдама алған. Алғашында бойжеткендер тамақ пісіріп, спорттық кезеңдерден сүрінбей өткен 12 аруды ақтық сыннан да көре алдық.

Әдеттегідей, бұл сайыс та 4 кезеңнен тұрып, таныстыру бөлімінде арулар бірі өлеңмен, екіншісі сахналық қойылымдарымен ерекшелене түсті. Одан әрі бойларындағы білімін анықтау мақсатында қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдері жайлы сұрақтарға жауап берсе, келесі кезеңде өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, ұлттық киім үгілерінің сән көрсетілімімен жалғасты.

«Облыс өңірінде колледжіміздің атағы кеңінен танымал болса, бізде осы секілді киелі сахнада өткізілетін шараларда дәл сол деңгейде деуге болады. Бүгінгі байқау біздің колледжімізде бірінші рет өткізіліп тұрған жоқ. Студент қыздарымыздың арасында болған сайыс сіздерге ұнады деген ойдамын. Байқауды жоғары деңгейде атап өтілуіне үлес қосқан барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін»,- деді оқу орнының директоры Болат Кұлмұқанұлы.

Байқаудың қорытындысы бойынша, III орынды Сағидоллаева Балым, Айсаева Іңкар, Шегебай Ардақ иеленсе, II орын Кощеева Ксения мен Ғазизова Дарияға табысталды. I орын Ғабдулова Жансая болса, "ПСК Аруы-2017" атағы Ұзақова Саяға бұйырды. Сонымен қоса, "instagram" желісінде ең көп дауыс жинап, «Көрермен көзайымы» номинациясын Айсаева Іңкар жеңіп алды. Арнайы 5 қатысушы ақшалай сыйлықтармен марапатталып, Кощеева Ксения мен Шегебай Ардақ «Vero Models» сән үйінің сертификаттарына ие болды.

 

Ұзақова Сая, "ПСК 2017- Аруы":

Біздер бұл байқауға қысқа ғана уақыттың ішінде дайындалдық. Алғаш іріктеуден өтетініме сенімді болып, байқаудан бұрын болған кезеңдерден сүрінбей өттім. Менімен бірге өнер көрсеткен жанымдағы құрбым екеуміз үнді биін бір күннің ішінде дайындадық. Сахнада аздап қобалжығаным болмаса, бәрін ойдағыдай алып шықтым деп ойлаймын. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Маған қол ұшын созып, сенім артқан группаластарыма ризашылығымды жеткізкім келеді.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.