Какой сегодня день

23 октября

Студенттерді бір арнаға тоғыстырған фестиваль

Өмірдегі ең қызықты кездің бірі студенттік шақ екені белгілі. Өйткені, оқуыңмен қатар сен түрлі мерекелік шараларға қатысып ән айтып, би билеп, жастық жалыныңмен түрлі өнеріңді шыңдайсың. Иә, студент деген сөздің өзі ізденіс деген мағынаны береді. Осындай студенттердің басын бір арнаға тоғыстыратын «Студенттік көктем-2017» фестивалі биыл да ерекше түрде аталып өтті.

Құрманғазы мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға жоғары және арнаулы оқу орны студенттерінің өнерлі жастары қатысты. Олар бір үйдің баласындай бірлесе өнер көрсетіп, киелі сахнада жұлдызды сәтті бастан кешірді. Ал студенттер үшін маңызды шара былтырғы жылы бұл фестиваль Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына орай өткізілсе, биыл «EXPO-2017» бүкіл әлемдік бірегей көрмесімен тұспа-тұс келді.  

Бұл шара облыс көлемінде өткізілетін шаралардан бөлек, студенттерге керемет көңіл-күй сыйлайтын мерекенің бірі десе де болады. Себебі, бұл шараға әр студент ерекше дайындықпен келген.

-Менің ойымша, бүгін өте керемет кеш болды. Ең бастысы, аудан орталығында білім алатын студенттердің барлығы қосылып, өз өнерлерін ортағы салуда. Осындай шара тек облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде де көрсету қажет деп есептеймін. Жалпы, қоғамның дамуына осы өнер саласы үлкен рөл атқарады. Студенттер тек білім алумен шектелмей, өнерлерін де қатар алып жүруі маңызды. Өйткені, адамды достыққа және мәдени дамуына ықпал ететін де осы өнер саласы. Ал фестивальде өнер көрсеткен қатысушылардың өнерлері алға қарай тек биік шыңдардан көріне берсін,-деп жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев фестивальге қатысқан барлық оқу орнын алғыс хаттармен марапаттады.

Ал «Студенттік көктем-2017» фестивалінің жеңімпаздары болып Атырау агралы-техникалық колледжі иеленсе, 1 орын Атырау медицина колледжіне бұйырды. Кезекті 2 орынды Атырау мұнай және газ университеті алса, 3 орын Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне берілді. Сондай-ақ, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжіне ең үздік «EXPO-2017» туындысына ие болды.

«Жауһар би» тобы:

Біз бұл мерекелік шараға арнайы Мақат ауданынан келдік. Осындай шараға қатысып жатырғанымызға қуаныштымыз. Біз көптеген болашақтарынан көп үміт күттіретін өзіміз секілді жас өнерпаздармен кездесіп, дос болдық. «Студенттік көктем» фестивалі осындай талантты жастардың бас қосатын мерекесі болғаннан кейін бұл жердің энергиясы да өте ерекше болып тұр. Барлық қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтап, болашақта өнердің биік шыңдарын бағындырсын дегіміз келеді.

P.S: Студенттік көктем бұл - ұмытылмас сәттер, жаңа достар, керемет көңіл-күй, қызықты оқиғалар, көңілді кештер және де жай ғана жалындаған жастық шақ. Олар киелі сахна төрінде өз өнерлерін ұсынғанының өзі үлкен жетістік екені анық. Біз барлық жеңімпаздарды құттықтай келе, фестивалдің қызықты сәттерін мына бейнематериалды тамашалауға шақырамыз!!!

фото: Даулет Батыров


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.