Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Жайдарман 1/4 ширек финалына кімдер жолдама алды?

Қаламыздың қалжың сүйер жастарының басын біріктіретін Жайдарман ойындарының премьер лига ойындары 18 наурыз күні Д.Нұрпейісова атындағы мұнайшылар мәдениет сарайында болып өтті. Бұл ойында облысымыздың оқу орындары мен мектеп оқушылары А және В топтары болып, өзара бақ сынасты.

Сайыста «Сағыз» жайдарман тобының мүшесі Қуаныш Кеңес, Атырау жайдарман филалының директоры Ернар Сакупов, «Жигули» командасының мүшелері Мақашева Мира, Бекқайыров Ринат, ардагер жайдарманшы Отарғалиев Жахан қазылық етті.

Атырау жайдарман филалының директоры, Ернар Сакуповтың айтуынша, биылғы сайыс былтырғы премьер лига ойындарынан жоғарғы деңгейде өткен. Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындалып, әзілдерімен көрермендерді күлкіге қарық қылды. Әрине, ойын барысында сахнаға алғаш рет шығып тұрған командалар да кездесті. Ал, биылғы ойынның жаңалығы - «Сағыз» жайдарман тобының ізбасарларының шығуы болды.

Сонымен, келесі 1/4 ширек финалға жолдама алған командалар:

Колледж құрамасы (Индер ауданы, Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі)
Танылмаған таланттар (Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы)
Мұқашев құрамасы (С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі)
Қыздар-ай жəне Асөк (Индер ауданы, Индербор кенті, М.Əуезов атындағы орта мектеп)
Чикаго (Құрманғазы ауданы, Ганюшкино кенті)
Зинеден TV (Исатай ауданы, Зинеден ауылы)
Сағыз-дубль (Қызылқоға ауданы, Сағыз кенті)
Дайындық (Атырау қаласы, С.Мұқанов атындағы №10 орта мектеп)
Көктем (Индер ауданы, Индербор кенті, Көктем қазақ орта мектебі)
Эксперимент (Құрманғазы ауданы, Орлы ауылы)
Шонаев жастары (Махамбет ауданы, Махамбет кенті, О.Шонаев атындағы орта мектеп)
Жан достар (Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №9 орта мектеп)
De-Facto (Атырау инженерлі-гуманитарлы колледжі)
Қызылқоға жастары (Қызылқоға ауданы)


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.