Бүгін қандай күн?

19 қараша

Журналист мамандығын өзгертеді

Журналистиканың теориясына үңіліп қарар болсақ, журналист бәрінен аз-аздан білетін маман иесі деп жатамыз. Мүмкін, оның мамандығын мың құбылтып отыратын әртіс десе де болатын шығар. Жаңа бастағалы отырған «журналист мамандығын өзгертеді» айдары арқылы біз бұл сөзді әрі қарай дәлелдей түспекшіміз. Алғашқы жұмысымызды көбіне студенттердің ең қызықты әрі ауыр жұмыстардың бірі даяшы болудан бастадық.

Даяшы болу − айтып өткенімдей студенттердің демалыс кезінде табыс табатын уақытша қызметі. Тіпті, даяшы қарапайым мемлекет қызметкерінен де мол қаражат табады. Біз өңіріміздегі ең танымал орындардың бірі «Берекет» мейрамханасына барып, сол жерде бағымызды сынап көрмекші болып шештік.

«Берекет» − отбасылы жандарға арналған мейрамхана. Бірінші қабаты кішкентай балаларға арналған ойын алаңы мен жазғы терасса ретінде орналасқан, екінші қабаты қарапайым мейрамхана, ал үшінші қабатта ерекше қонақтарға немесе үлкен кештерді ұйымдастыруға арналған орын дайындалған.

Даяшы қызметімен бұрын-соңды таныс болсам да, барлық жұмысты басынан бастап үйренуге тура келді. Сондай-ақ, мейрамхананың жұмыс кестесі бөлек. Даяшы болу тек «потнос» ұстап алып, әрлі-берлі тамақ тасып жүрсең болды деп ойлаушы ем. Десе де, мейрамхана ішіндегі тазалық пен тиянақтылық және ұқыптылық тікелей даяшыға байланысты болады екен.

Ең әуелі даяшыға арналған арнайы киімді киіп, кейіннен мейрамхана ережелерімен толықтай танысып өттім. Егер даяшы қыз болса, онда оның бұрымы өрулі, киім-кешегі мұнтаздай таза ықшам әрі тиянақты болу қажет. Ал ер балалар жинақы әрі мұқият болып жүрсе жеткілікті.

Мен барған уақыт түс мезгілі болғандықтан, халық өте көп жиналды. Сондықтан, халық арнайы аз мәзірі бойынша емес, түскі асқа арналған мәзірге тапсырыс берді. Не үшін келгенімді ұмытып, өзімді құдды бір расымен даяшы қызметін атқарып жүргендей сезіндім.

Бұл мейрамхананың бір ерекшелігі тағамдары халал және түскі ас 1600 тг тұрады.

Ал бұл қаражатқа:

Тағамның екі түрі, нан, салат, дәмді компот және қазақ шайды бірінші орынға қоятындықтан, келген қонаққа шай тегін ұсынылады.

Дәл сол күні ас мәзірінде бірінші тағам бойынша жасымық сорпасы (суп чечевичный) және қазақша сорпа берілді. Ал екінші тағам түрі бойынша жертатақ көкөнісінен (баклажан)жасалған ет тағамы, брокколи қосылған тауық, пешке піскен тауық, манты, гарнир ретінде күріш, қарақұмық, спагетти және картоптан жасалған пюре болды.

Менің алғашқы қонағым

Әдетте, даяшылық қызметті жасаған кезде арнайы ас мәзірімен келген қонақтың алдына барушы еді. Бұл жерде ерекше болды. Керісінше, келген қонақпен арнайы тағамдар тұрған жерге барып тапсырыс қабылдайды. Осылайша, тапсырыс қабылдап жұмысыма кірістім.

Алдымен, ыдыс аяққа арналған құрылғыны (прибор) одан кейін тағамдар мен шай алып бардым. Соңында міндетті түрде төлемақы болады. Келуші Индира ханым бұл мейрамханаға жиі келіп тамақтанатынын және бұл жердің тағамдары дәмді әрі бағасы да қолжетімді екендігін айтады.

Осылайша, бірнеше қонақтарға қызмет етіп түскі ас мезгілін де аяқтадым. Даяшы болып жүріп қыз бала ретінде көп нәрсені үйренуге болады. Студенттердің нағыз жұмысы осы даяшы қызметі. Қазіргі таңда кез-келген мейрамханада даяшылар үшін барлық жағдай жасалған. Сол себепті де, мен еш қысылмастан бұл жұмысты ойдағыдай атқарып шықтым.

«Берекет» мейрамханасының әкімшілігі Нұргүл Ергазиева мейрамханаға түскі ас уақытында және кешкі ас кезінде халық көп жиналатындығын жеткізді. Жұмысым аяқталар кезде маған "5" деген баға берді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.