ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Пневмония дерті және оған қарсы тұру жолдары».

Просмотров - 372
22.11.2018

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қызмет берушісі болып табылады.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 2018 жылы жасалынған келісім шартқа сәйкес «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМКтөмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді: стационарлық және стационаралмастырушы, консультативті – диагностикалық көмектер. Бүкіл әлемдік пневмониямен күрес күні қарсаңында біз Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК – ның жалпы терапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, пульмонолог Әсел Сәулетқызы Сағынғалиевамен пікірлесуді жөн көрдік.

 

 

Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Пневмония кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, бірақ, әдетте, қыс пен жазда жиі кездеседі, суық тиюден немесе тыныс алу жолдарының басқа инфекциясынан кейін болуы мүмкін. Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады.

Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40o С-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Бұл дерт  —  жиі  кездесетін,  өлімге  әкелетін  себептердің ішінде    алтыншы орындағы,    ал    аурухана ішілік    инфекциядан болатын өлім себебі ретінде бірінші орындағы ауру. Соңғы 30 жылда оның жиілігі бес есе көбейіп, казіргі кезде 1000 адамға шаққанда даму саны 10-13,8 шамасында.

 

 Бұл дертке кімдер жиі ұшырайды? Ересектер арасындағы өкпе қабынуы симптомдары? Пульмонолог маман ретінде Атырау облысында ересектер мен жас өспірімдер арасындағы жағдайға қандай баға бере аласыз? Алдын алу жолдары қандай?

 

Пневмония көбіне қызылшакөкжөтелтұмаубронхитдемікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады.  Жаңа туған сәбилер пневмониямен ауырғыш келеді. Жас балалар мен сәбилерде болатын пневмония өте қауіпті, көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. Атырау облысы бойынша 2017 — 2018 жылдарға ересектер мен жас өспірімдер арасындағы пневмония ауыруына шалдыққандар талдауына келсек: 2017 жылы өкпе – тыныс жолдары ауыруларымен 828 науқас емделіп шықты. Оның ішінде 304 науқас пневмониямен емделді. Бұл пайызға шаққанда 36,7%. Ағымдағы жылдың соңғы он айы ішінде өкпе-тыныс алу жолдары ауыруларымен облыстық ауруханада 597 адам емделіп шыққан. Оған қосымша, осы ауыруларға шалдығып, ем алған 15 – 17 жас аралығындағы  жас өспірімдер саны – 34 бала. Соның ішінде пневмония ауыруымен 207 науқас емделген. Бұл пайызға шаққанда 34,7%. Осы 207 науқастардың 30 % пневмонияның ауыр түрімен ауруханаға түскендер. Бұлардан басқа облыстық ауруханаға жүкті әйелдер де ЖРВИ, бронхит, пневмония ауыруларымен түскен. Жүкті әйелдер бізде жүкітіліктің 36 аптасына дейін ем ала алады. 2017 жылы 377 жүкті әйел ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде ЖРВИ, ОРЗ, жедел бронхит ауыруларымен – 302 жүкті әйел, пневмония және ТОРИ – 35 жүкті әйел емделді. 2018 жылдың соңғы он айы ішінде 327 жүкті әйелдер облыстық ауруханада емделді. Осы 327 жүкті әйелдердің 23 – і пневмониямен емделіп щықты. Бұл пайызға шаққанда 39,5 % құрайды. Атырау облыстық ауруханасының жалпы терапия бөлімшесі құрамында эндокринологиялық, гастроэнтерологиялық, пульмонологиялық бөлімшелер бар. Облыстық ауруханада пульмонологияға 19 төсек орын қарастырылған.

Баланы пневмониядан қорғау үшін жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет. Жиі қол жуып, микробтардың таралуының алдын алыңыз. Балаға инфекцияның көзі болуына жол бермеңіз. Телефонды, ойыншықты, есіктің тұтқасы немесе тоңазытқыштың тұтқасын ұстаған қолыңызды, дененің басқа ашық бөліктерін ұдайы жуып тұрыңыз. Сонымен қатар, гемофильдік инфекциядан (ХИБ), АКДС (дифтерияға, сіреспе мен көкжөтелге қарсы), КПК (қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы), тұмауға қарсы (6 айлық жастан асқандарға), желшешекке және пневмококка қарсы егілу пневмонияның алдын алуға мүмкіндік береді.

 

 

Пневмонияның диагнозын қоюдағы ең маңызды, әрі ең тиімді тәсіл – рентенологиялық тексеру, ол өкпе тінінің инфильтрациясы (оның мөлшерін, түрін және орнын), плевра қуысындағы сұйықтықты және өкпе тініндегі деструкция белгілерін анықтауға көмектеседі. Бұл ауырудың негізгі белгілері: Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі; Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адамдар, ауыр өкпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді);Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан); Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін; Кеуде ауырады. Емі: өкпе жедел қабынса, ауруханада стационарлық ем қабылдау қажет. пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, соңғы кезде цефолоспориндермен емдейді. Пневмонияның алдын алу – бұл ең алдымен шынығу. Өкпеге инфекця өте көптеген адамдарға түседі, бірақ та олардың ағзаларының қорғаныш күштері жеткілікті деңгейде болғандықтан көпшілігінде өкпенің қабынуына алып келмейді.  Иммунитеттің жеткілікті деңгейін толық тамақтану қамтамасыз етеді.

Дәрігер маман ретінде айтар басты кеңесіміз бұл ауыру белгілері пайда болған жағдайда өз бетімен емделуге мүлдем болмайды. Міндетті түрде дәрігерге көрінуі тиіс. Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін.

 

 

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚАтырау облысы бойынша филиалы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Расскажи друзьям
Читай так же