Какой сегодня день

23 октября

Әйел адамының әдемілігін сақтап қалудың құпиясы

Көптеген дәрігерлер әйел адамның психикасы оның жеген тамағына байланысты болады деп анықтаған. Мысалы, артық салмақ немесе шектен тыс арық болу, бет терісінің ерте қартаюы және бірнеше сырқатты қабылдау денедегі улы заттардың көптігінен болады. Осыған орай, әйел адамның жеңіл әрі бірқалыпты жүруі үшін арнайы дұрыс тамақтану тәртібін және керекті дәрумендер қатарын назарларыңызға ұсынамыз.

Бет терісінің жасарып ажарлануы

Беттің терісін бірқалыпты сақтап тұрып және әдемілікті жоғалтпау үшін құрамында антиоксидант бар көкөністерді тұтынған жөн. Сонымен қатар, А, С, В дәрімендеріне бай жемістерді пайдалану қажет. Бұл азық-түліктер теріңізді ағартып, бүйрек, бауыр, өт жолдарын тазартады. Сондай-ақ, олардың құрамында калий, кальций, натрий кездеседі әрі қара шоколад сіздің ажарыңызға өң береді.

Омырау ісігінің алдын алу

Қазіргі таңда көптеген әйел адамдар арасында сүт безі ауруы мен ондағы қатерлі ісіктердің ұлғаюы көптеп кездеседі. Осы аурулардың алдын алу үшін брокколи, саңырауқұлақ секілді көкөністерді жиі тұтынып қара шәйдің орынына көк шәй үшкен жөн. Брокколидің құрамында жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, марганец, күкірт, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е, К дәрумендері бар. Ал, саңырауқұлақты арнайы дүкендерде сататын түрін қолданғаныңыз жөн. Саңырауқұлақ пайдалы болғанымен, оның зиянды түрі де бар. Көк шәй ағзаңыздағы қан айналымы мен ас қорыту жүйесін жақсартады.

Тістің беріктігі

Адам өмірінде тістің саулығы үлкен маңызға ие. Тіс күтудің өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен, тістің берік, әрі сау болуы үшін ірімшік көк жапырақ және апельсин шырыны өз септігін тигізеді. Мысалы, ірімшік табиғи таза өнімдерден жасалады. Сол себепті, оның құрамында көптеген дәрумендер бар. Көк жапырақ - іш кебуден сақтап, асқазан жұмысын жақсартады. Тістің қатты боуы қамтамасыз етеді. Ал цитус тұқымына жататын апельсин С дәруменіне толы. Ол адам ағзасындағы имунитетті көтеруге ықпал етеді.

 

Гормональді теңгерім

Әйел адам ана ретінде денсаулығына аса көңіл бөлген жөн. Оның ішінде гормональді теңгерім мазыңызды рөл атқарады. Гормональді теңгерім дұрыс жұмыс істеуі үшін омега-3 дәруменіне бай тағамды тұтынғаныңыз жөн. Мысалы, балық құнарлы пайдалы өнім болғаннан кейін теңіз өнімдерінің арасынан арқан балықты тұтынған пайдалы. Себебі, ол жүрек, қан тамырларының бірқалыпты болуын сақтайды. Сонымен қоса, жаңғақтың да қоректік құны жоғары. Ол, миды қуаттандырады, теріні ажарландырады, холестеринді төмендетеді. Сондай-ақ, өсімдік майы да денсаулыққа өзіндік пайдасын тигізеді. Мысалы, ол  Е, А, D, B1, B2, B3, С дәрумендеріне бай және құрамында калий, кальций, фосфор, мырыш, магний, марганец, кремний, темір, мыс, никель бар.

Артық салмақтың алдын алу

Көптеген әйел адамдар артық салмақтан арылу үшін ашығу керек деп ойлайды. Алайда, ол адам денсаулығына оң пайдасын тигізбейді. Мысалы, етті жеуден мүлде бастарту дұрыс емес. Себебі, сіз ағзаңызға қажетті ақуыздан қағылып, ет құрамында болатын көптеген пайдалы заттардан құр қалуыңыз мүмкін. Сондықтан, етті жиі тұтынғаныңыз жөн. Ал жұмыртқа келсек, оның құрамында калория аз. Жұмыртқаны қайнатып немесе қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамында аққуыз, йод, фосфор бар. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі. Бұршақтың да пайдасы мол. Себебі, оның құрамында фоли қышқылының 90 пайызы бар.

Жүйке жүйесін бір қалыпты ұстау

Ер адамдарға қарағанда, әйел адамдардың мінезі тез құбылмалы болады. Тез ашуланады, ренжиді, бір мезетте тез көңіл-күйін көтеріп алады. Олардың жүйке жүйесінің сыр бере бастауына көп жағдай әсер етуі мүмкін. Оның алдын алу үшін авокадо, сәбіз, қызанақ секілді көкөністер көмектесе алады. Себебі, олар адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай өсімдіктердің бірі. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл көкөністерді шырын ретінде ішкен өте тиімді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.