Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Әлемдегі сіз білмейтін жануарлар

Әлемде сіз білмейтін  миллиондаған  жануарлар барын білесіз бе? Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағының зерттеуі бойынша бұл жануарлардың 40% 2006 жылдан бастап жойыла бастаған. Біз сіздерге біздің планетамыздағы әлемде сирек кездесетін жануарлар туралы айтататын боламыз.

                                                                                                            

 

                                                                                                        Жираф Ротшильд

Ротшильд жирафы әлемдегі ең ұзын жануар болып табылады.  Табиғатта бұл жануардың 700 жеке тұлғасы бар. Ол өзінің ерекше әдемі түрімен бірден көзге түседі. Кения және Уганда қорықтарында өмір сүреді. Биіктігі бес жарым метрді құрайды.  Салмағы шамамен екі тонна құрайтын ұрғашылары  төмен болып келеді. Бір қызығы, Ротшильдтің басында 2 мүйізі болады.

Солтүстік Атлант киті

Солтүстік Атлант китінің ұзындығы шамамен 21 метрді құрайды. Салмағы 100 тонна.  Қазіргі таңда бұл китті Жаңа Англия суларынан және Мексика шығанағынан табуға болады. Бүгінде Атлант китінің 300 жеке түрі қалған.

 Ұзын құлақты тышқан

Ұзын құлақты тышқан немесе қосаяқ Моңғолия мен Қытайдың шөлді аймақтарында тіршілік етеді. Кеміргіштің бұл түрі «қатерлі жағдайда тұр» деген мәртебеге ие болған. Соған орай, Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Тіпті, зоологтардың өзі ол туралы аз білетінін айта кеткіміз келеді. 

Мак

Мак - сүтқоректілер ішіндегі ең көзі үлкені. Индонезия орман-тоғайында, Сулавесиде және соған жақын аралдарда тіршілік етеді. Осыдан 55 жыл бұрын пайда болған. Олар мекен ететін аймақ 20 жылдың ішінде 30 пайызға адамдардың кесапатынан тарылған.

Какапо Папугайы

Бұл ұшу қабілетін жоғалтқан ерекше құстың бір түрі. Мекені - Жаңа Зеландия. Биіктігі шамамен 25-30 см. Түсі бірыңғай жасыл, сары болып келеді.

 Орман керігі

Орман керігі – окаптың тілі ұзын болып келеді. Тіпті, тілінің сала құлаш ұзындығы сондай, көзін сүрте алады. Бұл жануар тек Конго демократиялық республикасының аумағында ғана тіршілік етеді.

Лемур

Зондтық ұшатын лемур деп аталатын жануар түрі іс жүзінде ұша алмайды. Бірақ, ағаштан ағашқа жақсы секіреді. Олар Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейді.  

 

Ұшатын ақ тышқандар

Үлпілдек ақ тышқандар Орталық Американың шатыр тәрізді геликон жапырақтарында өмір сүреді. Олар жеміс-жидекпен қоректеніп, бойлары тек 4,7 см-ге дейін ғана өседі.

Амазон дельфині

Амазон дельфиндері жас ерекшеліктеріне қарай түстері де өзгеріп отырады. Мәселен, жас амазон дельфині сұр түсті болса, жасы келгендері қызғылт түске ауысады. Бұл дельфиндер сұсты әрі қолға тез үйретілмейді. Сонымен қатар, олар сирек кездесетіндіктен, тұтқында ұсталады.

Брима маймылы

Әлемдегі сирек кездесетін жануарлардың бірі 2010 жылы Бирманың таулы аймағынан табылған. Бұл маймылдың өзгелерден бір ерекшелігі  – жаңбыр жауған кезде түшкіреді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.