Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атыраудағы 5 үздік тіс емдеу орталығы

Тісіміз ауыра қалса бірден сапалы тіс емханаларды іздей жөнелеміз. Ал бүгінде қаламызда сапалы қызмет көрсететін емханалардың саны көп. Олар қарапайым халыққа қаншалықты қолжетімді? «Бес үздік» айдарының келесі саны қаламыздағы белсенді тіс емханаларына арналады.                                                                                   

«ARU cтом» тіс емханасы

«ARU стом» 2016 жылы 10 қазаннан бастап өз жұмысын бастады. Бұл стамологияда ипантолог, терапевт, ортопед, хирург және балалар тіс дәрігері жұмыс істейді. Құрылғылар Италия, Неміс елдерінен келген. Бір тісті емдеу бағасы 6000-тг ден басталса, жұлу 5000 тг-ден жоғары. Кез келген емделушіліге 10-20 пайыз жеңілдік қарастырылған.

                                                                                                                           

«Смағұл-Дент»  тіс емханасы

2002 жылдан бері халыққы үздіксіз қызмет етіп келетін «Смағұл-Дент» тіс емханасы Aтыраулық Смағұлов әулетінің жеке клинасы. Көпшіліктің сұранысына ие тіс емінің барлық түрі емделеді. 2002 жылы тек терапия, хирургия, ортопедия  бөлімдері мен ашылса, бүгін де балаларға араналған ортодонтия имплантация бөлімдері енгізілген. Құрылғылар Япония, Италия, Чехия, Франция, Германия елдерінен арнайы әкелінеді. Емханада 40-қа жуық маман қызмет етеді.Тіс емдеу бағасы диагнозына байланысты белгіленеді.  Бұл шамамен 9000-тг ден басталады. Ал жұлу 4000-8000 тг құрайды. «Смағұл-Дент» тіс емханасы жұмыс уақытынан 2 сағатқа артық қызмет етеді.

                                                                                                                      

«Smile-center» тіс емханасы

«Smile-center» тіс емханасы халыққа 1 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бұл тісемхананың басқа жеке меншік емханалардан ерекшелігі рентгенге арналған арнайы бөлмесі бар. Бұл бөлмедегі құрылғылар тек Атырау қаласында екі тіс емханасында екен. Рентгенге арналған апарат тістің барлық кемшілігін түсіріп анықтайды. Сондай-ақ, емханда балаларға арналған арнайы апарат пен бөлме жабдықталған. Тісін емдетуге келген кішкентай бүлдіршін теледидарға алаңдап отырып, тісін емдете беріне болады. Тіс емдеу 8000-10000 тг ден бастау алады. Жұлу 3000-6000 тг құрайды.  Мамандар жоғарғы деңгейде жұмыс жасайды.

 

 «Люкс» тіс емханасы

«Люкс» тіс емханасы халыққа 2011 жылдан бері қызмет етіп келеді.  Құрылғалылар Чехославакия, Америка, Корея, Ресей елінен әкелінген. Шамамен 15-20 маман қызмет етеді. Тіс емдеу бағасы 7000 тг ден басталады. Ал жұлу 3000-6000 тг құрайды. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі  шектеулі жандарға 10%  жеңілдік бар.

                                                                                                                        

«Лин стом» тіс емханасы

Тіс емдеу қызметтерінің сапалы қызмет көрсететін «Лин стом» тіс емханасы қаламызда 2012 жылы ашылған. Ортопед, терапевт дәрігерлері барлық келушілерге сапалы күтім жасайды. Емдеу бағасы: 7000 теңгеден басталады. Студентттерге 10-20 пайыз жеңілдік жасалады.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.