Какой сегодня день

23 октября

Атырау тойының ерекшелігі

Қазақтың бірде-бір мерекесі тойсыз өтіп көрмеген. Бала дүниеге келген сәттен бастап, оның өмірге келген кезінде бесік тойдан бастау алса, әрі қарай үйлену тойына дейін жалғаса береді. «Көрпеңе қарай көсіл» деген мақал жадымызда сақталса да, қазақтар бұл мақалды ешқашан ұстанған емес. Өйткені, әр тойын жасар кезде көштен қалып қалмас үшін міндетті түрде несие алады. Біздің өлкемізде де халық тойдың дайындығына алдын-ала қамданып кетеді. Біз осы орайда, Атырау тойының 12 ерекшелігін анықтап көрген едік.

Қазіргі заманға сай той жасауға шамамен 4 миллионнан астам ақша кететін есептесек, қазақ халқы ондайда той жасау үшін несиеге жүгінетіні жасырын емес.

Тойдағы ең басты тамақ бешбармақ екенін белгілі. Қазақ халқының ұлттық тағамын біздің өлкеде Құрманғазының «Адай» күйімен күмбірлетіп әкеледі.

Шақыру билетіне сағат 19:00 деп жазылса да, қазақ тойға сағат кешкі 22:00 болмай келмейтіні ақиқат шығар.

Тойдың ең басты жақсы өтуі тікелей асабаға байланысты болғандықтан, асабалар әр түрлі әзіл-қалжындар мен қызықты ойындарды ұйымдастырудан алдына жан салмайды.

Әдетте, тойда өткізілетін ойындардың жеңімпаздарына орамал, галустук, ыдыс секілді кәде сыйлық беру әдетке айналған.

Қазақтың келін түсіргенде жасалатын салттың бірі беташар кезінде асаба әуездетіп беташарды орындаса, енді бірі арнайы адам жалдайды. Ақ орамалмен жабылған келіннің бетін домбырамен ашып, жақын туысқандары сыйлық береді.

Бұл әр тойда орын алатын жағдай. Тойға келген ата мен әже шамамен 30 минут көлемінде тілек айтып, көп жолдан тұратын өлең шумақтарын оқиды.

Тойда әркез Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі, Асхат Тарғымбай секілді әншілердің хит әуендері жүреді. Бұл қойылған әуенге тойда келген қауым билемей кетпейді.

Тойдың мәні мен сәнін келтіретін кішкентай жас балдырғандар өнерлерін көрсету үшін біреуі билеп, біреуі ән айтады. Ондай кезде тойға келген құрметті қонақтар қаражаттарын беруі қажет.

Той аяқталған кезде үстел үстінен тағам таба алмай қалуымыз әбден мүмкін. Себебі, қазақ халқында сарқыт деген дәстүр ешқашан ұмытылмаған емес. Тіпті, оған арнайы дорбаларын да алып келеді.

Той әбден аяқталғаннан кейін той иелері тойдың жәйін әңгіме етіп, оңаша қалып шәй ішеді. Бұл қазақтардың ертеден бері келе жатырған әдетінің бірі.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.