Атырауда ауыз ашатын 5 орын

Рамазан айы - әрбір мұсылман асыға күтетін Қасиетті ай. Ораза тұтқан кез-келген адам ауыз ашарға асығып, дәмді тағамдармен ауқаттансам дейді. Мамандардың айтуынша, оразада тұзды, майлы және ұннан жасалған тағамдарды аз мөлшерде тұтынған жөн. Осы орайда, қаламыздағы бірнеше мейрамханалар ауыз ашар тағамдарын дайындайды. Ораза ұстаған достарыңыз бен жақындарыңызды ауыз ашарға қай жерге апаруға болатынын ойлап жүрсеңіз, біз ұсынғалы отырған 5 үздік мейрамханаға міндетті түрде көз жүгіртіп өтіңіз.


 

«Шарбақ» мейрамханасы

2 жылдан бері Атырау халқына қызмет көрсетіп келетін "Шарбақ" мейрамханасы қарапайым халық үшін өте қолайлы. "Шарбақ" мейрамханасының администраторы Айгүл ханымның айтуынша, мұнда келген бір адам 700- 2500 теңге аралығында тамақтана алады. Ауыз ашар уақытта су мен құрманы тегін ұсынады. Бұл мейрамхананың  ерекшелігі қазақы сән үлгісімен жабдықталған. Әрбір орындықта қазақтың ұлттық ою өрнектері бейнеленген. Сондай-ақ, мейрамханада көрпе төселген арнайы орын да бар.

«Aspava»мейрамханасы

«Aspava» мейрамханасының тағамдары әр түрлі бағада. Мысалы: сорпа 800 тг-ден басталса, кәуәптар 11000 теңге.  Бұл мейрамханада Италияның ұлттық тағамы «пиццаны" қонақтың көз алдында дайындап береді. Мейрамхананың іші адамға ерекше көңіл-күй сыйлайтындай күлгін, ақ түстермен сәнделген.  Мейрамхана ауыз ашар уақыттта су мен құрманы тегін ұсынады.

«Берекет» мейрамханасы

Бұл мейрамхана ауыз ашарға қолайлы орындардың бірі. Тек халал тағамдарын ұсынатын түрік мейрамханасында тағамдары орташа есеппен 2000 тг ден басталады. Өзге мейрамханадан ерекшелігі, су, құрма, нан, шәй, өрік секілді тағамдарды тегін ұсынады. Қалауыңыз бойынша, жазғы террасаға отырып та тамақтана аласыз.

«Сhefs» мейрамханасы

Күні кеше ашылған бұл мейрамхана ауыз ашарға ерекше сый жасап отыр. Яғни, ораза тұтқан әр адамға 20 пайыз жеңілдік ұсынады. Қолайлысы, құрма, су, шәй тегін ұсынылады әрі тағамдары да дәмді. Іші келген қонаққа өте жайлы, сәнді етіп безендірілген.

«Sancak» мейрамханасы

«Sancak» мейрамханасы қаламыздағы ең танымал мейрамханалардың бірі. Тағамдары 2000 тг-ден 5000 тг дейінгі аралықты құрайды. Түрік мейрамханасы болғандықтан, тағамдары халал. Қарапайым халық үшін бағалары қолайлы.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.