Какой сегодня день

25 июня
  
25 июня
     День моярка

Атыраудағы 5 үздік мейрамхана

Шыны керек, той жасаймын десеңіз, қаламызда қаз-қатар тізілген мейрамханалардың қайсысын таңдарын білмей, әуре-сарсаңға түсетініміз жасырын емес. Олардың саны көп болғанымен, арасында сапасы аздары да кездеседі. Бір жағынан, тойдың жоғарғы дәрежеде өтуі де осы мейрамханаға келіп тіреледі. Ал біздің қаламыздағы сапалы мейрамханалар қандай? Бағасы қанша? Бұл сұрақтың жауабын іздеп көрген едік. Олай болса, «Атыраудағы 5 үздік мейрамхана» айдарына назар салайық.

Bellagio Ballroom

"Bellagio Ballroom" мейрамханасының ашылғанына әлі бір жылдың көлемі болмаса да, қаламыздағы аты дүркіреп тұрған мейрамханалардың қатарында қосылып үлгерді. 400 адамдық орындығы бар «Bellagio Ballroom» мейрамханасы адам санына қарай есептейді. Ал бір орынға 14 мың теңгеден келеді екен. Бір қолайлысы, бұл қаражатқа тамақ, залдың безендірілуі мен музыкалық аcпаптар да қамтылған. Мейрамхананың көлемі үлкен болғандықтан, залда лед экран орнатылған. Бұнда халық экран арқылы бір-бірін емін-еркін көре алады. Төменгі қабатында келген қонақтар үшін арнайы фуршет те қойылады. Басқа мейрамханалардан бірден бір ерекшелігі, 4 кг-дық 22 қатарлы тортты той иелеріне тегін ұсынатын көрінеді. Әрине, қалтаңызда қомақты мөлшерлі сома болса, бұл мейрамханаға той өткізуге қолайлы орын болатыны анық. Егер де тұтынушы тамақты өзім қамтамасыз етемін десе, 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаражат төлейді. Сондай-ақ, зал италияндық стильде безендірілген.

 Жерұйық

Мейрамханалардың көпшілігі әдемі болғанымен, кейде халық мінген көліктерін қоятын орынды таппай қиналып қалады. Ал сіз бұл мейрамханаға келсеңіз, көлігіңізді емін-еркін қалдыра аласыз. Бұндай қызмет түрі тек осы мейрамханада екен. "Жерұйық" мейрамханасы 420 мен 400 орындықты құрайтын 2 залдан тұрады. Жалға алу бағасы: 1 миллион. Бұның ішіне лед экран, музыкалық құрылғылар кіреді. Той басталып болған уақытқа дейін, келген қонақтар төменгі қабаттағы залда отырып, күтеді. Қожайындары тек тұрақты қойылған бағада емес, жеңілдіктерде болатындығын айтады.

 Rodem

Осыдан 3 жыл бұрын өз жұмысын бастаған "Rodem" мейрамханасын жалдау үшін 1 миллионнан астам қаражат кетеді. Егер де шақырылған қонақтарыңыздың саны 300-ден астам болса, 2000 мың теңге болады. Басқа мейрамханалардағыдай, бұл жерде лед экран қойылмаған. Зал іші кең, дизайны жақсы таңдалған. Жарты жыл сайын дизайндары өзгертіледі.

Continental Gold

Әдемі үйлестірілген безендірулерімен ерекшеленетін бұл мейрамхананың іші шағын ғана. 300 адамға арналған мейрамхананы жалдау үшін 600 000 теңге көлемінде қаражат жұмсайсыз. Бұл мөлшердегі сомаға сапалы қызмет көрсету, безендірулер кіргізіледі. "Continental Gold "мейрамханасы өзінің дәмді тағамдарымен ерекшеленеді екен.

Aru plaza

4 қабатты құрайтын келесі «Аru plaza» мейрамханасының 3 қатары 200 адамды құраса, 4 қабаты 400 орындықтан тұрады. Жалдау бағасы: 750 мың теңге шамасында. Әрине, өздерінің бекіткен жеңілдіктері де бар. Мейрамханада лед экран жоқ. Алайда, 4 үлкен телевизор орнатылған. Бір байқағанымыз, бұл мейрамханада арнайы лифттың орналасуы. Қызметкердің айтуынша, лифт үздіксіз жұмыс жасайды. Әр той өтетін күні сантехник мамандар да бірге қызмет көрсетеді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.