Какой сегодня день

17 октября

Атырауға не жетіспейді?

Аз уақыттың ішінде Атырау қаласының көркейіп келетінін байқап жүрміз. Халық үшін қолайлы орындар ашылып, биік ғимараттар да бой түзеуде. Алайда, қаламызда әлі де болса қажет ететін дүниелер қаншама?! Міне, біз осы сұрақ төңірегінде қала тұрғындарының ойларын білген едік. Ендеше, Атырауға не жетіспейді? Оны атыраулықтардың арасында жүргізілген сауалнамадан бірге білейік.


Мырзабек Аққенже, студент:

Біздің қаламыз әдемі болу үшін қаланың тазалығына көңіл бөлген жөн. Басқа өңірдегідей бізде аквапарк жоқ. Жаз мезгілінде ауылдан демалысқа қыдырып келушілер көп болады. Оның үстіне, тек ауылдан ғана келетін емес,шетелдік азаматтарда қоныстануда. Сондықтан, демалуға қолайлы парктер салынғанын қалаймын. Қаламызда «Иманғали» орталық мешітінен бөлек, тағы да үлкен мешіт салынса екен. Мәселен, Қызылорда облысында 178 мешіт болса, бізде бар жоғы 80-ге жуық мешіт бар.

Біржан Ниязов, студент:

Ең алдымен, қаламызға Алматы, Астана қаласындағыдай үлкен орталық  мешіт салынғанын қалар едім. Себебі, қазіргі таңда жастарымыз да, орта жастағы адамдар да дінге жақын болып келеді. Біздің орталық мешітке жұма намазы күндері халық сыймай жатады. Сондықтан, үлкен мешіт салынса деймін. Екіншіден,демалыс күндері қала тұрғындары демалатын қолайлы саябақ салынғанын қалаймын. Мысалы, Жайықтың жағасының өзінде кейде жарық болмай қалады. Үшіншіден, қоқысқа арналған жәшіктердің көп болып, ағаштар көбірек егілсе деймін. Үкімет жасауға міндетті деп қарап отырмай, аяқ қолы сау адам қолына күрек алып, тал егу керек. Есесіне, оның еккен талы барлық адамға пайдасын тигізеді.

Батаева Айгерім, ата-ана:

Күн жылы күндері балаларымды «Байзар» сауда орталығы мен Исатай-Махамбет алаңына апарамын. Олар жазда Жайықтың суға түскісі келеді. Бірақ, оған түсу мүмкін емес. Бір жағынан, лас болса, суға кетіп қалу қаупінен де қорқамыз. Сол үшін аква парк болғаны қолайлы. Оның ішінде балаларға арналған арнайы бассейнде болғаны жөн.

Зинуллин Архат, Атырау қаласының тұрғыны:

Атырауда жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындар жетіспейді. Неге? Себебі, мен өнер саласын жақсы көремін. Ал біз бұл саланы оқу үшін Алматы мен Астанаға барамыз. Әрине, қалтасы қалың адамдар үшін оқу қиын емес. Жағдайы жетпейтін адамдар не істемек?! Осы орайда, актер мен эстрада-вокалдық қабілетін арттыруға арналған оқу орындардың көп болу қажет.

Жансүгірова Алтынай, ата-ана:

Қала  тұрғындарына қол жетімді болатындай, сауда орталықтары болу керек. Қазір қаламызда "Байзар" мен "Ардагер" секілді сауда орталықтары бар. Десе де, бұнда киім сатып алуға кез-келген жанның қаражаты жете бермейді. Бағалары  қолжетімсіз. Бұнымен қоса, шет мемлекеттердегідей, жастар бас қосып, бағасы да қолжетімді болатындай керемет орталықтар ашылса деймін.

Гүлнар Оспанова, қала тұрғыны:

Мен өзім ашық алаңды жақсы көремін. Бізде жайық бар. Бірақ онда, сен өзіңді ыңғайлы сезіне алмайсың. Жағалауда біршама жұмыстар жүргізілуі қажет. Барған сайын ластанып бара жатырғаны дұрыс емес.

Әділхан Айдана, студент:

Мұнайлы өлкемізде дем алатын орындар жеткілікті секілді. Білмеймін, өзіме қала жыл сайын әдеміленіп келетін сияқты. Бір жаманы, талды кесіп тастағаны қалаға көрік бермей тұр. Әрине, Атырауды Алматы мен Астана секілді елестеткің келеді. Бұл мүмкін болашақтың еншісінде шығар.

Амансерікова Назгүл, қала тұрғыны:

Ойланбастан, парк деп айтамын. Себебі, қаламызда қыдырып жүруге ыңғайлы саябақтар мен жастарға арналған орталықтар, кинотеатрлар өте аз. Биік ғимараттар да қаланың көркін келтіреді.

P.S: Жүргізген сауалнамамыздың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының басым көпшілігі "Аква парк" пен  талдардың көптеп егілгенін, серуендеуге қолайлы саябақтар салынғанын жөн көреді екен. Иә, расымен осындай халыққа қажетті орындар көптеп  ашылса, қаламыз бұрынғыдан да көркейе түседі деп сенеміз.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.