Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атыраулық қыз-келіншектердің киінуі стилі бөлек

Жақында Атырауда үш күн қатарынан «POP SHOP WEEKEND» көрмесі өткен болатын. Елімізде отандық өнімді дамыту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Алматы, Астана қалаларынан дизайнерлер арнайы шақырылды. Біз сол мүмкіндікті пайдаланып, «Bэlkovna» брендтінің авторы Жанар Әділжановмен сұхбаттасқан едік.

− Жанар, дизайнерлікке қалай келдіңіз?

− Осыдан 20 жыл бұрын елімізде сәнді киім табу қиын болатын. Тіпті, сенің қалтаңда қаражатың болғанымен, киімнің дағдарысы көп орын алды. Сол үшін базардан пальтоға қажет заттарды алып, өзіме әдемі пальто тігіп алушы едім. Айналамдағы достарым «қай жерден сатып алдың?» деп қызыға қарайтын. Солай менде бірден пальтоға 15 тапсырыс келіп түсті. Осылай ақырын қадам жасап, қазір «bэlkovna» брендін қалыптастырдым.

− Бренд қашан қалыптасты?

− Негізінен, мен тігін шеберханасында қызмет етемін. Онда біз Қазақстанның әр түкпірінен түрлі тауарларды тігіп шығарамыз. Мәселен, Атырауда мұнайшыларға арнап, 200-1000 данадан астам киімге тапсырыс алған едік. Ал менің жеке брендімнің қалыптасқанына бір жылдан астам уақыт өтті. Сәуір айында ресми атын қойып, қазір жеке брендіммен жұмыстану үстіндемін.

− Брендттің атын қоярда ұзақ ойланған шығарсыз...

− Иә, шынымен де солай. Ат қою − үлкен жауапкершілікті талап ететін іс екен. Кемеңді қалай атасаң, солай жүреді демекші, ат қою өте маңызды. Ойымда бірнеше есімдер болды. «Bэlkovna» деп атаған себебім – мені «Бэлла» деп атайтын. Сондықтан, осы атқа келіп тірелдім. «Bэlkovna» деген атау адамдардың есінде тез сақталып сияқты.

− Брендің басқалардан ерекшелігі қандай?

− Біздің бренд неше түрлі стилді араластырып киюден қорықпайтын бойжеткендерге арналады. Қазір қыздар қарапайым киінгенді жақсы көреді. Ал, әлемдік сән болса, қарқынды дамуда. 15 жыл бұрынғымен салыстырғанда, әр қыз қазір өзінің стилін таба алады. Ал бізде қыздарға арналған түрлі стилді киімдер бар. Біздің ерекшелігіміз осында.

− «Pop Shop» көрмесін өткіздіңіз. Айтыңызшы, Атыраулық қыз-келіншектер қандай киімді жақсы көреді екен?

− Атыраулық қыз-келіншектер жан-жақты киініп, түрлі стилді киімдерді киінетінін байқадым. Мүмкін, киіну стилі ауа-райына немесе көңіл-күйлеріне байланысты болар. Көрмені аралауға келген келіншек келінге сай киім алса, менен пальтоларды сатып алды. Әрине, бұл жақсы. Сондықтан, атыраулық қыздар ештеңеден қорықпайды деп толық сеніммен айта аламын. Біз неге Атырауға жиі келеміз? Өйткені, басқа аймақтарға қарағанда Атыраудың қыздары жақсы киінуге тырысып, сәнге еліктейді.

− Атырауда бутигіңіз ашу ойыңызда бар ма?

− Жалпы, жоспарымда бар. Атыраудың қыздарына сапалы әрі әдемі киім кигізгіміз келеді. Қазір әлеуметтік желі дамыған ғой. Сол себепті, желіге көп мән беремін. Біз Атырауға жиі келетін болғандықтан, өзіміздің тұтынушыларымыз бізді іздеп келетін болады. Оны көрмеден де байқадық. Атырауда әлемдік бренд қалыптасқан дүкендер аз екен. Ал біз өзі тауарымызды сатсақ, оның тұтынушысы табылады.

− Сіздің ойынша, Қазақстанда Fashion индустрия қалай дамуда?

− Қазақстанда сән әлемі қарқынды даму үстінде. Жас сәнгер ретінде жоғары баға беремін. Елімізді әлемге танытып келетін мықты дизайнерлеріміз баршылық. Сонымен қатар, қазір кез-келген ару сән әлемінде қандай жаңалық болғанынан хабардар болып отырады. Бес жыл бұрынғымен салыстырғанда, қыздар көбіне қыс мезгілі таяған уақытта қоңырқай, қара секілді түстерді кисе, көктемде сәл одан ашықтауын алатын еді. Ал қазір ше? Түрлі ала түсті киімдерді де киюден еш қорықпайды. Сондықтан, біз өз идеямызды ашық айтып білдіре аламыз. Қандай киім үлгісін жасап шығарсақ та болады. Биыл сәнде болған марсала, хакки түстері де келесі жылыда сән әлемінен алыстай қоймас.

− Алдағы уақытта жоспарыңызбен бөліссеңіз?

− Астана, Ақтау, Атырау қалаларына жаңадан дүкен ашуды жоспарлап, киімдерді дайындау үстіндеміз. Онда әдемі көйлектер мен түрлі стилдегі пальтолар көптеп қойылады. Мұнымен қоса, бойжеткендеріміздің гардеробының біраз бөлігін жаңартамыз.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.