Какой сегодня день

16 августа

Бақытты әйелдің бірнеше құпиясы

Жақында қаламыздың ең әдемі қонақ үйлерінің бірі"Renesans"-та талай арудың бақытын жолықтырып, ішкі жандүниесінің тыныштықпен үйлесім табуына септігін тигізіп жүрген Құралай ханым атыраулық әйел затына өзінің өмірлік ұстанымдарын айтып, бақытты әйел болудың бірнеше құпияларымен бөлісті. Олай болса, арнайы сіздер үшін семинар-тренингте айтылған кеңестермен бөліспекшіміз.

                                                                                     Дұғаның қасиеті

Қазақ дұғаның қасиетін бұрыннан жақсы түсінген. Алайда, Кеңес одағының кезіндегі түсінік басқаша болып, біздің ойымыз сәл өзгеріп кетті. Соғыс жылдарындағы әйелдер өте мықты болған. Олар шаршау, шалдығу дегенді білген жоқ. Орақпен шөп шауып, қара жұмыс жасап, ер азаматтардың орнында жүрді. Ал қазір біз болсақ, жуған екі кесе ыдысымызды бұлдап, шаршап қаламыз. Бізде әдемі көйлек те, дастарханымызға қоятын ас та бар. Бірақ, баламыз арақ ішеді, күйеуіміз тастап кеткен. Қолымызда  екі-үш дипломымыз болса да, арқа сүйер жолдасымыз жоқ. Осының бәрі Аллаға деген сенімнің аздығымен, құлшылық жасауға уақыт бөлмейтінімізден екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. 

Адам армандай білуі керек. Және сол арманын қағаз бетіне түсіріп, көзі көретін жерге іліп қойғаны дұрыс. Жақында бір көлікке мінсем, жүргізуші қыз көлігіне  «Мен бақыттымын! Мен баймын!» деп жазып қойыпты. Шыны керек, қазақ болғандықтан осындай дүниелерді жасауға ұяламыз. Ал сіз мақсатыңызды көріп,  үнемі құлшылық жасайтын  болсаңыз армандардың орындалатына шынымен көз жеткізесіз.

Күйеу мен енені емтихан деп қарау керек

Кей қазақ қыздары біраз дүниелерден хабарсыз. Мәселен, оңтүстіктің қыздары батыстықтарға еліктеп, ашық-шашық киінеді. Мектеп жасында бойжеткендер ғаламтордан пайдасыз дүниелерді көреді. Олар осы тренингтің бір ғана бөлшегін білсе, өмірлерін 180 пайызға өзгертер еді.

Әйелдің 40 жаны бар дейді. Біз, әйелдер, мықтымыз. Себебі, барлық дүние біздің қолымызда. Біздің энергиямыз сұлу. Бар бола тұрып, ұшып кете аламыз. Мұз болып, қатып қала аламыз. Біз мұхитпыз, теңізбіз. Тек өмірімізде болып жатырған дүниелердің бәрі күйеу мен ененің кесірінін емес, өзімізден екенін түсінген кезде көзіміз ашылады. Тұнған дүниенің жап-жарық екеніне көзіміз анық жетеді. Маған көпшілігі: «сенің жолдасың мен енең жақсы адамдар. Жолың ашық» дейді. Жұмысшы адамға бастығы қандай да бір істі бітіруді бұйырса, оны соңына дейін аяқтайды. Міне, біздің тағдырымызды да осындай. Сіздің жаныңыздағы күйеуіңіз бен енеңіз сізге басшының берген жұмыстары деп қабылдаңыз. Студент кезімізде «физикадан емтихан тапсыру керек болды. Әйтпесе, келесі семестрге өтпей қаласың» дейтін. Оқудан шығып қалмас үшін қиын есептің жауабын табатынбыз. Біз өмірде кездескен қиыншылықтарға дәл солай жауап табуымыз қажет. Күйеуің де сенің емтиханың, оны лақтырып тастап, басқа біреуге тидің делік. Мұғалімі басқа болғанымен, бәрібір сол сабақ қайталана береді. Сондықтан, қиындықтардан қашпау керек. 

Депрессияны жеңу үшін...

Қазір әр әйелді алып қарасақ, бәрі депрессияда жүреді. Елімізде 40 жасқа жетпей жатып, қартайғандардың саны көп. Алпыс жасқа толып, әдемі қартайғандардың саны 30 пайыз шығар. Бұндай қартаюдың бәрі қайдан келеді? Ол біз өзімізді жақсы діңгек етіп ұстай алмауымызда. Егер өз ойымызды түзей алсақ ғана бәрі жақсы болады. Әлемдегі 22 қайырымды  адам ғана 70 мыңнан адамның жаман энергиясын ұстап тұрған деседі. Сол себепті, жаман, негативті ойларға бойымызды жеңдірмей, әркез «мен мықтымын» деуіміз керек. Пайғамбарымыздың хадисінде «Алла тағала қайырымды, мейірімді адамдармен қоса, бай адамдарды да жақсы көрген» делінген. Бұрында бай адам мектеп пен мешіт салған. Ал рухани дүниеге ми қатырмайтын кедей болса, тек тамағын ойлаған. Біз рухани өсу үшін бай болғанымыз жөн.

Психологияда қалыптасқан екі принцип бар. Олар:ара мен шыбын деп бөлінеді. Биологиялық тұрғыдан алып қарасақ, негізінен, екеуі бір жәндік. Түрі келпеті ажыратқанымен,  жаратылысы бір. Араны алып қарасақ, Алла Тағаланың ең нәзік етіп жаратқан тіршілігі гүлге келіп қонады. Гүлді алып қарасаңыз, онда махаббат барын сезесіз. Бұндай тіршілікті әлі ешбір ғалым ойлап таппады. Ара гүлден балды сорып алып, ұясына қарай ұшады. Онда тәп-тәтті балдан шыға алмай, рахат өмірді кешеді. Ал шыбын болса, лас жәндіктердің жанында жүреді. Өмір де сол секілді тәтті мен ащы нәрселерден тұрады. Екеуінің біреуін таңдау сіздің еркіңізде. Мен Атырауға сапар шегіп келейін дегенде: «құр босқа уақытыңды неге өткізесің?» деп айтқан шыбын жанды адамдар болған. Біздің айналамызда осындай азғыратын адамдар көп жүреді. Әр әйел өз мақсатынан таймай, өмірде ара секілді балды көбірек жегені жөн. Сонда депрессия деген мәселе өзімен-өзі кетіп қалады.                      

Кітап оқудың маңызы

Сіз айнаға қарап: «Мен кіммін? Менің деңгейім қандай?» деп сұрақ қойсаңыз, өз бейнеңізді көресіз. Осы сұрақты қоя отырып, мен де басқа жандар секілді көп армандаймын. Бран Трейси: Егер адам аптасына бір кітап оқымаса, ол төмендей береді» деп айтады. Шын мәнісінде, кітап оқымаған жан бұл дүниеден хабарсыз болады. Сіздің күнделікті жатын орыныңызда кітаптың тұрғаны маңызды. Ми жаңа ақпараттан хабарсыз болса, тез тоқтап қалады. Ал оны әркез кітаппен, пайдалы ақпаратпен толтырған жөн.

Мен әркез армандарымды қағаз бетіне түсіріп  жүремін. Адам армандай білуі қажет. Жолдасым екеуміз Мәскеу қаласына саяхаттап барғанда үлкен шар сатып алып, соған армандарымның тізбектеп жазып, аспанға қарай ұшырып жібердім. Бұл қылығыма жолдасым күліп, әзілдеген еді. Елге оралғаннан кейін менің армандарымның бәрі біртіндеп орындала бастады. 

 

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.